Дүйсенбі, 22 Қараша 2021 10:36

Әнім саған, туған ел!

Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі...  Ұлттық салт-дәстүрлеріміз –  тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс»  деген еді. Ия, туған жер – әрбір түлек үшін қастерлі де қасиетті ұғым.  Шыр етіп өмірге келген, бағып-қаққан ұядан, болашақ бағыт-бағдарын анық тапқан қияға самғап, алыс кетсе де, аңсары туған жерге ауып тұратыны хақ. Жақында  еліміздегі өнер саласының саңлағы Даңлыбаева Жазгүл Ниязқызы өзінің кіндік қаны тамған Сарыбұлақ ауылына зор қуаныш сыйлап, «Әнім саған, туған ел» атты шығармашылық  кешін тарту етті.

Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Жазгүл Ниязқызы алғашында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оркестрінде, кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиясының әншісі болып өнердегі қызметін шыңдай түсті. Арасында 4 жылдай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Дәстүрлі музыкалық өнер және білім» кафедрасының оқытушысы болып, шәкірттерге дәріс берді. 2011 жылы Пекин «Қазақстан» телеарнасының «Сегіз қырлы» тележобасының финалисі атанды. 2012 жылы Астана күндері аясында Анкара қаласына гастрольдік сапарға шықса, 2014 жылы Астана қаласының Конгресс-холл сарайында «Арман-ай!» атты жеке концертін өткізді.

Жазгүлдің жеке жетістіктеріне тоқталсақ: 1998 жылы Президенттік стипендия иегері, 2000 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің, келесі жылы Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың, 2002 жылы Кенен Әзірбаев атындағы республикалық конурстың лауреаты атанды. Қазір Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұстазы.

«О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен!

Сағынышты қанат қып саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау!

Менің мынау өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталған-ау!» деп ақын жырлағандай, ауылын аңсап келіп, ән шырқап, ауылдастарымен қауышып, сағынышын тарқатты.

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» деп бекер айтылмаса керек-ті. Жазгүлдің кішкентай кезінен-ақ музыкаға, әсіресе домбырамен ән салуға бейімділігі анасы Бітай Қонақбаеваның ақ сүтінен дарыған. Осы нағашы жағынан дарыған өнер Жазгүлді биіктерге көтерді. Бітай Кеген халық театрында  қызмет атқарған. 1986 жылы республикалық термешілер байқауында екінші орынды иеленген. Қазір ауылда әжелер ансамблінің мүшесі, еліне еңбегі сіңген әнші, тәлімгер.

Ән кешінде Жазгүл Даңлыбаева Сүйінбай, Жамбыл жырларын төкпеледі. Жетісудың жампоз ақын-серілерінің әндерін шырқап, көрермендердің көңілін тебірентті. Сондай-ақ, Жазгүлдің нағашы әпкелері Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің ұстазы, дәстүрлі әнші, күйші Дүйсехан Қонақбаева, Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Сәрсехан Қонақбаева және әпкесінің ізін жалғастырушы Жания Ниязқызы да өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Ал, Жалаңаш мәдениет үйінің директоры, Жазгүлдің анасының қызметтес әріптесі Бақытжан Құсайынов баянын бабына келтіріп, Бітай Қонақбаева екеуі тамылжыта ән шырқап, қошеметке бөленді. Темірден түйін түйген алтын қолды азамат, ауылдың суырып салма ақыны Медетақын Кәдірбай Жазгүлге арнау өлеңін оқыды.

Жазгүлдің ата-анасына, әкесі Нияздың сыныптасы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылының тумасы Тұрғанбек Сауданбеков шапан жауып, әншіге арнау өлеңін тарту етті. Қайта жаңғырған бұрынғы клубтың ішін ән мен күйге бөлеген Жазгүл Ниязқызына ауылдық мәдениет үйінің директоры Қарлығаш Қосалиева, ауыл тұрғындары, ұстаздары алғыстарын айтып, құшағын гүлге толтырды. Сондай-ақ Қаражота ауылдық округінің әкімі Ерік Рақымбаев кеш иесі мен қонақтарды мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапаттап, шығармашылық табыс тіледі. Карантинде сыртқа шықпай, өнерге шөліркеп қалған ауыл тұрғындары өздеріне арналған ән кешінен көңілдері марқайып, дән риза болып тарасты.

 

Емелхан ҚАЙЫПОВА,

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 4533 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет