Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 12:00

Ұстаз болу – қастерлі ұғым

Атақты ақынымыз әрі «Педагогика» кітабының авторы М.Жұмабаев «Алты алаштың баласы жиналса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп ұстаздардың мәртебесін әйгілеп кеткен еді. Иә, ұстаз болу білімділік пен тәрбиелілікті, адамгершілік пен мейірімділікті, төзімділік пен туралықты, әділдік пен адалдықты, өзін-өзі күнде қамшылап отыратын талап пен жалықпай, талмай ізденгіштікті қажет ететін ерекше қастерлі ұғым. Ұстаз болу – өзгенің бақыты үшін өзіңнің алтын уақытың мен күш-жігеріңді сарп ету. Мұндағы ұстаз деген сөзді мектепте, колледждер мен университетте сабақ беретін жалпы мұғалімдермен шатыстра көрмеңіз. Өйткені, мұғалім болу – мамандық, ал ұстаз болу кез келгеннің қолы жетпес асқар шың секілді. Сол себепті сонау көне замандардан бері ұстаздардың қадірі мен қасиеті, абыройы мен беделі ешқашан төмендеген емес. Осындай ұстаз деген атқа лайықты жандардың бірі – Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалитқызы Адамова.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі Шелек ауылында ғана емес, жалпы аудан бойынша ең үздік әрі білім беру деңгейі өте жоғары мектеп. Мектеп шәкірттері жыл сайын өтетін білімділік пен өнер бәсекелерінде топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ал бітіруші түлектерінің барлығы дерлік еліміз бен шетелдердегі танымал жоғары оқу орындарының студенттері атануда. Мектептің осындай ірі жетістіктерге жетуінің кілті ең алдымен өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын білімді ұстаздардың арқасы болса керек. Осындай білікті ұстаздардың басында Гүлмира ұстаз жүретіні анық.

Кейіпкеріміздің дайындаған талай шәкірті аудандық, облыстық, респуб-ликалық шығармашылық байқаулар мен педагогикалық оқулардан, мәнерлеп оқудан, эссе жазудан, ғылыми  жобалардан тағы басқа додаларда жүлделі орындар алып, мектебі мен ауданымыздың атын шығарып жүр. Олардың қатарында Назерке Ербосынова, Гүлдана Ералы, Темірлан Біржанұлы секілді талантты шәкірттері бар. Бұл жағынан тізе берсек тізіміміздің бірталай болатыны анық. Ең бастысы, оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсуіне жолдама беретін ҰБТ пайда болғаннан бері бүгінге дейін Г.Адамованың тестке дайындаған шәкірттері жыл сайын 100% үлгерім көрсетіп, мектеп сапасын көтеруде. Және бұл дәстүрден ешқашан жаңылған емес.

Г.Адамова бүгінде талай жылғы еңбегі еленіп, төккен терінің қайтарымы мен жемісін көруде. Сондықтан жасаған істеріне орай марапаттар мен мақтаулардан кенде емес. Олардың бас-тылары 1999 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «ЮНЕСКО» (сыртқы істер министірлігінің) Шығармалар жарысында мақтау қағазымен, 2010 жылы ҚР «Білім және ғылым министрлігінің» алғыс хатымен, 2018 жылы «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталған. Г.Адамованың ие болған аудандық, облыстық, республикалық марапаттарының қатары мұнымен аяқ-талмайды. Бізде оның бәрін тізіп жазуды қаламадық. Өйткені, газетіміздің алдағы сандарында Гүлмира Қалитқызы Адамова туралы толыққанды сұхбат-мақаламызды жариялайтын боламыз. Әрқашан ұстаз деген ұлы атқа дақ түсірмей, соған сай лайықты қызмет етіп жүрген апайымыздың қызметіне табыс, отбасына береке, басына бақыт тілейміз!

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Оқылды 2063 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет