Жұма, 05 Ақпан 2021 14:43

«Егемен елімнің ертеңімін»

«Егемен елімнің ертеңімін» mezet.kz

Қаракемер ауылдық мәдениет үйінде ақын Арайлым Мамырбекқызының тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен елімнің ертеңімін» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Кеш балалар шығармашылығына арналып, тікелей көрсетілімде өтті.

Кештің шымылдығын, ақын, сазгер: «Карантин кезінде балаларымыз сахнаны жатырқап қалмасын, әлі де алда болатын байқауларға қатыссын деген ниетпен балаларға осындай бір кеш ұйымдастырып отырмыз» – деп алғы сөзімен ашты.

Мерекелік бағдарламаның ерекшелігі – сазгердің өз шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу ғана емес, сонымен қоса өткен 2020 жылғы атаулы күндерді де шет қалдырмай ұлықтап өту. Атап айтсақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш» атты туындысына ән жаздырған. Ал сахнада осы туындыны оның шәкірті Мерей Амангелдіқызы көрермен назарына ұсынды. Дина Нұрпейі-сованың 160 жылдығына орай, мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Ұлан Қали шәкірттер құрамымен «Тойбастар» күйін шертті. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнайы «Үш бақытым» өлеңіне жазылған Арайлым Мамырбекқызының әнін сахна төрінде республикалық және облыстық ән байқауларының лау-реаты Ханшайым Байбосынова орындады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Қаракемер балалар театрының директоры Жарқын Барақбаев «Тәуелсіздік жасасын» атты әнін шырқады. Жергілікті  «АРТ» би тобы қонақкәде ретінде көрермен назарына «Арулар» биін, ал «Қаракемер» триосы Сабыр Қалелұлының сөзіне жазылған Арайлым Мамырбекқызының «Қаракемер гимні» әнін орындады. «Талдыбұлақ» вокалдық тобы да өз өнерлерін сахна төрінде көрсетіп, көрермендерді  тәнті етті.

Кеш соңында Арайлым Мамырбекқызы қатысушы балалар мен көрермендерге өз алғысын білдіріп, өнер көрсеткен әр қатысушыға алғыс хат табыстады.

Айта кетсек, 2017 жылы Арайлым Мамырбекқызының жеке шығармашылық есеп беру кеші өткен. Әншілікте танылып жүрген өнер иесін халық ұстаздық, ақындық, сазгерлік қырларынан таныды және алғашқы жыр жинағының тұсауы да кесілді.

 

Маржан АҒЫБАЙ,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Журналистика» кафедрасының 4-курс студенті.

Оқылды 8147 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қарақатты қолдайық! Үздіктер марапатталды »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет