Жұма, 26 Қаңтар 2024 11:10

Музей- өңір тарихы, өмір өткелдері

Еліміздің ертеңі өткен тарихымен құнды. Тарих туған жерден басталады. Әрбір азамат өзінің туған жерінің тарихын біліп өсуі ләзім. Ал сол өткен тарихты тануда музей үлкен рөл атқарады. Өйткені  музей – сол жердің өткен өмірінің естелігі. Онда туған жердің өркендеуіне үлес қосқан белсенді, танымал азаматтардың еңбегі жайлы деректер мен суреттер, ата-бабалардың тұрмыста пайдаланған көне заттары, қысқасы жәдігерлер сақталатын жер.

Музейге саяхат жасау жас жеткіншектерді ұлтжандылыққа, мәдениетке, өз елінің тарихын, табиғатын құрметтеуге тәрбиелейді. Сол өлкенің шежіре, тарихын біліп, елін, Отанын сүйіп, құрметтеуге жетелейді. Оған  мысал етіп  Шелек тарихи өлкетану музейін алуға болады.

Өткен сенбіде осы музейдің қалай құрылып, қазіргі таңда тарихи жәдігерлермен толысқан кезеңі туралы «Шелек тарихи өлкетану музейі» атты кітаптың тусаукесері өтті. Шелек мәдениет үйінде өткен бұл іс-шара алдында музейдің көрмесі ұйымдастырылып, келушілердің назарын өткен тарихқа тағы бір көз жүгіртіп, еске түсіруден басталды. Одан кейін музей туралы жаңа кітаптың тұсаукесері болып, лентасын ауыл ақсақалдары қиды. Шелек тарихы туралы бейнеролик көрсетілді.

Аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов салтанатты жиынды ашып, «Шелек тарихи өлкетану музейі» атты жаңа кітаптың авторлары Алмагүл Орынбетова мен Нұрлан Мұхаметқалиевке шапан жауып, өлке тарихын жергілікті жұрттың жете білуіне атсалысқан ерен еңбегіне алғыс айтты. Ауылдық округ әкімі Сакен Абдихалиев те авторларды құттықтап, шапан жапты.

Мінбеге көтерілген Алмагүл Абиырқызы сонау 1970 жылдары өзі Шелек аудандық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеп жүрген кезден бастап, бірінші хатшы Хұсейін Бижановтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүгізілгенін, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің арнайы қаулысымен мемлекеттік музейдің өңірлік филиалы болып 1981 жылдың 5 мамыр күні Шелек тарихи өлкетану музейі ашылғанын  әңгімелеп берді.

Шелек өңірінен келген ақсақалдар Асқарбек Рахимов, Аянбек Дауытқұлов, Сүлеймен Қораласов, Рахым Қамбаров ақ тілектерін айтып, баталарын берді. Ақсақалдарға кішілік құрметін көрсетіп, Нұрлан Мұхаметқалиев шапанын кигізіп, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы, Қазақстанның құрметті журналисі Хайролла Қасымұлы, Шелек музейінің алғашқы директоры болған ардагер Аливтина Волкова, академик, профессор Марат Тоқашбаев тарихи танымдық, маңызы бар мысалдарды өз сөздеріне арқау етті.

Жиынды қорытындылап, Нұрлан Ердәулетұлы сөз сөйлеп, бұдан бұрын да  «Шелек толғауы», «Қонақбай шежіресі» кітабын, «Шағаман батыр» мақаласын жазғанын айтып, қысқасы жергілікті журналист Анарбек Бердібаев та  Шелек өңіріндегі тарихи тұлғалар жайлы басқа да көптеген танымдық  туындылар жазуға атсалысып жүргенін тілге тиек етті.

 

А.МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 454 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет