Жұма, 26 Ақпан 2021 12:03

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы жоғары деңгейде өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек К шербаевтың т рағалығымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және ткізу ж ніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы тті, деп хабарлады Akorda.kz.

Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шаралардың жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету үшін «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» арнайы Жарлық қабылдағаны белгілі. Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы ұлы жырау, дала Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың рухани мұралары əлемдік мəдениеттің алтын қорына енгенін атап өтті. Жамбыл Жабаев өзінің ғибратты ғұмырында адами қасиеттерді ардақтауды, Отанға деген іңкəрлікті жəне қарақылды қақ жарған əділеттілікті жырына арқау етіп өтті. Бүгінгі таңда оның шығармашылығы қоғамның рухани жаңғыруы жолында ерекше өзекті болып отыр. Қ.Көшербаев былтыр ұлы Абайдың 175 жылдық жəне Əл-Фара бидің 1150 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде лайықты атап өтілгеніне тоқталып, ұлы жыраудың мерейтойы да ұрпақтың санасына ұлағат болар тағылымдық жəне танымдық іс-шаралар арқылы жалғасатынын айтты. Отырыс барысында Мəдениет жəне спорт министрі А.Райымқұлованың, Алматы жəне Жамбыл облыстарының əкімдері А.Баталов пен Б.Сапарбаевтың, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұ.Есдəулеттің Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аясында өткізуге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпараттары тыңдалды. Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарын мақұлдап, бекітті. Мерейтойлық жыл ішінде республика бойынша 500-ге жуық əлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шара өткізіледі. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен əдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын əзірлеу жəне басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр. Мемлекеттік хатшы Үкіметке жалпыреспубликалық жоспардың сапалы орындалуын жəне мерейтойлық іс-шаралардың ақпараттық тұрғыдан жан-жақты сүйемелденуін қамтамасыз етуді тапсырды. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қала ларының əкімдеріне Жамбыл Жабаевтың мерейтойын мерекелеу жөніндегі өңірлік жоспарларды əзірлеп, бекітуді жəне олардың орындалуын қадағалауды міндеттеді.

Оқылды 1276 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет