Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 14:37

Тәуелсіздік – тәлейім

Еуразия материгінің кіндігінен орын алған, керегесі кең, шаңырағы биік қазақ елін жырламаған жыршы, жазбаған жазушы, әніне қосып әуелетпеген әнші қалмағаны сөзсіз. Ғасырлар қойнауында жатқан тарихы мен мәдениеті, тұрмыс-салт ерекшеліктері ешкімді де бей-жай қалдырған емес. Көз жауыңды алатын көркем табиғаты, асқар тау, кең дала, момын халқы бәрі-бәрі тамсандырып, таңырқатып еріксіз бақыт құшағына еліте береді.

 

Осындай қасиетті елде туып, жерін басып, шұрайлы тілін үйреніп, киелі халықтың бір буын ұрпағы болып дүниеге келіп, жарық дүниенің шапағатына бөленгенім үшін Аллаға ризашылығымды айтамын, ата-анама мәңгілік қарыздармын. Осы құндылықтарды құрметтеуге әрі мақтануға шақырамын.

Өз басым тарих және қазақ әдебиеті пәнін қызығып оқимын. Онда елімді жұдырықтай жұмылдырған хандарға, қара қылды қақ жарған билерге, айбатынан жау шегінген батырларға, елінің қамын бір кісідей ойлаған біртуар азаматтарға қарап сүйсінемін.

Халқымның өткенін екшей келе, кемел келешегім турасында да ойланатыным бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында көп ұлтты мемлекет атандық. Көк туымызды биік ұстап, дамыған озық отыз мемлекеттің қатарына аяқ бастық. Алла ниетіне берген. Мен де елімнің өркендеп өсуіне өз үлесімді қосқым келеді. Еліме амандық, жеріме тыныштық тілей отырып осынау құндылықты құлатып алмайық деген ізгі тілекпен өз өлеңімді ұсындым.

Батырлары бар бүгін қазағымның,

Біріне де мойымас азабыңның.

Қолына қару алып аласұрар,

Аруы да азулы Алашымның.

Мен қазақпын, туылдым осы өлкеде,

Самайымнан сипайды ескен жел де.

Тамылжып табиғаты дем береді,

Табанымнан тірейді бөстек жер де.

 

Айым Тоқтасын, Масақ орта

мектебінің оқушысы.

Оқылды 2482 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Азаттық таңы атты аңсаған Тәуелсіздік – тәлейім »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет