Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 11:55

Аналық бір өтініш: «Әзірше үйде болыңыз!»

Дүрлігіп тұр қарай қалсақ оңымыз бен солымыз,

Сақтық үшін жабылыпты күнде жүрген жолымыз.

Көзі ашық бар жан үшін жазыпты,

Теледидар бетіне де депті «үйде болыңыз!»

 

Амансыз ба атам, апам төрде еді орныңыз,

Қиындық пен жақсыны да ұрпақ үшін көрдіңіз.

Жақсы күндер əлі алда той мен думан деп тілеп,

Аман-есен балалармен əзірше үйде болыңыз!

 

Бəрімізде бар еді ғой туысқандар тобымыз,

Карантинді ескермесек жөн болмайды онымыз.

Бекер емес үйден шықпа,шықпа үйден дегені,

Тек онлайн араласып туыстармен əзірше үйде болыңыз!

 

Аға, жеңге асыраушы таусылмасын қорыңыз,

Сəт-сəт сайын стерилді жуылады қолыңыз.

Бір-бір үйдің тірегісіз сізге үмітті балаңыз,

Солар үшін сабыр сақтап əзірше үйде болыңыз!

 

Балалар-ау шалалықпен қайнамасын сорымыз,

Қорғаштайды бүкіл əлем ұғынайық соны біз.

Интернеттен пайдалысын тауып алып өзіңе,

Көше кезіп,ойын қумай əзірше үйде болыңыз!

 

Бəрі өтер, түгенделер барымыз бен жоғымыз,

Амандықта түйіседі əлі талай жолымыз.

Тек сол күнге жету үшін дін аман,

Үлкен-кіші бір кісідей əзірше үйде болыңыз!

 

Ойыңызға жасаңыз да жақсылықтан бекініс,

Үйде болып сақтаныңыз болмас үшін өкініш.

Жоғарыда айтылғандар бұйрық емес жай ғана,

Ұрпақ үшін алаң болған аналық бір өтініш!

А.С.БЕКСАЙЫНОВА,

                                                                                 Ақтоған ауылы.

Read 313 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет