Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 08:58

Күрес саңлағына құрмет

Жуырда Есік қаласындағы Спорт сарайында ҚР спорт ардагері Саматов Аманбек Фазылұлы атындағы грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.

Аманбек Саматов 1967-1971 жылдары Алматы қаласында Дене шынықтыру институтының күрес бөлімін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң туып өскен жері ШҚО Аягөз ауданындағы Сергеополь орта мектебінде 1979 жылға дейін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен ұстаздық етеді. Сонымен қатар, классикалық және қазақша күрестен облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрген. 1987 жылы Есік қаласына қоныс аударып, спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы, «Спорт және туризм» бөлімінің басшысы, Есік қаласы әкімінің міндетін атқарушы, Көктөбе селолық округінің әкімі болып ел үшін аянбай қызметтер атқарады. Спорттан бір сәтке алыстамай ірі жарыстарда төреші болған Аманбек Саматовтың баптаған шәкірттерінің көбі спорттың биік шыңдарын бағындырған майталмандарға айналды. Аудандық спорт бөлімінде қызмет істеп жүрген шағында ағамыздың ұлттық спорт түрлерін дамытуға өлшеусіз еңбегі сіңді. Сол шақта ұлттық спортымыз қарқынды дамып, ауданымыздағы бәйге аттары облыстық, республикалық жарыстардан орын ала бастады. Бұл жерде Аманбек Фазылұлының қомақты үлесі көрініп тұратын.  Саламатты өмір салтына бар ғұмырын арнаған ел ағасы бүгінде 68 жаста, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің қызығына кенеліп жүрген зейнеткер. ҚР спорт ардагері атанған ердің ерен еңбектері еленіп жүр. Ел ішінде зор беделге ие ағамызға арналған турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде.

Ауқымды жарыстың ашылуында сөз алған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, спорт ардагерлері Серік Бейсенбеков, Айдархан Сүлейменханов, Болатжан Теңізбаев, Мұратбек Қасымханов, Улияс Анаятов секілді азаматтар Аманбек Саматовқа құттықтау лебіздерін жеткізді.  Спорт шеберінің өнегелі өмірінен сыр шертіп, ел үшін, спорт үшін атқарған орасан зор еңбектерін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Грек-рим күресінен бозкілемде белдескен бала балуандардың тыңғылықты дайындықпен келгендері байқалды. Сайыс аса тартысты өтті, көптеген әдемі әдістер мен көріністердің куәсі болдық. Жас спортшылардың жеңіске деген құлшыныстары, жігер-намыстары спорт ардагерлері мен көрермендердің айызын қандырды.  Аталмыш додада Есік, Гүлдала, Достық, Талғар, Аягөз, Жамбыл, Алматы, Қапшағай өңірлерінен келген балуандар бақтарын сынады. Турнир 3 күнге созылды, бірінші күнінде 30, 36, 42, 47, 54, 63, кг салмақтарындағы үздіктер анықталды. Екінші, үшінші күндері командалық жарыспен күрес бәсекесі қыза түсті. Командалық есепте І орынды Жамбыл командасы еншілесе, ІІ орынды алматылықтар алды, ІІІ орынға талғарлықтар жайғасты және үздік төрттікке Есік командасы енді.

Жүлдеге ие болған спортшылардың барлығына медаль, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтар табысталды.

Сайыс соңында Аманбек Фазылұлы жарысты ұйымдастырушыларға, сонымен қатар демеушілер «Альтаир» ӨК директоры Сейітхан Қырқынбаев пен жеке кәсіпкер Али Арсамаковқа, жас спортшыларға алғысын білдіріп, ақ тілегін ақтарды.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1973 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Күрес саңлағына құрмет Күрес саңлағына құрмет »

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет