Бейсенбі, 20 Қазан 2022 09:44

Чемпионмен жүздесу

Ават ауылындағы мәдениет үйінде  бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермахан Ибраимовпен кездесу өтті. Жиынға ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, округ әкімі Тимур Сүлейменов,  ауыл белсенділері  мен мектеп оқушылары  қатысты. «Туған елдің жалауын жат жерде желбіретіп жүрген азаматтар жоқ емес. Әсіресе, спорт саласындағы былғары қолғап иелерінің еңбегі ерекше. Оның талай чемпиондарды дайындауда аянбай тер төгіп жүргені де үлгі боларлықтай іс», - деп Ерболат  Сарабеков  келген қонаққа сөз кезегін берді.

Бір сағатқа созылған сұхбат барысында мектеп оқушылары тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

– Спортқа ең алғаш 10 жасымда аяқ бастым. Сол кездері Жақсылық Үшкемпіров пен Серік Қонақбаевты үлгі тұттым. Ең үлкен жетістігім, ол – Сидней олимпиадасындағы жүлде. – деп әңгімесін бастады боксшы. Ол Кеңес дәуірі тұсындағы бокс пен бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның боксын салыстырып, елімізде жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Ермахан ағамыз Қазақ боксының керемет жұлдызы болған Бекзат Саттарханов туралы тебірене сөз қозғап, жастарға үлгі боларлық тұстарын атап өтті.

– Бекзат Саттарханов – тек қана Қазақстан боксының емес, әлемдiк бокстың эталонын көрсеткен боксшы. Керемет техникасы, керемет еңбекқорлығымен қатар, керемет намысты жiгiт едi ғой. Әттең, жұлдыздай жарқ еттi де, ортамыздан кете барды. 20 жасында биік белесті бағындырып, Қазақстанның ғана емес, бірден Олимпиада чемпионы атанған Бекзаттың бойындағы намыс пен қайрат әрбір қазақ жастарының бойында болуы тиіс деп ойлаймын, – деді.

Кездесу соңында жиналған жастар  бүгінгінің батырымен ес-телік суретке түсіп, кездесуден ерекше әсермен тарқасты.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 4169 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет