Дүйсенбі, 12 Шілде 2021 17:16

Құрылыс материалдары 15%-ға арзандайды

Жақын күнде елімізде құрылыс материалдарының бағасы 15%-ға арзандауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Қ. Өскенбаев: «Құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуін төмендету мақсатында «Маркетплейс» атты арнайы ақпараттық алаң құру көзделіп отыр. Яғни, отандық құрылыс материалдарын онлайн сату алаңы. Мемлекеттің қолдауымен құрылыс материалдарын сатуға арналған онлайн сауда алаңы белгіленген бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бағаның 15 пайызға арзандауына және құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс материалдарын өндірушілер мен құрылыс компанияларына арналған www.stroimaterial.kz сайты іске қосылды.

«Аталған сайт - «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бірінші жоба, ал енді қолға алынған «Маркетплейс» соның жалғасы, екінші кезең деуге болады. Бұл онлайн сауда алаңында өндірушілер өз өнімдерін ұсына алады. Онда барлық процесс онлайн түрде жүргізіледі, яғни келісімшарттар ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) көмегімен жасалады. Сондай-ақ, логистикалық компаниялардың тауарды жеткізуін бақылайтын арнайы функция іске қосылатын болады», - дейді ол.

 

Оқылды 1897 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет