Дүйсенбі, 13 Маусым 2022 17:00

«Сақ алауын» лаулатқан түн

«Сақ алауын» лаулатқан түн mezet.kz

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Музей түні» өтті. Аудан тұрғындары асыға күтетін аталмыш түн  бүгінде өткеніміз бен өркениетімізді зерделейтін, мәні мен маңызы зор мәдени шараға айналды. Міне солай, індет кесірінен үзіліс тапқан «Музей түні» алтыншы рет алауын жағып, аңсаған жұртшылықпен қайта қауышты.

Ең әуелі, шара шымылдығын ашқан музей директоры Гүлмира Мухтарова атаулы шаранының жай-жапсарына тоқталып, оның өзіндік ерекшеліктерін тілге тиек етті:

– Біздегі «Музей түні» Қазақстан музейлері дәстүрге айналдырған мамыр айында емес, маусымда өткізіліп келеді. Бұл арқылы біз музейде өткізілетін осындай форматтағы шаралар белгілі бір мерзімге «байланып» қалмайтынын, бұл музейдің жылына бір рет, бір мезетте тарихқа, мәдениет пен музейге қызығатын үлкен аудиторияны жинауға күш салдық. Сонымен қоса, биылығы балалар жылына байланысты рухани шарамыздың бағдарлама мазмұнында жас ұрпақтың тарихи зердесін оятуға басымдық бердік. Шараның жыл сайын қызықты өтуіне атсалысып келе жатқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына, музей мен туризм саласындағы әріптестерімізге алғыс айтамын», – дей келе әрдайым музей жұмысын насихаттап, ел руханиятына үлкен үлес қосып жүрген мәдениет саласының өкілдерін, өзге де белсенді әріптестік орнатып келе жатқан мамандарды алғыс хатпен марапаттап, арнайы сый-сияпат жасады.

Қонақтар музейдің экспозициялық залдарына экскурсия жасап, тарихи жәдігерлерді тамашалаудан бастады. Балалар жылына орай «Айлин» және «Renior art» шығармашылық орталықтары «Бәрі өз қолымызда» атты шығармашылық сабақтарын өткізіліп, қылқаламдармен өрнектер бояуды үйретті. «Музей түні» аясында жастар арасында тарихтың жұмбақ тұсын табуға жол ашатын квест ойыны ойналып, жиналған балдырғандарды өзгеше әсерге бөледі. «Ұста Дәркембай атындағы қолданбалы өнер музейі» шеберлерлерінің жез бен мысқа салған алуан өрнектері, сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қ.Қ.Көдековтың «Ғасырлар толғауы» мен шәкірті Т.Қ.Калиеваның «Шамшырақ» атты көрмелері және «Aspan» баспасының кітап көрмесі көптің көзаймына айналып, алаулы түнді айрықша әсерге бөледі. Ал Байдаралы отбасы ерте көшпенділердің «Бес қару» жауынгерлік өнерін көпшілікке ұсынып, иігі шараға қадам басқандардың көкіррегінде бағзы бабалардың ерлік рухын тұтандырды. Қаракемер мәдениет үйі өнерпаздарының концерті де тамашаның көркін қыздырды. Музей аумағында қазақтың ұлттық ойындары садақ ату, арқан тарту ойындары ойналды. Сонымен қатар аталған «Музей түніне» қатысушылар шығармашылық ойындарда бақ сынап, гипстен жасалған түрлі мүсіндерді бояуға және петроглифтердің көшірмесін жасау мүмкіндігіне ие болды. Сонымдай-ақ, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсия орталығының білім алушыларының шеберлік сабақтары мен жаттығулары да көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Шараға қастысқан өнер шеберлері өз әсерлерімен бөлісіп жатты. Бұл ретте «Шамшырақ» атты көрмені ұйымдастырған мектеп оқушысы Т.Калиева: «Мен ұнда өзімнің суреттерім мен қолөнерлерімді көптің назарына ұсындым. Келген қонақтар менің өнер туындыларымды жоғары бағалап жатты. Бұл «Музей түнінен» мол рухани ләззат, зор шабыт алдым», – дейді.

Ашық аспан астында балаларға  ұлттық құндылықты дәріптейтін «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Қазақ елі» мультфильмдері көрсетілді. «Музей түні» аясындағы шараға қатысқан «Aspan» баспасының директоры Ардақ Тұрсынбай Жетісу тарихы туралы жазылған кітаптарды музей ұжымына тарту етті. Шара соңы осы түннің символикасы «Сақ алауын» жағумен аяқталды.

          Е.АСЫЛ.   

Оқылды 3957 рет

Медиа

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет