Дүйсенбі, 29 Мамыр 2023 20:11

ӨЗІ ӨМІРДЕН ӨТСЕ ДЕ, АРТЫНДА КӨЗІ ҚАЛҒАН ӘРІПТЕС ХАҚЫНДА

Өзі кетсе де, көргенін жіпке тізгендей етіп, қолынан келген өнері қағазға жазып кеткен кәсіби қаламгерлердің қатарына жатқызамын Мұрат Нақатаевты. Марқұм Мұрат Тойғанбайұлын.

Журналист, мемлекет қызметкері М.Нақатаев Іле ауданынан қызмет орным, лауазымым ауысып Еңбекшіқазаққа келгенімде Мүкең радио хабарлар ұйымдастырушы (радиоорганизатор) болып жедел хабарлар таратушы «радиорубканың» басшысы еді. Бүгінгі ұрпақ білмесе де, ескінің көзі менің замандастарым жақсы біледі – әрбір ауданда әрбір ауыл, елді мекендерге тартылған желілер арқылы жергілікті хабарлар таратылатын еді. Әрбір үйдің төрінде немесе ас ішетін бөлмесінде шағын ғана радиотаратқыш аспап ілулі тұратын да, тәуліктің әр мезгілінде аудан тынысын таратып, қалған уақытта облыс, республика жаңалықтарын трансляциялап тұратын еді. Міне, осы керемет медиақұрылымның құлағын бұрап, «Есік қаласынан сөйлеп тұрмыз» деген биязы ғана қоңыр дауыспен көп жылдар бойы радиохабарлар таратқан Мүкең, Мұрат Нақатаевтың өткен бел-белестері де көп болды.

Қазақтың Левитаны атанған қазақ радиосының ардагері Әнуарбек Байжанбаевпен бірге орталық радиода қызмет атқарған күндерін өзіне тән қуақылық әзілмен айтып отырушы еді-ау Мұрат. Бірде Алматының автобустарының қырсығынан тікелей эфирге кешігіңкіреп келіп, «Алматыдан сөйлеп тұрмыз» деудің орнына «Сөйлеп тұрған Байжанбаев!» – деп тікелей эфирден айта салған Байжанбаев: «Е-е, не қылар дейсің? Алматыға тіл бітіріп, жаңалықтар беріп жатқан жан осы Байжанбаев емес пе?» деп Әнекең бізге жас дикторларға ірілігін, беделін көрсетіп қоюшы еді деп естелігін айтып отыратын еді, Мұрат. Мүкеңнің өзі де беделден құралақан емес еді. Демократияның шексіз «шеруі» басталған одақтан тәуелсіздікке өтер өтпелі кезеңде республикалық жоғарғы кеңес құрамына үміткерлер саны оннан асып, сол кандидаттардың бірі өзін қолдауды өтінген болатын. Қолдадық. Сайлауалды жиналыстарына қатысып, бағдарламасын газетке жариялап дегендей. Бірақ ол үміткеріміз, газет редакциясының атынан біздің келісімізсіз мыңдаған тиражбен баспаханаға бастырып, шала сауатты листовка таратып жібергенін көзі қарақты сайлаушы оқырмандар хабарлады маған. «Сайлауға аз-ақ уақыт қалды, не істеу керек?» – деп дағдарып тұрғанда радио хабарлар таратуды ұйымдастырушы Мұрат Нақатаев түсті ойыма. «Мүке осылай да осылай... газет шығып кетті, сайлау болса екі-үш күннен кейін. Мына заңсыз, сауатсыз листовка-парақтардың күшін жою сіз бен біздің ғана қолымызда» деген өтінішімді жерге тастамай, түн ішінде радиорубкасына келіп, листовка-парақшаларға терістеме (опровержение) мәтінді бірнеше рет қайталап елді құлақтандырып берді. Бұл жайттың есімнен кетпейтіні – Мүкең радиохабарлар кестесін бұза тұрып, газет редакциясын заңсыз әрекеттен құтқарып қалуы еді.

Кеңес заманында – 1970 жылы Есік қорым-қорғандарында табылған, кейіннен Алтын адам деп әлемге аян болған, сақ дәуіріндегі ханзаданың алтын киімге оранған сүйегі табылған еді.

Кеңестік заманда ашылған бұл тарихи археологиялық жәдігер-жаңалыққа одақтық орталық қатардағы оқиға деп қарап, соншама мән бере қоймаған болатын. Еліміз егемендік алып, экономикамыз әлеуметтік-мәдени салаларға, ғылымға терең де жан-жақты қарап, дамыту ісі қолға тигенде сол Есік қорымынан тауып, ханзада сүйегін, киімін реконструкция үлгісімен Алматыдағы археология музейіне қойғаннан кейін де біршама уақыт өткен еді. Міне, сол өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары газет редакциясында Есікте табылған «Алтын адамды неге Есік тұрғындары, аудан азаматтары көрмейді?» – деп сол жердегі бастаманы қолдап қана қоймай, сол ханзада мүсінін Есік қаласына келтіруге, оны жарнамалап, ғалымдардың, орта, жоғары білім орындарындағы шәкірттердің назарына салушылардың бірі – ауданымыздың тумасы марқұм Нақатаев та бар еді. Осы еңбегі үшін де редакцияның марапатталған үш қызметкерінің қатарында Мұрат Қазақстан республикасы Жүрналистер Одағының лауреаты төсбелгісін кеудесіне тақты.

Өмірінің ең бір толысқан шағында Мұрат Нақатаевты жаңадан құрылып жатқан жас тәуелсіз мемлекетіміздің құрамындағы үлкен ауданымыздың басқару органына шақырып, зейнет жасына келгенге дейін әкімдіктің сауатты да білікті маманы бола білді. Алматыдағы, өзі туып-өскен Еңбекшіқазақ ауданындағы ақпарат құралдарында жинақтаған тәжірибесінің арқасында билік органында қызмет атқара жүріп, бір сәтке де қаламын тастамай тарихи таным мақалаларын, белгілі тұлғалар туралы өмірнамалық материалдарын жариялаудан тынбады ғой Мүкең әріптесіміз. «Басшының қолы тимейді. Игорь мына орысша жазған материалдарымды өңдеп, баспаға ұсын», – деп Туранинге жүгініп, ұжымдағы жаңалықты біліп тұруға «балдызым» деп әзілдей беретін әдепті өтінішін Индира арқылы жеткізетін Мүкең төсек тартып жатқанда да шығармашылықтан қол үзбеді.

Жатқан жерің жайлы болсын, рухың пейіште шалқысын дейміз жерлес, туыс, әріптес досымыз Мұрат Тойғанбайұлы марқұмға.

Хайролла АХМЕТЖАНОВ, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы.

Оқылды 11458 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « БЛОГЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚАЖЕТ

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет