Бейсенбі, 02 Ақпан 2023 12:05

Халқыңа әділ бол!

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би:

– Бата басқа, қына тасқа, ақыл жасқа, не қалайсың, балам? – деп сұрапты.

Сонда бала Жетес:

– О, қасиетті баба! Ат берсеңіз, өліп қалады. Тон берсеңіз, тозып қалады. Ат пен тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз, соған ризамын! - депті.

– Онда қолыңды жай, балам, – деген Төле би:

 

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала!

Өзегің талса, өзен бойын жағала.

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Өзіңе өзің кәміл бол!

Халқыңа әділ бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол! – деп батасын беріпті.

Оқылды 2067 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет