Дүйсенбі, 19 Маусым 2023 10:23

Еркін күрестен өңіраралық турнир өтті

Азат орта мектебінде аталған ауылдың 100 жылдығына орай елді мекен жастарының ұйымдастыруымен еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында өңіраралық турнир өтті.

Аталған турнирдің ашылу салтанатына Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Олег Ушанов, еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков, республикалық ұйғыр этномәдени орталығының басшысы Долқунтай Абдухалил, Рахат ауылдық округінің  әкімі Қайсар Богусбаев пен спортшылар қатысты.

Турнирге екі жүздей кіші жасөспірімдер санаты бойынша облыс аймақтарынан келген балалар қатысты.

– Спорт – ел мерейін асырып, абыройын асқақ етер сала. Саламатты өмір салтын ұстану – рухтың күштілігі, ұлт денсаулығының берік кепілі. Бүгінгі Азат ауылының 100 жылдық мерейтойына арналған турнирге еліміздің әр өңірінен бақ сынауға келген барша балуандарға сәттілік тілеймін, – деді округ әкімі Қайсар Богусбаев.

Әр аймақтың мықтылары жиналған боз кілемдегі белдесуде ауданның балғын балуандары да намысты қолдан бермеуге тырысты.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте I орынды Қарасай ауданы, II орынды Алматы қаласы иеленді. Ал ауданымыздың командасы үздік үштікті түйіндеді. Жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды.

– Осындай спорт түрлері көрермендерге көптеп жол тартса, ауданымыздың спорт саласында жасындай жарқылдаған жас балуандардың ұлттық құрама сапында бой көрсетіп, қарасы қалыңдай түсетініне сенім білдіремін. Өйткені әлемдік деңгейдегі жарыстарда шыңдалатын  болады, – дейді олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1810 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет