Іле ауданындағы Өтеген батыр атындағы спорт кешенінде 2006-2009 жылар аралығында туылған жасөспірімдер арасында ұлттық жекпе жек түрінен республикалық чемпионат өтті.
18 салмақ дәрежесінде өткен спорттық додаға еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық жас өспірім қатысты. Аталған ұлттық жекпе-жек сайысына ауданымыз атынан сынға түскен «AIBYN FC» клубының жас жауынгерлері де жеңіс тұғырынан көрінді. Айталық, 46 кг салмақ дәрежесінде Төлеген Талғатұлы чемпион атанса, Төлеген Әдікенов баптаған 43 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айбын Тұрсын қарсыластарын қоғадай жапырып, аталған доданың гран-при иегері атанды.
Өз тілшіміз.