Бейсенбі, 14 Қараша 2019 12:06

Алтын күз, әсем айналам

Алтын күз, әсем айналам mezet.kz

Айналаны сары түске бояп көрік беретін күз мезгілінің сәні – Алтын күз балы. Сол дәстүрлі мерекені тойлаудан «Эмир» бөбекжай балабақшасы да қалыс қалмады. «Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» сайысы ұйымдастырылды. 

Бар жақсыны балаларым үшін дейтін ата-аналар жарысқа қызу дайындалған. Бүлдіршіндерге өз қолдарынан жапырақтармен әсемделген әдемі көйлек тігіп, жеміс-жидек, көкөністерден түрлі өнер туындыларын жасаған. «Балбөбек», «Құлыншақ», «Қарлығаш» топтарынан қатысқан балдырғандар ән салып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін», «Сән үлгісі», «Көрме», «Берекелі дастархан» кезеңдерінен тұрған сайысқа балабақша меңгерушісі Қымбат Кеңесбайқызы, шетел тілі маманы Айдын Бармақпайұлы,  кәсіподақ төрайымы Асель Бектурганова әділ төрелігін берді.

Нәтижесінде, «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері бас жүлдеге ие болып, арнайы дипломмен марапатталды. Белсене қатысқан ата-аналарға балабақша меңгерушісі Қымбат Қалықова алғыс хаттар табыс етті. 

Ж.ЫСҚАҚ.

Read 663 times

Күнтiзбе

« Тамыз 2020 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет