Бейсенбі, 18 Мамыр 2023 20:07

Алматы облысында Ұлттық спорт жоғары деңгейде ұлықталып келеді

Биыл Алматы облысында Ұлттық спорт түрлерін дамытуға бюджеттен 400 млн-нан аса қаражат бөлінген. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді.

Облыста Ұлттық спорт түрлерінен 774 секция  бар. Оларда 39 291 адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл өңірдегі жалпы саламатты өмір салтын ұстанушы халық санының 7,3 %. Ұлттық спортты кәсіби түрде дамытумен Қарасай ауданындағы ат спорты мектебі мен Талғардағы дирекция айналысады. Аталған мекемелерде 1600 спортшы бар. Оларда 45 жаттықтырушы жұмыс жасайды.

«Нарынқолдан бастап барлық аудан-қалада филиалдар бар. Олар аударыспақ, жекпе-жек, көкпар спорт түрлерінен арнайы бапкерлер балаларды жаттықтырып жұмыс жасайды», - дейді спикер.

Қазіргі таңда өңірде теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ, садақ ату сынды ойындарды насихаттау басты назарда. Ол үшін әр аудан-қалада спорт мектебінің филиалдары жұмыс істейді. Мекемелер қажетті материалдық базамен, сонымен қатар жаттықтырушылармен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы облыста Ұлттық спорт түрлерінен 2 халықаралық, 15 республикалық, 45 облыстық, 135 аудан, қалалық іс-шаралар ұйымдастырылды. 2023 жылдың I-тоқсанында 1 республикалық, 11 облыстық, 23 аудан, қалалық жарыстар өтті. Алматы облысында өтетін «Сонар», «Жетісу Жүйрігі», Жеңіс күніне арналаған спорттық жарыстар сынды ірі турнирлер республика көлеміндегі дәстүрлі мерекеге айналған. Биыл да алға қойған жоспар жетерлік.

Ұлттық спорт түрлерінен Алматы облысы спортшылары әлемдік аренада өңір атын қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Әсіресе, көкпар, аралас жекпе-жек, садақ атудан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Бүгінде спортшылар келер жылы Елордада өтетін «Көшпенділер» ойындарына қызу дайындық үстінде.

Оқылды 921 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет