Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 21 Ақпан 2020

Алматы облысы бойынша ішкі Мемлекеттік аудит департаменті заңдағы жаңа өзгерістерге байланысты жиын өткізді. Негізгі өзгерістер 2020 жылдың қаңтар айының басынан 1 ақпан аралығында енгізілген. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жаңа ережелерге сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату 3-1 тарауға қатысты қосылды. Көтерілген мәселелердің бірі өтінімді қамтамасыз ету болды. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бірнеше лот бойынша Мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа өтінімді қамтамасыз етуді жеке ұсынады.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамада бірқатар өзгерістер орын алды. Мәселен, Электронды дүкен. Бұдан былай ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап бір ғана жерден тауарды алу тәсілі арқылы құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды тікелей сатып алу жолымен интернет-дүкендердің тауарларын санаттайтын және агрегаттайтын тауарлардың электрондық каталогы (электрондық дүкен) арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ электрондық депозиттердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды толтыру мерзімі 2020 жылғы 29 ақпанға дейін ұзартылады.

Қаржылық тұрақтылықты кеңейту де заңда қарастырылған. Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №521, 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 бұйрықтарына өзгерістер енгізілген болатын , осыған орай алдын ала біліктілік сұрыптауымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, "Мемлекеттік сатып алу туралы"заңда айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.

Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:

1) кірістер;

2) төленген салықтар;

3) негізгі құралдар;

4) еңбекке ақы төлеу қоры.

Айта кету керек, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады.

Гүлжанат Нұрасыл

Published in Мақалалар
Жұма, 21 Ақпан 2020 14:21

Дін – қоғам айнасы

Дін – ерекше қозғаушы фактор. Сол себепті де мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың барлық мәселелерінің оң шешім табуы өте маңызды.

Аталған саладағы барлық түйіткілдер үш негізгі қағидатты: тепе-теңдікті, бейтараптықты және төзімділікті сақтай отырып шешіледі. Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлының айтуынша, бүгінгі күні облыста діни ахуал тұрақты.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 637 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 466 ҚМДБ ислам мешіттері, 52 православиелік ДПШ, 11 Рим-Католиктік, 96 протестанттық, 10 Ехоба куәгерлері, 1 Бахай қауымдастығы, 1 Кришна санасы қоғамы тіркелген. Қазіргі таңда еліміз бойынша 18 діни конфессия бар, соның 12-сі Алматы облысында өз жұмысын арттыруда. Сонымен қатар, облыста тіркелген 466 ислам мешіттерінде барлығы 573 имам қызмет атқарады. Оның ішінде: 282 бас имам, 96 наиб имам, 22 ұстаз, 11 азаншы, 162 молда бар.

Тағы да айта кетерлігі, христиандық және басқа да діни бағыттарда 307 діни қызметші еңбек етеді. Олардың ішінде: 75 православие, 29 Рим-Католик, 200 протестанттар, 2 Бахай ілімі, 1 Кришна санасы қоғамы.

Облыста 30 миссионер тіркелген. Тарқатып өтсек, Кореядан – 8, Турциядан – 2, Испаниядан – 5, Польшадан – 9, Италиядан – 2, Литвадан – 1, ҚР – 3 миссионер діни тұрақтылықты сақтауға жұмыс жасауда.

Жоғарыда аталған барша діни орындардың ахуалын Алматы облыстық дін істері басқармасы тікелей бақылауына алған. Аталған басқарма конфессияаралық қатынастарды нығайту; мемлекеттің зайырлы тұрақтылығын дамыту; дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу сынды мақсатты істерге басымдылық берген.

Сондай-ақ басқарма діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша түрлі діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарға психологиялық көмек беруде. Олармен теологтар мен психологтар бірлесе жұмыс жасауда.

Алматы облыстық дін істері басқрамасының басшысы Рахмет Есдәулетов өз сөзінде облыста теріс ағымға түскен тұрғындардың бар екенін айтты. "Олармен түсіндіру, түзету шараларын жүргізіп жатырмыз. Десе де бірден өз қателіктерін түсініп кетеді деп айта алмаймын. Ол үшін уақыт қажет", – деді.

Осы орайда халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша басқарма тарапынан 2019 жылы 326 семинар, 73 конференция, 338 дөңгелек үстел, 2179 кездесу, 332 дәріс, 363 акция, 1068 тәрбиелік сағат, 477 отырыс, 63 пікірталас, 30 сауалнама, 49 фокус-топ, 3 фильм көрсету, 15 спорттық іс-шара, 46 көрме, 8 форум, 2 эссе байқауы, барлығы 5763 іс-шара өткізіліп, 394 244 адам қамтылып жүйелі түрде іс-шаралар атқарылып келеді. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу іс-қимылдары қолға алынып, облыстық «Жетісу» телеарнасынан «Ғибратты қазына» бағдарламасы және де басқарманың өз тарапынан 1000 данамен жарық көретін «Дін және руханият-мәдениет әлемі» деген атаумен газет жарық көрген.

Анар САБЫРОВА

Published in Діни

Жақсылық жасауға жаны құмар жандардың басын қосып, жетім мен жесірге жәрдемдесіп жүрген еріктілер жайында жазуды жалғастырамыз. Қайырымдылықпен айналысуды өзіне парыз санайтын әр жанды бейбіт күннің батыры десек, артық болмас. Бүгінгі кейіпкеріміз – Данияр Нүсіпжанұлы – «Жақсылықта жарысайық» еріктілер тобының жетекшісі.

– Еріктілер тобын құру идеясы қайдан келді?

– Рамазан айында баршамыз қандай да бір игі іс бастамаққа ниеттенеміз ғой. Осындай оймен былтыр қасиетті айда тобымыз құрылды. Бәріміздің ортақ мақсатымыз – аудандағы жақсылыққа жаны құштар азаматтардың басын қосып, әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға қолымыздан келгенінше көмектесу. Бұл жөнінде достарыма айтып, әлеуметтік желіге жазып едік, аз уақытта бірталай адам жиналды. Топ құрылған соң ауыл-ауылдағы мешіттерге барып, көмекке мұқтаж жандардың тізімін жасадық. Жағдайы төмен отбасыларын аралап, қандай көмек керектігін анықтадық. Осылайша, тобымыздың алғаш атқарған ісі – Алмалы ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана Құрбанай апайға көмектесу болды. Алдымен ол кісінің үйіне барып, жағдайын көріп-білдік. Бір күнімізді арнап, қыздар үйін ақтап, ұлдар шөбін шауып, ауланы тазалап көмектестік. Азық-түлік, киім-кешек, балаларға ойыншық, төсек, тб алдық. Және мұның барлығын сурет-видеоға түсіріп, инстаграм желісіндегі аккаунтымызға жүктеп қойдық. Осыдан бастап біздің қатарымызға қосылушылар саны да артты.

– Топтарыңызда қанша адам бар қазір? Тек жастар ма?

– Жоқ, тек жастар емес. Тобымызда бүгінде 130-дан астам адам болса, олардың ең кішкентайы 7 сыныпта оқиды. Сондай-ақ 50-ден асқан үлкен апайларымыз да бар. Өздері де көпбалалы аналар. Бір апайымыздың 9 баласы бар. Үнемі іс-шараларға қатысып, жәрмеңкелерге тоқашын, тәттісін пісіріп бізді қолдап отырады.

– Ол кісілер қатарларыңызға қосылуға өздері ынта білдірді ме?

– Иә. Негізі, басында біз ол кісілерге көмектескен едік. Кейін өздері ынта білдіріп, тобымызға қосылды.

– Жақсылық жасауға асық адамдар көп пе?

– Иә, көп. Бірақ бір өкініштісі, адамдардың көпшілігі жақсылық жасау – ақша беру деп ойлайды. «Мен біреуге садақа бердім, демек мен жақсылық жасадым» деген қате пікірде. Меніңше, әр адам садақаны біреу үшін емес, өзі үшін береді. Ал жақсылық жасау үшін адам көмекке мұқтаж жанның жағдайынан хабардар болуы керек. Оның жағдайын жүрегімен сезіне білгенде шынымен аяушылық танытып, барынша көмектеседі. Шын жүрекпен жасалған бір игі іс және оның нәтижесін көру кез келген адамды тағы-тағы жүздеген жақсылықтың себепшісі болуға итермелеп тұрады. Сондықтан да көмекке зәру бір жанға қол ұшын созып, қуаныш сыйлағанын, оның жүзінің жадырағанын көру өте маңызды. Сіз көп ақша бермей-ақ, айталық, жерге жығылып қалған адамды жай ғана қолтығынан демеп, тұрғызып жіберсеңіз, ол кісі сізге алғысын айтып, әдемі жымияды ғой. Ол кісі де риза, қуаныш сыйлағаныңызға өзіңіз де ризасыз. Мысалы, жаңа айтқан Құрбанай апай үнемі үйіне қонаққа шақырып, балалары да хабарласып, халімізді біліп, алғысын жаудырып жатады. Біз мұнымен жігерленіп, тағы бір игі істің себепшісі болуға асығамыз.

– Құрбанай апай демекші, сіздер ол кісінің баспаналы болуына себепші болдыңыздар ғой?

– Иә, айта кету керек, ол үйді тек біз алған жоқпыз. Құрбанай апай жайлы түсірілген видеоны қайырымдылықпен айналысып жүрген Эльмира Ешниязова деген кісіге жіберіп, мән-жайды түсіндірдік. Ол кісі видеоны өз аккаунтына жүктеп, 13 күнде бес миллион теңге жиналды. Сол ақшаға Қаскелеңнен жаңа салынған бес бөлмелі үй алдық. Газ, суы бар. Балалары мектепке орналасып, Құрбанай апай да сол жақтан жақсы жұмыс тапты.

– Қаржыны қалай жинайсыздар?

– Біз ақшаны нақты бір іс-шара кезінде ғана жинаймыз. Мысалы, «осындай адамға осындай көмек керек екен» деп түсірілген фото-видео есептерімен қоса өз тобымызға хабарлаймыз. Әдетте, азық-түлікке қаржыны топ мүшелері өзіміз шығарамыз. Бірі 100 теңге, енді бірі 1000 теңге салады дегендей. Ал ауқымды шара болып, ақша жетпей жатса, оны инстаграмдағы аккаунтымызда жариялаймыз. Оның сыртында қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырамыз. Мысалы, көпшілігіңіз таныс боларсыздар, «Астарлы ақиқат» бағдарламасына шыққан алты жетім бала бүгінде біздің қамқорлығымызда. Қазір олар жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Ай сайын пәтердің ақшасы 30 мың теңгені біз төлейміз. Және үйге ақша жинадық. Сол кезде жан-жақта көптеген жәрмеңкелер өткіздік. Бізге қолдау көрсетуге ел-жұртты шақырып, эстафета жолдадық. Осылайша, 6,5 миллион теңге жиналды. Оған Алматы қаласының маңындағы Бесағаш ауылынан бес бөлмелі жер үй алынды. Бірақ әлі көшпедік. Өйткені ол жерде газ тартылмаған екен. Қазір газ тартып, үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алла қаласа, жақын күндері көшіп барамыз.

– Өте жақсы жаңалық. Өйткені ауданымыздағы көпшілік бұл балалардың тағдырымен таныс. Эфирден кейін жағдайына алаңдаған адамдар да аз болмады.

– Эфирден кейін тобымыздың мүшелері күнде сол балалардың жанында болды. Қыздар тамақтарын жасап, ойындарын ойнап, әңгімелерін айтып. Пәтерді өз үйім жақтан тапқанбыз. Күнделікті жұмыстан кейін өзім де барып, 1-2 сағат жандарында отырып кетемін.

– Біз сөзбен айтқанда, балаларды күзеттіңіздер ме?

– Солай деуге де болар. Басында өзіміз де қорықтық, балалардың өміріне алаңдадық. Өйткені бүкіл елден ақша жиналып жатқан банк картасы сол қыздардың қолында болды. Кейін оны алып, аудандық әкімдікке апарып қойдық. Қауіпсіздік үшін. Бір жағынан, топ мүшелері өздері де ол балаларды бетпе-бет көріп, жақын танысқылары келді. Сондықтан да кезектесіп барып тұрдық.

– Әкімдік демекші, сіздерге жергілікті әкімдік тарапынан қандай да бір көмек бола ма?

–  Әрине, болады. Көп іс-шараға қолдау көрсетеді. Өзіңіз де білесіз, жай жәрмеңке өткізу үшін де рұқсат керек. Осы тұста оқу орындарынан рұқсат алып береді.

– Сонда тек рұқсат алып берумен шектеле ме?

– Жоқ, олай емес. Бүкіл іс-шараларды әкімдікпен бірлесе ұйымдастырамыз. Біздің тобымыздың 30-40 %-ы әкімдік қызметкерлері шығар. Мысалы, бір азамат алыс ауылдан хабарласып, көмек сұрайды. Жұмыста болып, өзім бара алмасам, жергілікті әкімдікте жұмыс істейтін  жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушыларға өтініш айтамын. Олар көмекке мұқтаж жан туралы маған қажетті ақпарат тауып бере алады. Мұның өзі – көмек.

– Қайырымдылық жәрмеңкелерін халық қалай қабылдайды? Атсалыса ма, әлде мойын бұрмай өте шығатындар көп пе?

– Жәрмеңкелерді көбіне колледждер мен жоғары оқу орындарының алдында өткіземіз. Мұғалімдер алдын ала студенттерге айтып, түсіндіріп қояды. Сондықтан жәрмеңкедегі заттарды сатып алғанда оларда «Мен бұл ақшаны мұқтаж жанға көмекке жұмсадым» деген ой болады. Ал мектепте өткізуге рұқсат ала алмадық. Кейбір ата-аналар қарсылық танытты. Жалпы алғанда, адамдар түсіністікпен қарайды.

– Жәрмеңке бар, басқасы бар – мұның барлығы уақытты талап етеді. Ал топтағылар біріңіз – оқушы, студент, біріңіз – қызметтесіздер. Уақытты қайдан табасыздар?

– «Амалдар ниетке байланысты» дейді ғой. Ниет болса, уақыт та, басқасы да табылады.

– Ниетіміз түзу болсын! Рақмет!

 

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Published in Мақалалар
Жұма, 21 Ақпан 2020 12:23

К паводкам готовы

Потепление в последний месяц зимы создало угрозу паводка на горных реках и подтопления талыми водами населенных пунктов, размыва дорог. Нужно быть постоянно готовыми к любым капризам стихии.

 В феврале 2020 г. отдел по чрезвычайным ситуациям  Енбекшиказахского района совместно с районным акиматом в рамках тактико-специальных учений провели противопаводковые мероприятия в селе Тескенсу. Всего в учениях были задействованы 10 человек,  два экскаватора,  техника с высокой проходимостью.

Целью учений было предотвращение реальной паводковой опасности.  На юго-западной стороне села  расположены 200 частных жилых домов где проживают около 800 человек. По причине выхода на поверхность грунтовых вод, а также быстрого таяния снега происходит  наполнение  отводных каналов, трубчатых переходов наносами, на данном участке села резко увеличивается уровень паводковых вод. Ежегодно происходит подтопление домов, жители терпят материальный ущерб. С целью предупреждения чрезвычайной ситуации для отвода талых и грунтовых вод в ходе учений  экскаваторами были прокопаны два канала общей протяженностью сто метров и  проложен трубчатый переход. Также для    произведена очистка  четырех трубчатых переходов.   Данными действиями предотвращена угроза подтопления домов, хозпостроек и приусадебных участков в весенний период.

Также по условиям учений  была детально отработана  организация пункта эвакуации в средней школе имени Жамбыла с.Тескенсу, с обеспечением «пострадавших» в паводках спальными местами, горячей пищей, предоставлением для них медицинской и психологической помощи.

Рахимжан КАРИМЖАН, 

начальник районного отдела по чрезвычайным ситуациям

Published in Мақалалар
Жұма, 21 Ақпан 2020 11:35

ОРТАҚ АБАЙ

Алматы облысы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 11, 12 ақпан күндері Талдықорған қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында «Ортақ Абай» атты Алматы облысында тұратын түрлі этнос жастары арасында облыстық көркемсөз оқу байқауын ұйымдастырды.

Осы мерейтойлық іс-шаралар аясында қолға алынып отырған бұл байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттар негізінде іске асырылды. Түрлі ұлт өкілдерінен 31 оқушы байқауда бақ сынады. Ереже бойынша оқушылар Абайдың 2 өлеңін және 1 қара сөзін жатқа айту керек. Оқушылар әр өлеңді көркем тілмен, өлеңді нақышына келтіріп орындауымен, актерлік шеберлігімен танылды, барлығы қазақ ұлттық киімдерін киіп шықты.

Байқаудың алғашқы күні «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы оқушыларға Жастар сарайын, Тіл сарайын, Достық үйін, «Nur Otan» партиясының ғимаратын, Орталық алаңды аралатып көрсетті. Кешке кинотеатрға апарды. Келесі күні «Достық үйінде» қолөнер көрмесі  ұйымдастырылды, «Қанабек Бәйсейітов» атындағы филармония оркестрі Абай, Құрманғазы, Динаның туындыларын орындап, концерт қойды, оқушылар марапатталды.

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің атынан байқауға Қырбалтабай ауылынан 9 сынып оқушысы, көпбалалы отбасынан, интернат тәрбиеленушісі ұлты – түрік Халис Мамедов және Космос ауылы І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Юлия Старостина қатысты. Байқаудың бірінші күні Абай Құнанбайұлының «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» атты өлеңін, екінші күні Абай атамыздың қара сөзін мәнерлеп оқыды. Халис Мамедов, І.Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушысы Юлия Старостина да ерекше өнер көрсеткені үшін Дипломмен  және 20 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Осы облыстық шараға оқушыларымыздың қатысуына ықпал еткен «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалына, аудандық білім бөліміне, мектеп ұжымынан алғысымызды білдіреміз.

 

Тұрсынгүл ЖОЛДАСОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі

Қырбалтабай ауылы

Published in Мақалалар
Жұма, 21 Ақпан 2020 09:58

Ұлттық ойын дәріптелді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген ұлттық код, тереңнен бастау алатын ұлттық құндылықтар заман ағымымен өзгеріске түсіп, тіпті кейбірі жаһандану үдерісімен ұмытылып бара жатқандығы ақиқат. Сол құндылықтардың бірі – ұлттық ойындар. Құндылықтарды насихаттау мақсатында Көктөбе орта мектебінің спорт залында қазақтың «Асық ату», «Ләңгі тебу», «Бұқа тартыс» және «Арқан тартыс», «Бес тас», «Тоғызқұмалақ» сынды ұлттық ойындарынан оқушылар арасында «Асығың алшысынан түссін» атауымен жарыс өтті.

Жарыстың өтуіне себепкер болған аудандық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы.

Ұлттық ойындар жастардың ғаламтор арқылы виртуалды ойындарға құмартуы себебінен кейінгі кезде ұмытылып бара жатқаны ақиқат. Әсіресе, қала мектептерінде оқитын оқушылардың асық ойнап жатуын көру – сирек кездесетін құбылыс. Жұрнағы ауыл мектептерінде оқитын оқушыларда бар. Десе де, ғаламтордың ауыл көшелеріне де еніп алғаны ақиқат әрі көптеген өзгеріс әкелгені де аян. Демегіміз, ауыл жастары да ғаламтордың жетегінде кеткен. Аталған жарыс жастарды ұлттық ойындарды ойнауға баулу әрі дәріптеу мақсатында өтті.

Ашылу салтанатында аудандық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығының директоры Мұрат Ақаев, аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Қайрат Әукен, Көктөбе орта мектебінің директоры Айжан Талқанбаева сөз сөйлеп қатысушы құрамаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 110-ға жуық оқушы қатысты. Зал іші қызу бәсекеге ұласты. Әр ойын төрешілері қауіпсіздік шараларының сақталуын және ойын тәртібінің бұзылмауын жіті қадағалап отырды. Атап өтетіні, ләңгі тебу ойынында оқушылардың қиналғандығы байқалды. Сұрастыра келе олардың ләңгіні бұрын-соңды теуіп көрмегені анықталды. Бас төреші, аудандық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығының қосымша педагогы Қанат Жеткербаевтың айтуы бойынша, ол арнайы тәжірибе жүргізген. Аудан мектептеріне барып оқушыларға ләңгіні көрсеткен. Нендей ойын екенін білсе де бірде-бірі тебе алмаған. Ал, Есік қаласындағы базарға барып 40-50 жас арасындағы үлкен кісілерге көрсеткенде олар ләңгіні тебудің түрлі әдіс-тәсілдерімен қатар көптен көріспеген, сағына қауышқан асыл досындай қарсы алып, алқа-қотан тұрып армансыз ләңгі тепкен екен. Бала денсаулығына пайдалы түрлі дене қимылдарын жасаумен қатар, ерекше ептілікке тәрбиелейтін ләңгі ойынының оқушыларға әдіс-тәсілдері, ережесі айтылғаннан кейін, оқушылар жаттығып алып, тез арада тебу жодарын игеріп әкетті.

Кеш түскенге дейін ойын көрігі қызды. Нәтижесінде, тоғызқұмалақ ойынынан 2004-2006 жылдар аралығында туылған оқушы қыздар арасында 1-орын  Рахат №1 орта мектебінің оқушысы Аида Кашкинбайға,  2-орын  Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Арай Ернатқызына берілсе, 3-орын  Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Әсел Сүлейменоваға бұйырды. Ұлдар арасында 1-ші орынға ешкім орныға алмады.  2-орын - Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Ұлан Кенжебайға берілсе, 3-орын  Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Азамат Әкішбайға бұйырды. 2007-2009 жылдар аралығында  туылған оқушы қыздар арасында 1-орын Қорам орта мектебінің оқушысы Тұмар Абдуллақызына, 2-орын  Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Жамилә  Дайрбекке бұйырды. Үздік үштікті Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Нұрзат Өркенбекқызы қорытындылады. Ұлдар арасында 1-орын Қорам орта мектебінің оқушысы Әуез Әшімжанға тиесілі. 2-орын Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Ерасыл Омарға берілсе, 3-орын Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Ернат Ауғанбайға бұйырды.

Қыздар бес тас ойынының көрігін қыздырса, 2004-2006 жылдар аралығында туылған оқушылар арасында 1-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Дильназ Сүлейменге берілді.  2-орын  Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Мадина Махаббатқа,  3-орын  Рахат №1 орта мектебінің оқушысы Альмира Алтайқызына бұйырды. 2007-2009 жылғы оқушылар 1-орын Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Назерке Досбергенге берілді.

2-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Айым Ермекқызына тиесілі. 3-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Шұғыла Мылтықбаеваға берілді. 

Арқан тартудан  2004-2006 жылдар аралы-ғында туылған мектеп оқушылары арасында 1-орын  Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушыларының еншісінде. 2-орын Көктөбе орта мектебінің оқушыларына бұйырды.

3-орын Рахат орта мектебінің оқушыларына тиесілі. 2007-2009 жылдар аралығында туылған мектеп оқушылары арасында  1-орын Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушыларына берілді. 2-орын Көктөбе орта мектебінің оқушыларына, 3-орын Қорам орта мектебінің оқушыларына бұйырды. Асық ату ойыны (ұлдар арасында) 2004-2006 жылдар аралығында туылған мектеп оқушылары арасында 1-орын Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Нұрдәулет Нұрахметке, 2-орын Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Али Бердібайға, 3-орын Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Рүстем Тойғанбайға берілді. 2007-2009 жылдар аралығында туылған мектеп оқушылары арасында 1-орын Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Ибрагим Нұрәлімге, 2-орын Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Нұрбол Жұмамұратқа, 3-орын Қорам орта мектебінің оқушысы Айтжан Мырзабековке берілді. Ләңгі тебуден 2004-2006 жылдар аралығында туылған мектеп оқушылары арасында 1-орын Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Рүстем Тойғанбайға берілді.  2-орын Рахат №1 орта мектебінің оқушысы Батыр Давлетовке, 3-орын Таутүрген орталау мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Боранбайға бұйырды. 

2007-2009 жылдар аралығында туылған мектеп оқушылары арасында 1-орын Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Айқын Жиенғалиевқа, 2-орын Ж.Қайыпов атындағы орта мектеп оқушысы Рахат Дүйсенге, 3-орын Рахат орта мектебінің оқушысы Қасымхан Үсенұлына бұйырды. Бұқа тартыс ойыны бойынша 2004-2006 жылдар аралығында туылған оқушылар арасында қыздардан 1-орын Ж.Қайыпов атындағы орта мектептің оқушысы Дидар Адайға берілді.  2-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Айша Жұматайға тиесілі. 3-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Дильназ Сүлейменоваға бұйырды. Ұлдар арасында 1-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Жанболат Әуесханға, 2-орын Рахат орта мектебінің оқушысы Шыңғыс Өмірбекке,  3-орын Таутүрген орталау мектебінің оқушысы Жанболат Сәлімге берілді.  2007-2009 жылдар аралығында туылған оқушылар арасында қыздардан 1-орын Таутүрген орталау мектебінің оқушысы Ажар Орынбасараға,  2-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Назым Әметке, 3-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Аяулым Болатқа бұйырды. Ұлдар арасында 1-орын Қорам орта мектебінің оқушысы Ақтілек Елемеске, 2-орын Көктөбе орта мектебінің оқушысы Мұхамадәмин Абдуловқа,  3-орын Қорам орта мектебінің оқушысы Айтжан Мырзабековке берілді.

Әділет САРЫБАЙ

Published in Мақалалар
Жұма, 21 Ақпан 2020 09:33

1 000 000 теңге грант ұтып ал!

 Өз арманыңды іске асыру үшін әлеуметтік жоба ұсынып,  1 000 000 теңге грант ұтып алу мүмкіндігіне ие бол!

ZhasProject гранттық байқауы 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 наурызға дейін өтеді.

Сонымен қоса, қатысушылар оқытудан өтіп, шәкіртақы алады (40 000 немесе 60 000 теңге).

Жастар үшін ерекше басымдық:
- оқымайтын және жұмыс істемейтін
- жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен.

Жасы - 14-тен 29 жасқа дейін (мектеп оқушыларынан басқа).

Zhasproject.kz сайтында шарттармен танысып, өтінім беруге болады.
Ақпараттық кеңес: Балапанов көшесі, 28 ғимарат

☎ 8 800 080 15 20 Call-орталығы (ҚР бойынша қоңырау соғу тегін) немесе 8 777 310 23 97, жұмыс телефоны 8 (72 82)41 50 92 бойынша кеңес алуға болады.

Сондай-ақ, біздің Instagram @zhasproject парақшамызға кіріңіздер.

ZhasProject аясында іске асырылған әлеуметтік жобалардың кейбір үлгілері:
@zhasproject_altynzaman
@zhasproject_happymom
@zhasproject_zhihaz

Өз қалаңызды, ауданыңызды немесе ауылды жақсарту бойынша Сізде не таныстарыңызда идеялар бар болса - ұсыныңыздар!

АРМАНДА! ҰСЫН! ІСКЕ АСЫР!

Published in Санаты жоқ
Жұма, 21 Ақпан 2020 09:31

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық экскурсия жүргізуші күні

Экскурсия жүргізушілердің халықаралық федерациясының бастамасы бойынша жыл сайын әлемнің барлық экскурсия жүргізушілері және гидтері атап өтеді. 1990 жылы WFTGA (World Federation of Tourist Guide Associations) президенті Титина Лоизидес алғашқы Халықаралық экскурсия жүргізуші күнін ұйымдастырушылардың бірі болған.

Халықаралық Ана тілі күні

1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас Конференциясы 30-сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1929 жылы БКП (б) Орталық Комитетінің барлық партия ұйымдарына арналған «Еңбек тәртібін нығайту туралы» хаты жарияланды. Елдегі еңбек тәртібінің қатайғаны соншалық, жұмысқа себепсіз кешіккені үшін соттай салу, түрмеге жауып тастап әдеттегі іске айналды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Үндістан Премьер-министрі Нарасимха Рао Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы хаттамаға, Үндістан Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Сыртқы экономикалық қызмет банкі арасындағы келісімге, ҚР Үкіметі мен ҮР Үкіметі арасында консулдық катынастардың орнатылуы туралы хаттамаға қол қойды.

1992 жылы Атырау облысының Балықшы ауданындағы орта мектепке ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың есімі берілді.

2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Экстремизмге қарсы әрекет туралы» Заңға қол қойды.

2012 жылы Венадағы «Кунстлерхаус» Суретшілер үйінде танымал қазақстандық суретші Ерболат Төлепбайдың жеке көрмесі ашылды. Оның жұмыстары әлемнің 35 елінде көрмеге қойылған.

2014 жылы режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі балалар және жасөспірімдерге арналған «Ciné Junior» XXIV халықаралық кинофестивалінде Халықаралық артхаус кинотеатрлары конфедерациясының сыйлығын (C.I.C.A.E.) алды. C.I.C.A.E. қазылар алқасының құрамында Франция және Бельгиядағы артхаус кинотеатрларының кино көрсетілімдерін үйлестірушілер болды.

2016 жылы Эстонияда өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған ІІ ашық халықаралық вокалдық «Soprus» фестиваль-байқауында 14 жасар оңтүстікқазақстандық Карина Нәжімеддинова бірінші сыйлық лауреаты атанды. Байқауға әлемнің әр елінен 50 конкурсант қатысты.

2017 жылы шаңғышы Ринат Мухин Саппорода өткен VIII қысқы Азия ойындарында 15 шақырымдық жеке жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Жалпы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 32 медаль жеңіп алды, оның 9-ы - алтын, 11-і – күміс, 12-сі – қола.

2018 жылы Анкарада «Алаштың ақиық ақыны: Мағжан Жұмабаевқа 125 жыл» конференциясы өтті және Кечиорен ауданындағы саябақта Мағжан Жұмабаевтың ескерткіші ашылды. Аталған шаралар ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы жариялаған «Мағжан Жұмабаев жылы» аясында өткен болатын.

2018 жылы «Астана Операның» тенор партиясындағы ең жас әртісі балалар студиясының солисі 10 жасар Қажымұрат Еркін алғаш рет сахнаға шықты.Ол күрделі вокалдық партияны керемет игеріп қана қоймай, жаңа сахналық бейнені де көрсетті. Мұндай тәжірибе өмірде бұрын-соңды болмаған, яғни тенорға арнап жазылған рөлді бала даусы орындамаған екен.

2019 жылы Алматыда Dombyra телеарнасы телеарнасының тұсауы кесілді. «Dombyra» телеарнасы - қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна болуды көздейді. Бағдарламалар тәулік бойы қазақ тілінде жүргізіледі. Оның эфирінде отандық өнерпаздардың ән-күй, жырларды көрсетіледі. Аспаптарды үйрену мектебі, қолөнер шеберлері жайлы бағдарламалар түсіріледі.

Дереккөз: inform.kz 

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет