Бейсенбі, 14 Қараша 2019 12:06

Алтын күз, әсем айналам

Айналаны сары түске бояп көрік беретін күз мезгілінің сәні – Алтын күз балы. Сол дәстүрлі мерекені тойлаудан «Эмир» бөбекжай балабақшасы да қалыс қалмады. «Алтын күз әсем айналам, еліне береке сыйлаған» сайысы ұйымдастырылды. Бар жақсыны балаларым үшін дейтін ата-аналар жарысқа қызу дайындалған. Бүлдіршіндерге өз қолдарынан жапырақтармен әсемделген әдемі көйлек тігіп, жеміс-жидек, көкөністерден түрлі өнер туындыларын жасаған. «Балбөбек», «Құлыншақ», «Қарлығаш» топтарынан қатысқан балдырғандар ән салып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін», «Сән үлгісі», «Көрме», «Берекелі дастархан» кезеңдерінен тұрған сайысқа балабақша меңгерушісі Қымбат Кеңесбайқызы, шетел тілі маманы Айдын Бармақпайұлы, кәсіподақ төрайымы Асель Бектурганова әділ төрелігін берді. Нәтижесінде, «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері…
Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен қоғамның өзекті проблемасына айналған жастар арасындағы психологиялық мәселелердің алдын алу, NEET санатындағы жастардың санын азайту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, өңіріміздегі жас еріктілер қозғалысын дамыту және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында облыс көлемінде әр аудан мен қала жас-тары арасында кездесулер өткізу үшін көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Жастармен арнайы кездесуге облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшылары яғни, ақпараттық-насихат тобының мүшелері жуырда Еңбекшіқазақ ауданына ат басын тіреді. АНТ мүшелері бір күн ішінде аудан жастарымен бес мекемеде жиын ұйымдастырып, жастармен кездесті. Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған жұмыссыздықты азайту және жұмыссыз жастардың арасында мемлекеттік арнайы бағдарламаларды түсіндіру, насихаттау…
2020 жыл – «Еріктілер жылы». Бұл туралы «Jetysu Media» алаңында өткен баспасөз-маслихаты барысында мәлім болды. Қазіргі таңда елімізде 287 әлеуметтік-еріктілер орталығы жұмыс істейді.Олардың ішінде 50 мың белсенді еріктілер қайырымдылықпен айналысуда. «2020 еріктілер жылы» қарсаңында Алматы облысындағы еріктілерді қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Еріктілер бастамасын дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын жолға қоюда. Жобаның мақсаты-бірыңғай еріктілер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуынынталандыру болып табылады. «Дос.кз» әлеуметтік еріктілер орталығының директоры Лариса Леонидовнаның айтуынша, республика бойынша 17 еріктілер орталығы жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер ұйымының жұмысын жадандыру үшін 17 грант бөлініп…
Сейсенбі, 29 Қазан 2019 17:40

Қалжыңда кек жоқ

«Әзіл түбі – зіл» деген қазақ сөз шырағын әдемі әзілмен астарлаған. Өйткені, қалжыңда кек жоқ, күлкіде шек жоқ. Есік қаласы Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде өткен Есік қаласы әкімінің кубогы бәске түскен жайдарман ойындарында да айтулы әзілдер орын алды. «Есік – тарих мекені» деп айдар таққан күлкі бәсекесіне аудан бойынша жеті құрама бақ сынасты. Абылайхан атындағы орта мектеп, Рахат №1, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі (ЕГЭК), Есік медициналық колледжі, Жетісу заң колледжі, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп және Қаракемер кәсіптік колледжінен командалар қатысты. Бір ғана айналымда өздерін барынша көрсетуге тырысқан командалар үздік деген әзілдерін көпшілік назарына ұсынды. Әйткенмен, әттегені сол, көп қалжыңдары көпшіліктің көңілін…
Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 16:35

Жастардың жаңа бастамалары

Үстіміздегі жылы «Kazbrands» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастардың менторлық қасиеттерін дамытуға, өңірлерде менти қозғалысын дамытуға бағытталған Нұрсұлтан қаласында семинар-тренинг өткізілген болатын. Аталмыш жиынға ауданымыздан аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысып, өз шеберлігін жетілдіріп қайтты. Менторлық жүйенің Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асуын басым бағытқа ала отырып ментор Айбек Қасымханұлы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бизнес тренерлері, аудандық «Жайдарман» одағының директоры Бақытжан Қаби, еріктілер қозғалысының жетекшісі Данияр Нүсіпжан және бірқатар жас кәсіпкерлердің қатысуымен Есік қаласында, Қаракемер кәсіптік колледжінде, Талғар ауданында жастар арасында семинар тренингтер өткізілді. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, «Бастау» бизнестің жастар арасында кеңінен насихатталуына және «Жайдарман» ойындарына, ерікті жастардың қозғалысының дамуына және менторлық…
Жұма, 23 Тамыз 2019 09:34

Жас келсе, іске

Осылай деген дана қазақ қай заманда болмасын жастарға зор үміт артып, игі істің бастауы ретінде қараған. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарға сенім артқан Мағжан Жұмабаев та жаңашылдық пен адалдықтың негізі – жастар екендігін айтқан. Үш жүздің басын қосып, күллі қазақ халқын біріктірген Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» – деген сөзінің өзі қазіргі заман жастарын білімге жетелеп тұрғандай. Қысқасы, жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің болашағы. Сондықтан, олардың білімді, білікті, адал әрі жауапты болуы – бүгінгі қазақ елі үшін аса маңызды. Осыны меңзеген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды…
Ел мен елдің арасын туыстық қарым-қатынаспен жалғайтын қыз балаға артылар жауапкершілік қашанда ауыр болған. Ол – өскенде елінің көркі, ұзатылғанда – барған жерінің берекесі, ұрпақ өрбіткенде – ең асыл жан АНА. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе, жақсылық жасаса, Алла ол кісіні жәннатына кіргізеді», – дейді. «Дүниеге қыз келген уақытта, Алла ол жерге періштелерін жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын», - дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап: «Қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, қияметке дейін оған Алланың жәрдемі болады» делінген аяттарда. Жалпы, қыз баланың қазақ халқының…
Бейсенбі, 22 Тамыз 2019 14:16

Бизнес – для молодых

В 2019 году, объявленном Елбасы Нурсултаном Назарбаевым Годом молодежи, Национальная палата предпринимателей РК «Атамекен» в рамках системного обучающего проекта «Бастау» запустила пилотный образовательный проект «Жас кәсіпкер», ориентированный на развитие и поддержку молодежного предпринимательства. Таким способом НПП «Атамекен» оказывает дополнительную помощь юношам и девушкам, которые решили открыть свой бизнес. По словам директора департамента массового предпринимательства и микрофинансирования НПП «Атамекен» Бауржан Оразгалиева, «Жас кәсіпкер» ориентирован на парней и девушек от 18 до 29 лет: «стартующих» бизнесменов, безработных, выпускников вузов и колледжей, людей с ограниченными возможностями, не имеющих постоянных доходов. У начинающих предпринимателей будет возможность получить гранты и льготное финансирование в качестве первоначального…
Сәрсенбі, 21 Тамыз 2019 12:31

Жетісу – адалдық алаңы

Сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік биліктің институттарына сенімін күшейту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінде «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Аталған жобалық кеңсенің ашылуына Еңбекшіқазақ аудандық филиалы «Жастар ресурстық орталығының» жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысты, Жоғарыда аталған кеңседегі алғашқы отырыста аудандағы жастардың белсенді тобымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастар өкілдерінің аталған жобаны жүзеге асыруға қатысуы туралы, сонымен қатар, кеңсенің ақпараттық материалдық базасын нығайту туралы, атап айтқанда, сенім телефонын орнату, кең форматты теледидар экранымен қамтамасыз ету және түрлі түсті үгіт материалдарын орналастыру қажеттілігі сөз болды. Қазіргі уақытта, жоба кеңсесі мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсарту…
Жалындаған жастығында тау қопарып, шаһар тұрғызбаса, білім алып, ілім жинамаса, желіп жүріп жер танымаса, ел қамын ойлап, мемлекетке пайдасын тигізбесе оның несі жастық?! Сондықтан да болар, халықта «Жастықта жиған білімің, қартыққа жұмсар мүлігің», «Парасат көрсең – қарттықтан, тамаша көрсең – жастықтан» дейтіні. Назым Хикмет Ран: «Жастық – арман. Бұл – сенім. Бұл – ерлікке құштарлық. Бұл – болашақ жөніндегі үлкен-үлкен жоспарлар. Бұл – болашақ атаулының бастауы» деп адамның қайталанбас керемет шағын жеткілікті сипаттап бергендей. Ендеше, бүкіл халық сенім артып отырған «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жастарымыздың қарқыны қандай? Аудан арманшылдарының алға қойған мақсаттары мен бағдары айқын ба?, –…
Page 1 of 6
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет