Жұма, 01 Шілде 2022 14:59

Жаңалық жаршыларына құрмет көрсетілді

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Бидаев өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдады. Аудан әкімдігінде өткен салтанатты жиында Айбек Дүйсембекұлы ардегер журналистер мен өңірдегі БАҚ құралдарының өкілдеріне Алғыс хаттар тапсырды. Жиынға ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің басшысы Салтанат Беспаева қатысып, журналистерді төл мерекемен құттықтады.

Қазір әлемдегі, тіпті еліміздегі жаңалықтар легі көз ілеспес жылдамдықпен жаңарып отырады. Бұл орайда халыққа күнделікті дұрыс, тексерілген ақпарат беретін журналистер қауымының еңбегі ерекше.

– Ауданымызда өңірлік журналистиканың бай тарихын жалғап, оның дамуына үлесін қосып жүрген білікті редакторлар, талантты тілшілер аз емес. Қазіргі журналистиканың басты талаптарының бірі – өңір  жаңалықтарын, өзекті мәселелерін оқырманына сапалы әрі жедел жеткізу. Әсіресе, ардагер журналистер ел Тәуелсіздігін нығайту мен өңіріміздің орынықты дамуына орасан зор үлес қосты. Бүгінде мемелекет басқа-ру ісіне жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан қашан да сіздердің ақыл-кеңестеріңізге мұқтажбыз. Отбасыларыңызға амандық, кәсіби шебер-ліктің арқасында шығармашылықта толағай табыстарға жете беріңіздер! – деп ақ тілегін жеткізді Айбек Бидаев.

Жиналыста ардегер журналистер өңірлік баспасөздің міндеттері мен кейбір әлеуметтік мәселер жайында ой ортақтасты. Салтанатты жиын барысында аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжановқа, «Иссык» газетінің бас редакторы Ибрагим Кубековке, «ЮиТ» газетінің бас редакторы Айгуль Габсаттароваға, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Болат Мәжитке, облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі Ерқанат Уралбаевқа, республикалық «Уйғур авази» газетінің тілшісі Рашида Рахмановаға Алғыс хаттар табысталды. Саналы ғұмырын журналистикаға арнаған ардагерлеріміз де назардан тыс қалған жоқ. Өңіріміздегі мерзімді баспасөздерде елеулі еңбек еткен Әбілбек Айтақынов, Мұрат Нақатаев, Күләш Мадиярова, Ораз Тілекеев, Аманқожа Жұмабаев сынды бірқатар ардагер журналистерге Алғыс хаттар тапсырылды.

***   ***    ***

Төртінші билік өкілдерінің төл мерекесінде журналистер қауымы «АМАНАТ» партиясының да марапатына ие болды.

«AMAHAT» партиясы аудандық  филалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев газетіміздің бас редакторының орынбасары Сардарбек Нұрадин мен тілші Игорь Туранинге, бас бухгалтер Раушан Тасыбаеваға «АМАНАТ» партиясы Алматы облыстық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы А.Кубентаевтың Алғыс хаттарын табыстады. «Еңбекшіқазақ» газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілеген Қуат Сұлтанұлы бүгінгі баспасөздің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 5414 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет