Жұма, 15 Қаңтар 2021 16:31

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр болды

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр болды Сурет интернеттен алынды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин бекітілді. ҚР Президенті Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушы болып бастаған. 1996–2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникациялар вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылғы сәуірден бастап — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті. 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап — ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары. 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (1998), «Құрмет» орденімен (2006), екінші дәрежелі «Барыс» орденімен (2011), Әулие князь Мәскеулік Даниилдің үшінші деңгейлі орденімен (2010), Француз Республикасының Құрметті Легионы (2013) және Латвия Республикасының «Таным кресті» екінші деңгейлі орденімен (2013), Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші деңгейлі орденімен (2014) марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы (2011), Құрметті теміржолшы (2012), Қазақстанның құрметті құрылысшысы (2013).

Оқылды 4690 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет