Бейсенбі, 18 Сәуір 2024 15:48

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округі әкіміне үміткер ҚАСЫМШАЛОВ Дулат Сарсенбекұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2015 жылы Ақши ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастадым. Кейіннен Бәйтерек, Ават ауылдық округтерінің әкімдіктерінде бас маман, Еңбекшіқазақ аудандық персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінде бас маман қызметтерін атқардым. 2020 жылы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2021 жылдан ағымдағы жылдың қаңтарына дейін Еңбекшіқазақ аудандық ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметінде болдым. Бүгінгі таңда аудан әкімінің бас инспекторымын.

  

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары!

 

Малыбай ауылдық округінің барлық профильдік бағыттары бойынша әлеуметтік экономикалық дамуы, гүлденуі және де ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында, жерлестерімнің алдында олардың  бүгінгі жағдайы мен болашағына өзімнің зор жауапкершілігімді терең сезіне отырып, төмендегі сайлау алдындағы бағдарламамды ұсынамын.

 

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі  бағыттары:

– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысуды басшылыққа алуды;

– Ауылдық округтегі елді мекендерді  көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, кішігірім архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды;

– Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылдық округтегі елді мекендер бойынша өркендетудің құралы – мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруды;

– Ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беруге, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөле отырып, заманауи технологиялармен жабдықтауға, әскери-патриоттық клуб ашуға ықпал жасауды;

– Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;

– Көпұлтты округ аумағындағы саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтауды, ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды, олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруды;

– Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалда-рының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.

 

Осы бағдарламамды жүзеге асыру барысында іс-әрекеттерімді Қазақстанның – 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен тапсырмаларға бағыттаймын.

Малыбай ауылдық округінің әр саладағы мүмкіндіктерін ескерсек, бағдарламамда көзделген міндеттердің, аудан басшылығының қолдауымен және округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлердің халыққа адал қызмет көрсетуінің нәтижесінде орындалатынына сенімдімін. Ол үшін барлық күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын.

 

 

 

Оқылды 316 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет