Сәрсенбі, 28 Сәуір 2021 15:50

Абайдың өнегелі өмірі жақсылыққа тәрбиелейді

Абайдың өнегелі өмірі жақсылыққа тәрбиелейді Сурет интернеттен алынды

Күні кеше ғана Қазақстан халқы Абайдың 175 жылдығын атап өтті. Заманнан оқ бойы озып туған Абайдың шығармалары «Өлең сөздің құдіретіне» айналғанын бүгінде дәлелдеп жатудың өзі артық. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған ұлы Жәкең: «Абай ақын емес, ол ғұлама» депті.

Шынында да, Абай – теңдесі жоқ ғұлама. Ал ақындық өнер ғұламалығының бір қыры ғана. Кемеңгер жанның поэзиясы әдебиетке ғана қатысты емес, ол – түрлі тақырыптағы тәрбиенің құралы.

Мен сынып жетекшісі ретінде, Абайдың өнегелі өмірі, табиғат лирикалары, достық жайлы, еңбекке баулу, мамандық таңдау жайлы өткізген тәрбие сағаттарымда, ақынның шығармашылығы арқылы оқушыларымның бойында ізгілік пен адалдықты, шыншыл, талапты болуға, достыққа, патриотизмге үндеуде, жастарды білімге, еңбекке шақыруда таптырмас құрал болатындығын көріп жүрмін.

Поэзияның шебері болған Абай данамыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған 8 мың өлең жолы мен 45 қарасөзіндегі маржанды теріп алып, оқушы бойына сіңіру, тұлғалы азаматты қалыптастыру тәрбиенің еншісінде, оны жүргізу сынып жетекшісінің қолында.

Абай – өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өлеңдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Қарасөздерінде Абай бейне бір оқушысымен әңгімелесіп отырғандай, ол өзіне-өзі сұрақ қойып, нақтылы жауап береді. Бұл пікірлесу, конференция, семинар, дөңгелек үстел секілді тәрбие жұмыстарын жүргізгенде, ұтымды әдіс болмақ.

Қазақ мақалдарын сынай отырып, Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыратын қылықтардан жирендіруді мақсат етеді. Жақсы мен жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады. Немесе «Жетінші», «Отыз бірінші» сөздерінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғайды.  «Жетінші» сөзінде Абай айтып отырған «жан құмары» және «тән құмары» сөздеріне тереңірек үңілейік. Жан құмары рухани қажеттілікті білдірсе, тән құмары – табиғи қажеттілік, тән құмары хайуанда да болады. Ал адамды адам етіп қалыптастыратын – жан құмарлығы. Яғни Абай адам қуатымен ақыл, ғылым, білім жинауына деген көзқарасын ұсынады. Ол –адам өмірінің мәні – ғылым мен білімге жету.

Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген адамгершілік мәселелері де терең, дәлелді пікірлермен берілген. Абайдың қарасөздері арқылы адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой-пікірлерінің бірі – еңбек тақырыбы. Ғұлама халқының етектен тартып отырған қылықтарын тайға таңба басқандай айта отырып, халқының бетін жақсылыққа, адалдыққа бұрады.

Абайдың қарасөздеріндегі ғибратты ойларды оқушы бойына сіңіру – кәделі іс. Сондықтан да сынып жетекшісінің алдындағы міндет – ойшылдың  қарасөздеріндегі, насихат сөздеріндегі тағылымдарын оқушыға зерделетіп, өз өмірінде кәдеге жарата алуға тәрбиелеу болмақ.

Тұрсынай Жолдасова,

Қырбалтабай ауылы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мұғалімі

Оқылды 3777 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет