Жұма, 03 Маусым 2022 10:37

Бүгін қазақтың тұңғыш мультипликаторы Әмен Қайдаровтың туған күні

1923 жылдың 3 маусымында қазақ анимациясының негізін салушы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» картинасының режиссері Әмен Қайдаровтың туған күні. Әмен Әбжанұлы жарты ғасыр бұрын қазақ мультипликациясын әлемге танытты.

Бәрімізге белгілі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі 1967 жылы Қайдаровтың халық ертегісі негізінде салған суреті бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында жасалды. 1968 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде, 1975 жылы Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық фильмдер фестивалінде жүлделер алды. Туынды 48 елдің экранында көрсетілді.

Анимациялық фильмдер көбінесе балаларға арналғанымен, "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" картинасы кез келген жастағы көрерменге ой салады. Онда қарлығаштың адам өмірін қорғап қалғаны баяндалады. Мультфильмнің негізгі ойын соңындағы "Қатерсіз күрес қайда бар?!" деген сөз аңғартады. Нәзік, талдырмаш болмысына қарамастан қарлығаштың алдына жан салмай масаның соңынан тұра ұмтылуы, айдаһардан сескенбейтін кішкене ғана құстың ержүрек мінезі адамның бойында болуға тиіс батылдықты, тәуекелшілдікті меңзейді. "Зұлымдыққа қаны қас" деп сипатталуы да қарлығаштың құндылықтарын адамға үлгі-насихат ететіндей.

Идея авторы мультфильмде айдаһар сынды тойымсыз, қаһарлы кейіпкер арқылы ашкөз адамдарды суреттеп, жағымпаз, жамандық атаулыға үйір маса бейнесімен "жұмсақ жемтікке" ұмтылғыштарды сынға алады. Ал масаның нәресте қаны құйылған құтыны құлатып алып, ондағы қанның гүлге айналып кету сәті "бала – өмір гүлі, тіршіліктің мәні мен сәні" деген ойды білдіреді. Бұл – Әмен Қайдаровтың ұтымды режиссерлық шешімі.

Осындай берері мол, тағылымы мен тәрбиесі ұшан-теңіз картина әр уақытта "Қазақмультфильм" қоржынындағы бірегей, жауһар туынды болып қала бермек.

 Анель Аянқызы.

 

Оқылды 2406 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет