Бейсенбі, 25 Сәуір 2019 17:58

Мемлекеттің жаңа белесі

Мемлекеттің жаңа белесі https://www.google.com/url?sa=i&source=images&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwiL5ofGmOvhAhXF86YKHVT-A9QQjRx6BAgBEAU&url=https%3A%2F%2Finformburo.kz%2Fkaz%2Flatyn-rpn-soy-nsasy-ashan-oldanysa-ened.html&psig=AOvVaw3BivgHwiqqKokgbhA-udCI&ust=1556279891855155

Әлемдегі елдердің 80 пайызы ортақ қаріпті қолданады. Ғылым мен саясаттың тілі де осында. Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан секілді мемлекеттер латын әліпбиіне көшті. Ендігі кезек – біздің елде.Ата-бабаларымыз латын әліпбиінде талай құнды жазбалар мен әдеби кітаптарды дүниеге әкелді. Біз бұл графикаға дәл қазір келгеніміз жоқ. Бұл орайда тәжірибеміз бар екеніне тарих куә.

Көне Қытай ғұламасы Конфуций «Айтсаң – ұмытасың, көрсетсең – есімде қалады, ал өзіме жасатсаң – түсінемін» деген екен. Жалпы, шет тілін оқыту әдістемесі осындай түсініктен қалыптасқан деп ойлаймын. Латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Кейбіреулер компьютердің көмегімен барлық дүниені латын әліпбиіне көшіре салуға болатынын айтады. Менің ойымша, бұлай жеңіл жол іздеген дұрыс емес. Мазмұнды оқулықтар мен әдебиеттің барлығын 100 пайыз сауатты етіп аударып шығу қажет. Өйткені, кезінде араб әрпінде жазылған небір әдебиеттер әлі күнге дейін шаң басып жатыр. Себебі, біз оларды оқи алмай, қиналдық. Ал латын әліпбиіне көшетін болсақ, кешегі, бүгінгі рухани дүниелеріміздің бәрін сауатты қалпында аударып алсақ, кейінгі буын трагедияға ұшырамайды. Және балабақшаларда, мектептерде, жалпы оқу үрдісінде латын әріптерін жазуды үйрететін пән – каллиграфия (жазу өнері) деген сабақты енгізу қажет. Сондай-ақ, латын қарпін сауатты жазатын, оқитын мұғалімдер дайындау қажет. Осы бағыттағы жұмыстардың бәрін тез арада тиянақты атқара білсек, ұтарымыз мол болмақ.

Жасыратыны жоқ, өз басым латын әліпбиіне көшуге әлі үрке қараймын. Себебі, 70 жылдан астам уақыт бойы қазіргі әліпбиге төселіп қалған қазақ халқы үшін, латын қарпіне үйренуі оңайға соқпасы анық. Десе де, нақты шешім қабылданғаннан кейін оның жүзеге асуына көпшілік болып атсалысуға міндеттіміз. Кезінде солақай саясаттың салдарынан халықтың мәдениеті, әдебиеті, тілі жойылып кетуге шақ қалғанын тарихтан білеміз. Сондай зұлмат замандарды басынан өткерген кейбір ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбалары еліміздегі мұражайларда сақтаулы тұр. Мұндай мол мұраларды жас буынның кәдесіне жаратып, ғұмырлы ету үшін келешегі кемел латын әліпбиіне көшудің маңызы зор деп білемін. Шын мәнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан бас тартып, әлемдік өркениетке негізделген латын әліпбиіне көшу ежелгі арман болғаны даусыз.

Латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. «Латынға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Қазіргі таңда,ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдістемелік жұмыстар жүргізілуіде. Дегенмен, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейту қажет. Осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жемісін көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуде. Ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу, жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті деп ойлаймын.

 

Роза ИСАТАЕВА,

аудандық әйелдер одағының төрайымы.

Оқылды 1434 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет