Дүйсенбі, 06 Желтоқсан 2021 12:04

Мұқағали өлеңдері жатқа оқылды

Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мұқағали Мақатаев өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә. Қазақтың ақиық ақыны – Мұқағали:

«Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі болып қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек» – деп жырлаған екен.  Небәрі қырық бес жылдық қысқа ғұмырында артына өшпестей із қалдырған ақиық ақынның өлеңдерін бүгінгі ұрпақ сүйіп оқып,  жатқа айтып жүр.

Жуырда Шелек мәдениет үйінде Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы, «Jas Otan» жастар қанаты аудандық филиа-лының ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Әр өлеңі – бір әлем» атты жастар арасында сазды поэзия кеші өтті. Ақынды еске алу, әрі өлең құдіреті арқылы қазақ тілінің мәдениетін көтеру, рухани құндылықты қастерлеуге баулу, отансүйгіштік патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткен бұл кешке Қаракемер, Қаратұрық, Көктөбе, Бартоғай, Сөгеті, Шелек ауылдық округтерінің өнерлі жастары қатысып, өзара бақ сынасты.

Ақынның өлеңдері мен поэмаларын бейне қойылыммен көрсету арқылы өнерлерін көрсеткен жас талапкерлердің талабын бағалаған әділ қазылар алқасының ұйғарымымен Қаратұрық округінен келген екі топтың бірі Тауқаратұрық ауылының жастары бірінші, Сөгеті ауылдық округі екінші, Шелек үшінші орынды иемденіп, арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Оқылды 2307 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Байқау: Тәуелсіздік жүрегімде Жас ақындар мүшайрасы »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет