Сәрсенбі, 21 Тамыз 2019 12:31

Жетісу – адалдық алаңы

Сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік биліктің институттарына сенімін күшейту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінде «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Аталған жобалық кеңсенің ашылуына Еңбекшіқазақ аудандық филиалы «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысты, Жоғарыда аталған кеңседегі алғашқы отырыста аудандағы жастардың белсенді тобымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар өкілдерінің аталған жобаны жүзеге асыруға қатысуы туралы, сонымен қатар, кеңсенің ақпараттық материалдық базасын нығайту туралы, атап айтқанда, сенім телефонын орнату, кең форматты теледидар экранымен қамтамасыз ету және түрлі түсті үгіт материалдарын орналастыру қажеттілігі сөз болды. Қазіргі уақытта, жоба кеңсесі мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсарту…
Жалындаған жастығында тау қопарып, шаһар тұрғызбаса, білім алып, ілім жинамаса, желіп жүріп жер танымаса, ел қамын ойлап, мемлекетке пайдасын тигізбесе оның несі жастық?! Сондықтан да болар, халықта «Жастықта жиған білімің, қартыққа жұмсар мүлігің», «Парасат көрсең – қарттықтан, тамаша көрсең – жастықтан» дейтіні. Назым Хикмет Ран: «Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы» деп адамның қайталанбас керемет шағын жеткілікті сипаттап бергендей. Ендеше, бүкіл халық сенім артып отырған «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жастарымыздың қарқыны қандай? Аудан арманшылдарының алға қойған мақсаттары мен бағдары айқын ба?, –…
Дүйсенбі, 29 Шілде 2019 17:09

121 балаға қайырымдылық жасалды

Өздеріңіз білетіндей, өткен нөмірлердің бірінде ауданымыздағы «Тау-Жаңашар» жазғы лагеріне демалуға Арыс қаласынан балалар келгенін жариялаған болатынбыз. Жақында лагерьге арыстық балаларға сыйлықтарымен келген қонақтар олардың күн тәртібімен танысып, жасалған жағдайларын көрді. Игі істі ұйымдастыруға ұйытқы болған «Жетісу білімі» қоғамдық қорының төрайымы, облыстық мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының директоры Күләнда Батырбекова: «Біздің жұмыс негізінен, балалармен жүргізілгендіктен кішкентай азаматтардың өміріне бей-жай қарай алмаймын. Әрине, тас түскен жеріне ауыр. Десек те, осында Арыстың балалары келді дегенді естіген соң, жан-жақты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, тез арада қаржы жинадық. Атсалысқандардың ішінде қоғамдық қорлардың мүшелері, іскер әйелдер қауымдастығы, облыстық, аудандық кәсіпкерлер палатасы, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қауымдастығы…
Помимо своей основной работы государственные служащие Алматинской области ведут активный образ жизни. Они уже успели поучаствовать в различных спортивных соревнованиях, посостязаться в стрельбе «Пейнтбол» и превратили в традицию еженедельно устраивать мозговой штурм в интеллектуальной игре «Head play». Белые воротнички показали себя и в новом амплуа. При организации управления внутренней политики Алматинской области, ДАДГС ПК по Алматинской области и РСК Алматинской области, в парке культуры и отдыха «Жастар», на площадке амфитеатра, состоялся караоке- конкурс среди государственных служащих «Дала дауысы». Конкурс состоял из двух этапов. Всего приняли участие 27 конкурсантов, 7 из них прошли в финал. Несмотря на то, что ранее участники…
Тың бастаманы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Кірістер департаменті ұйымдастырды. Дала дауысы деп аталатын байқау өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Қалалық мәдениет және демалыс паркінде өткен тартысты сайысқа облыстың әр аймағынан 28 қатысушы келіп, қатысты. Ашық аспан астындағы караоке батл еркін форматта өтті. Әнге жаны құмар тұрғындар ән салып, мәз-мейрам болды, өзгелерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушыларға өнер саласында жүрген аға буын өкілдері қазылық етті. Озып шыққан әуесқой «әншілерге» бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 11:21

Халықаралық байқауда – бірінші

Грузия мемлекетінде өткен халықаралық «Golden Agro-2019» халықаралық байқауында Көлді мектебінің 8-сынып оқушысы, жас ақын Дінмұхаммед Бекболатұлы І орын иегері атанды. 27-маусым мен 3-шілде аралығында өткен халықаралық шараға Украина, Литва, Болгария, Грузия, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық бала қатысып, бақтарын сынады. Поэзия кешінде Дінмұхаммед Әбубәкір Қайранның «Қасқыр» атты өлеңін жатқа оқып, әділқазы алқасының төрт мүшесі де жоғары баға берді. Нәтижесінде, жерлесіміз І орынды қанжығалап, халықаралық додада еліміздің көк туын желбіретіп қайтты. Ақиық ақын Мұқағалиға еліктейтін Дінмұхаммед Бекболатұлы өзінің тырнақалды туындысын 5 сыныптан бастап жазған. Ол «Мен де жұлдыз боламын» атты облыстық байқауда жүлдегер атанған. Халықаралық ақындар мүшәйрасының лауреаты. Дінмұхаммед…
…Всего месяц назад эти ребята, прибывшие на срочную службу в Каракемерскую учебную бригаду, были гражданскими людьми. За короткий срок, пройдя курс молодого бойца, они приобрели строевую выправку, обучились азам армейской дисциплины и физподготовки. А 29 июня для них настал знаменательный день принятия воинской присяги на верность Отчизне и своему народу. Посмотреть на то, как призывники становятся солдатами, на территории воинской части с раннего утра начали собираться их родители, родственники и друзья. В 10.00 по команде командира бригады полковника Бакдаулета Оспанбекова почетный караул во главе со старшим лейтенантом Азаматом Набиевым внес на плац Боевое знамя части. Один за другим новобранцы выходили…
Бейсенбі, 11 Шілде 2019 11:40

Тазалық – жастар таңдауы

Рахат ауылындағы ескерткіш маңайында «Жасыл ел» жұмыс жасағының маусымдық жұмысының бастау алуына байланысты «Тазалық – жастар таңдауы!» атты акция өтті. Оған Балтабай, Рахат, Тескенсу ауылдық округтерінің маусым айында «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс атқаратын 35 жасы қатысты. Шара барысында округ әкімдігінің бас маманы Аида Ордаханова сөз алып, жиналған жастарды жұмыс науқанының басталуымен құттықтап, белсенді болуға шақырды. Аудандық жастар ресурстық орталығынан өкілдік еткен Айдана Ақжол жұмыспен қамтылған жастарға сәттілік тіледі. Шара барысында ескерткіш маңайы тазартылып, ағаштар әктеліп, қоршаулар сырланды. 20 түп ағаш отырғызылды. Келесі акция өткізу эстафетасы Балтабай ауылының «Жасыл ел» жасақшыларына берілді. Айжан Әбіт, жастар ресурстық орталығының маманы. **** «Үйдің…
Сәрсенбі, 10 Шілде 2019 10:29

Жүректен жүрекке

Тағдырдың тауқыметін тартып, өмірден түгесілген жандарға қолдау көрсету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Осы орайда аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен 15 отбасына азық-түлік себеттері табысталды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасылар санатындағы жанұялар қамқорлықты ерекше ілтипатпен қабылдады. Аталмыш қор төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қайнар Жұмағожа және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Өркен Әбдібай отбасылардың үйіне барып, азық-түліктерді табыс етті. – Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – өмірдің қиын жағдайында қалған жандарға мемлекет қамқорлығын жеткізу. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – адам. Осы орайда бұл іс-шара тек бастамасы. Алдағы уақытта аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көпбалалы отбасынан…
Сәрсенбі, 10 Шілде 2019 10:21

Денсаулық – зор байлық

Кір (Гир) көтеру – халық арасында кең тараған спорт түрі. Шойыннан құйылған кірді бір қолмен көтеру арқылы орындалады. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан кір көтеру өнерін көрсеткен. Осындай бабаларымыздың өнерін ұлықтау, «2019 жыл – жастар жылы» аясында жастарды спортқа шақыру, саламатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен жуырда аудандық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің алаңында «Денсаулық – зор байлық» атты кір тасын (16 кг) көтеру жарысы өтті. Жарысқа…
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет