Бейсенбі, 27 Тамыз 2020 16:56

Аудандық филиал төрағасы сайланды

Жуырда Nur Otan партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының саяси кеңес бюросының кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде бір мәселе: партияның аудандық филиалы төрағасын сайлау. Отырысқа Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев, аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев қатысып отырды. Бюро жұмысын аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жүргізді.

Алғаш сөз алған Жанболат Әкебайұлы: – Өздеріңізге белгілі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлының зейнет демалысына шығуына байланысты облыстық партия филиалы төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталовтың және партияның Орталық аппаратының келісімімен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев аудандық партия филиалы төрағалығына келісім алды, – деп ұсынысын білдірді.

Айта кетейік, Қуанышбек Қашқымбаев 1962 жылы 11 маусымда дүниеге келген. 1988 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Кен-тау электр инженері», 2011 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң мамандығы бойынша қатардағы жұмысшыдан бастап, басшылық қызметтерге дейін өскен. 1994-2014 жылдар аралығында жер қатынастары, жерге орналастыру жер ресурстарын басқару саласындағы ұйымдарда әртүрлі қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі болған. 2016-2018 жылдары Алматы қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасын, 2018 жылдан осы уақытқа дейін Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Кандидаттың өмірбаянымен жан-жақты таныстырған Жанболат Жөргенбаев ұсынысын бюро мүшелері бірауыздан қолдады. Нәтижесінде, жетекші партияның аудандық филиалының төрағасы болып Қуанышбек Қалиұлы сайланды.

Қорытындысында аудандық партия филиалының төрағасы Қуанышбек Қашқымбаев: – Құрметті Жанболат Әкебайұлы және әріптестер! Алда үлкен науқан. Партияішілік праймеризді жоғары сапада ұйымдастырып, өткіземіз деген зор сенім бар. Бұл бағыт бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. саяси кеңес мүшелері өздеріңізге жүктелген міндеттеріңізді үлкен жауапкершілікпен атқарады деп сенемін. Науқанға асқан жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Болашақтағы мақсат-міндеттеріміз айқын, тек қана бірлесе таысты еңбек етейік, – деді.

Жиыннан кейін аудан әкімі, Nur Otan партиясы аудандық филиалының төрағасы бастаған топ өңіріміздегі «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын барлады.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Бюро мүшесі

Оқылды 1371 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет