Жұма, 28 Қазан 2022 10:27

Аналар ақ-адал үлгісін танытуда, өнегесін ұрпаққа дарытуда

Дана халқымызда «Руыңды тәрбиелегің келсе ұлыңды, ұлтыңды тәрбиелегің келсе қызыңды тәрбиеле» деген сөз бар. Осы орайда ұмыт бола бастаған аналар мектебін, салт-дәстүр қағидаттарын жаңғырту мақсатында 1 жыл бұрын Айнұр Жүгінісова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» атты Республикалық қоғамдық бірлестік құрған болатын. Аталған бірлестіктің бір отауы Еңбекшіқазақ ауданында да құрылып, салтанатты түрде лентасы қиылды. Ерекше әсерге толы шара Есік гуманитарлық экономикалық колледжінде өтті.

Айтулы кеш «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігі Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрайымы болып сайланған Базаргүл Камридинованың ұйымдастыруымен өткенін атап өткіміз келеді.

Шараның басында аталмыш бірлестіктің Алматы облысы бойынша төрайымы, «Алтын алқа» иегері Ләйле Ноғайқызына құттықтау сөз ұсынылды. Ләйле Ноғайқызы өз кезегінде:

– «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 1 жылдан енді асса да, ұлттық болмысымыздың жаңғыруына үлкен ықпалын тигізіп үлгерді деп сеніммен айта аламыз. Қазіргі таңда бұл жоба еліміздің барлық аймақтарында ерекше қолдауға ие болып, барлық өңірлерде филиалдары ашылуда, 10 мыңнан аса нәзік жандылар бірлестігіміздің мүшесі атанды. Расында қазақ қазақ болғалы аналардың атқарған өнегелі, ауқымды істері аз болған жоқ. Ұлт болып ұйысып, керегені кеңейту, ұрпақты көбейту, ұрпаққа таза тәлім, тұнық тәрбие беруде аналардың еңбегі ұшан теңіз емес пе...? Осынау қазақ аналарының тұралап қалған көшін қайта жүргізген Айнұр Жүгінісоваға зор алғыс білдіргеніміз жөн. Бұрынғының сара жолын жалғай білген аналар бүгінгі таңда да көп, айтпағым бұл бірлестік нағыз керек шағында аналарымызды қанаттандыратын, басын біріктіретін ұйым болды. Қазақтың бай дәстүрін дәріптеу, қыздарымызды салтымызға сай тәрбиелеу біздің жауапкершілігіміздегі үлкен міндет екенін түсінеміз. Аудандарыңызда орын алып жатқан қуанышты жаңалыққа ортақтасып Қаскелең, Ұзынағаш, Ақши өңірлерінен де бірлестігіміздің өкілдері келіп қатысып отырғаны бекер емес, – дей келе ауданымыздан «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестік филиалының ашылуымен құттықтап, лентасын қиды. Сонымен қатар Ләйле Ноғайқызы ауданымыздағы бірлестік мүшелері аналарымызға арнаулы сый сияпаттары мен марапаттарын табыстады. Бірлестіктің елге берер көптеген игілікті істеріне тоқталды.

Кешті жүргізген Базаргүл Камридинова:

– Біздің мақсатымыз Қазақстанның әр облысында, қалаларында, аудан-ауылдарында барынша әйел-аналарды біріктіріп, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, ділін, дінін, ұлттық киімін, ақ орамалы мен киелі кимешегін және басқа да ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, дәріптеу, ұрпағымызға аманаттау, – дей отырып ұлттық өнерді тамашалауға кезек берді.

Өз кезегінде зейнеткер, «Алтын алқа» иегері, «Алтын адам»  әжелер ансамблінің белді мүшесі Сажида Тұрғанбаева өз қолынан өрнектеп тіккен кимешек түрлерімен кеңінен таныстырды. Зейнеткер, асыл аналарымыздың бірі Баршагүл Мамырбекова анасынан қалған кимешектің сырымен бөлісті. Сонымен қатар, Гүлсім Бөлекбаева, Ұлжан Жолайова, Нұржамал Шакибаева сынды аналарымыз ұршық иіру, тоқыма тоқу, құрақ құрау секілді өнерлерін көрсетіп, өз қолдарынан шыққан туындыларын жұрт назарына ұсынды.

Қасиетті қазақы құндылықтарға бағытталған кеште қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан қазақтың салт-дәстүрлері жөнінде сұрақтар қойылып, жауабын айтқан жандарға сыйлықтар берілді. Сондай ақ мерекелі кеш барысында «Алтын адам» әжелер ансамблі және колледж студенттері қазақтың салтына негізделген көріністер қойып, әсем әндерін шырқады.

Құттықтау сөз алған ҚР жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Құсайынұлы, Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Құралай Мұратқызы аталған бірлестік мүшелеріне ерекше алғыстарын арнап, ақ тілектерін жаудырды.

Кез-келген ұлт тілімен, дәстүрімен ерекшеленетіні анық. Бұлар жоқ болса Тәуелсіздігімізге де нұқсан келері сөзсіз. ХХІ ғасырда жастар мәселесі әрбір саналы адамды толғандырмай қоймайтынын ұғынамыз. Жаһандану заманының зардабына жұтылып кетпеуге алаңдаған аналарымыздың сөзбен емес іспен кіріскен игі бастамаларына сәттілік тілейміз.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 3471 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бірлік – береке бастауы Праздник света и добра »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет