Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен 2005 жылдан бері республика көлемінде жүзеге асырылып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын дәстүрлі түрде біздің ауданда да қарқынды дамуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыз жастарды мезгілдік жұмыспен қамти отырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою. Сонымен қатар, жасақшылар арасында әлеуметтік жағдайы төмен, жетім немесе жартылай жетім және мүгедек жастарды да жұмысқа жұмылдыру.

Ауданымызда маусым айында бас-тау алған «Жасыл ел» жұмысы маусым, шілдеде Рахат, Түрген, Тескенсу, Балтабай ауылдық округтері бойынша жалпы 35 жасақшы жұмыспен қамтылса, тамыз айында Малыбай, Асы, Қаракемер ауылдық округтерінен 20 жас жасақшы атанып, үстіміздегі айдың яғни қыркүйек айында облыстық «Жасыл ел» штабының  өтініміне сәйкес, Асы ауылдық округі бойынша 10 жас жұмыспен қамтылады. Қыркүйек айының жасақшылары өз жұмыстарына кірісіп те кетті. «Жасыл ел» жасақшыларының атсалысуымен әр түрлі бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылардың бас-тамасымен эстафеталық видео-фото жарыстар да өткізілді. Сондай-ақ, «Таза өзен», «Таза ауыл», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Жастар тазалық үшін!», «Тазалық бізден басталады» атты бірқатар тазалық акциялары арқасында ауылдардағы көше бойлары мен ескерткіштер маңайы, мәдениет үйлері мен мектеп, балабақша аулаларының тазаланып, үлкен жол жиегіндегі ағаштар мен теректер әктеліп, сырланды. «Жасыл ел» жасақшылары тек қана тазалық жұмыстарымен ғана емес, «Ардагерлерді ардақтайық!» ат-ты ҰОС және тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарт кісілерге үй шаруашылығында көмектесу мақсатында қамқорлық-қайырымдылық шараларын да өткізді. Алда жасақшылармен атқарар жұмыстар толағай. Әрбір ауданның жасы «Жасыл ел»  бағдарламасы арқылы жасақшы атанып, өзінің туған ауылының көркейіп, гүлденуіне үлесін қоса алады.

 

 

Айжан Әбіт,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы.

Published in Мақалалар

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2019 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет