Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 16:31

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Елдар Қайсарұлы Сапаров Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

САПАРОВ ЕЛДАР ҚАЙСАРҰЛЫ

1991 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика бакалавры бойынша бітірген, 2015 жылы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған, 2019 жылы PhD докторантасын аяқтады. Түркия мен Польша жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Еңбек жолын І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдарда ЖМУ-да жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы, «Алматы облысының жастар саясаты жөніндегі орталығы» КММ «Талдықорған қаласының жастары» филиалының жетекшісі, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректорының көмекшісі, проректордың тәрбие жөніндегі орынбасары, кафедра оқытушысы, «Алматы облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның атқарушы директоры, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының «Талдау және болжау орталығы» КММ басшысы болды.

2020 жылдың қазан айынан – Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы.

Оқылды 3824 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет