Жыл сайын еліміздің дамуы мен көркею жолдарын таразылап, билік пен халық арасындағы көпір ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдау жасайтыны мәлім. Осы Жолдаулардың негізінде мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, халық игілігі үшін бірталай жұмыстар жасалып жатыр. Жолдаулардың аясында Қаражота ауылдық округінде де біршама жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру бойынша Қаражота ауылдық округінде ауыл тұрғындарының әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс…