Сенбі, 04 Мамыр 2024 15:36

Қонақжайлылық – салтымыз

 Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Гранада қаласының тұрғыны, қоғам белсендісі Үміт Каналбекқызының ұйымдастыруымен  Қазақстан мен Испан мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынас пен әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді дәріптеу, мемлекеттік тілді нығайту мақсатында іс-шара өтті. 

Кешке Еуропалық деңгейдегі жобалардың аға кеңесшісі Мария Гонсалес, әкімшілік және құқық ғалымы Джусайма Перегрина,  Гранада университетінің бейнелеу өнері факультетінің  профессоры Иса де Харо, музыкалық білім профессоры Виктор Родригес дос Сантос және «Жазғы студио өнері» бағдарламасының суретшілері қатысты.

Ең алдымен испаниялық қонақтарға қазақ халқының  ұлттық аспаптары, киімдері және «Ұста Дәркембай» атындағы мұражайдың экспонаттары таныстырылды. Испандықтар қазақтың көз тоймас байлықтарымен көм-керілген көрмесіне қызыға қарады. Әжелер қонақтарға күміс білезіктерді сыйға тартты. Ары қарай іс-шара Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы  ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Қобыз бен домбыра күмбірлеп, әншілер  «Қазақ вальсі», «Қазақтай ел қайда?», «Клавелитос»,  «Поппури», «Бэссамэ мучо» әндерін орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов келген қонақтарға  алғысын білдірді.

– Қонақжайлылық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгер-шілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.  Сіздердің осынау тарихы терең қаламызға қонақ болуларыңыз – біз үшін мақтаныш.  Қазақстан мен Испания арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды. Содан бері сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылым-білім беру саласындағы ынтымастық нығайып келеді.  Біздің ауданымызға келгендеріңіз үшін алғысым шексіз.  Ел арасындағы бірлігіміз жарасып, татулығымыз арта берсін.  Сіздерді әрдайым қуана қарсы аламыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,  – деді Ертай Сұлтанәлиұлы.

  А.МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

 

Оқылды 522 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Балаларға базарлық Тұрғындар талабы тасада қалмайды »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет