«Өркениет дегеніміз - мәдениетті қоғам қалыптастыру» деген Джон Рескиннің сөзінен, руханияттың кемелденуі қашанда маңызды екенін аңғаруға болады. Ой-өрістің кеңейуі үшін мәдени шаралардың жүйелі түрде өткізілуі керек-ақ. Бұл ретте Алматы облысында бір қатар жұмыстардың жүріп жатқанын атап өткен жөн. Биылғы жылы, Жетісу өлкесінің еншісіне 33 шара бұйырған.Оның 6-ы республикалық, 17 облыстық, 10 аудандық деңгейде өткізіледі. Мерейтойлардың ішіндегі шоқтығы биігінің бірі, Жамбыл Жабаевтың 175, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Заманының заңғар тұлғаларының шығармашылығын насихаттау бағытындағы шаралардың шымылдығы түріліп те үлгерген. Мәселен,…