Дүйсенбі, 21 Маусым 2021 09:32

Жас мүсінші

«Болар баланың бетін қақпа, белін бу» – дейді халық даналығы. Иә, қазақ халқы ерекше қабілеті бар дарынды балалардың өнерін шыңдауға аса мән берген. Сол үрдіс бүгінгі күні де игі жалғасын тауып келеді.

Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Бекжан Тұрсынғазы қыштан түрлі бұйымдар жасап, өнерімен талайды тәнті етіп жүр. Жас өнер иесі осы күнге дейін бірнеше жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсақ, республикалық Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты балалар байқауында «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша 1 орын алды.

Осы жылдың 15-21 сәуір аралығында көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша облыстық көрме байқауы өтті.  Жарысқа 20 аудан, 200 оқушы қатысты. Саздан шағын формалар жасау номинациясы бойынша Бекжан 2 орын иеленді. Бекжанның жасаған мүсіндері динозаврлар мен жабайы аңдар. Арасында табиғат көрінісі бейнеленген қыш құмыралар да бар. Сазды илеп, құмыра жасауды Алматы қаласындағы «Данияр Бабаш» шеберханасында бір айлық курсқа қатысып, жетік меңгерген Бекжанның арманы – еліміздің қолөнер саласының дамуына үлес қосу және өз ісінің шебері болу.

– Бала кезімнен ермексаздан жануарлардың мүсінін жасауды жақсы көремін. Үлкендердің менің мүсіндерімді көріп, таң қалуы мені бұл өнерге одан әрі қызықтырды. Алайда ауылда арнайы шеберханалар болмаған соң, бұл хоббиім шетте қала ма деп қорықтым, – дейді Бекжан Тұрсынғазы.

Жания АЛПЫСБАЙ

Оқылды 14675 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ши тоқу – көне кәсіп Жанеркенің өзгеше хоббиі »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет