Дүйсенбі, 29 Мамыр 2023 20:06

Әуелей берсін «ән ғұмыр»!

Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде ұстаз, сазгер Мейрамбай Бектасовтың «Ән ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті. Оған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары Ермек Самсыбеков, Қазақстанның мәдениет қайраткері Балтабай Ибраев және өнер иесінің замандастары мен достары, әріптестері, шәкірттері, аудан  тұрғындары қатысты.

Сезімтал жүрегі сазды әуенмен үндескен Мейрамбай Бектасов елуге жуық авторлық әннің жарыққа шығуына себепкер болған. Сазгер аудан мәдениетін өркендетуге зор үлес қосуда. Шығармашылық кешті ашқан аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары Ермек Самсыбеков кеш иесін құттықтап, аудан әкімі Алтай Досумбаевтың алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті. Кеш барысында журналист, ақын, Шаяхмет Құсайынұлы, ақын Кәмнұр Тәлімұлы, Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дәулет Жанботаев сынды бірқатар азаматтар өнер иесіне жылы лебіздерін білдірді.

– Мейрамбай екеумізді табыстырған шығармашылық десем, қателеспеймін. Өнер иесінің жүрегінен талай әндер жарыққа шықты. Мәдениет саласына бар ғұмырын арнаған талантты жанның қазақ руханиятына, оның ішінде саз әлеміне берер құнды қазынасы жеткілікті. Барлық өнерін халқына арнаған сазгер жеті нота арқылы жеті жұрттың жүрегіне жол тапты, – деді қаламгер Шаяхмет Құсайынұлы. Сонымен бірге ұлағатты ұстаздың шәкірттері, ауылдастары, замандастары мен достары құрмет көрсетті. Өнерпаздар Мейрамбай Бектасовтың сазды әндерінен шашу шашып, кеш қонақтарының көңілін желпіді.

Е.АСЫЛ.

 

Оқылды 3384 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет