Күндер бойынша реттелген элементтер: Сейсенбі, 05 Мамыр 2020
Сейсенбі, 05 Мамыр 2020 11:15

Майдангерге мың алғыс!

 

Поздравляем наших ветеранов!

Министерство труда и соцзащиты населения проработало с акиматами и Центральным советом РОО «Организация ветеранов РК» вопрос одинаковых сумм единовременных выплат ветеранам и инвалидам Великой Отечественной.

В канун наступающего Дня Победы в Енбекшиказахском районе проживают шестеро ветеранов Великой Отечественой войны. Каждому из них  уже вручена единовременная выплата в сумме один миллион тенге.  Кроме того, социальную и материальную помощь фронтовикам окажут местные предприниматели, предприятия и организации. С наступающим праздником, дорогие защитники Родины! От имени совета ветеранов района желаю вам крепкого здоровья, семейного благополучия, почета и уважения от младших поколений! Низкий вам поклон!

Тлеулес УЗАКОВ, председатель  совета районной организации ветеранов

***

Солтанбай Жарықбасов

Солтанбай Жарықбасов 1925 жылы 17 ақпанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға       ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында әскерге аттанады. Забайкалье майданындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бригаданың құрамында 1-ші батальонының, 1-ші ротасының, пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан. 1950 жылдың сәуірінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылына оралып, колхоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады.1951 жылы Түрген педагоги-калық училищесін, 1969 жылы Қазақ педагогикалық институты-ның тарих факультетін сырттай бітірген. 1951 жылдың қыр-күйегінен 1956 жылға дейін Алексеевка және Ключи орталау мектептерінде мұғалім болып істеп, 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгеруішісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға, яғни зейнеткерлікке шыққанға дейін, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1992 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар алқа-сының төрағасы болып, еліне еңбегін арнаудан жалыққан емес. Солтанбай атамыз бұл күнде аудан тұрғындарының алдында беделі жоғары,  Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 1 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған ақсақал – сегіз баласынан немере, немерелерінен шөбере сүйіп отыр. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз өзінің кіндік қаны тамған Алға ауылында, ауылдастарының ақылшысы  болып ғұмыр кешуде.

***

Николай Савраев

Савраев Николай Григорьевич родился 6 сентября 1925 года в селе Сарыкамыш Ужанихинского района Новосибирской области.

До призыва в армию работал бригадиром поливной бригады колхоза «Коминтерн» Каргатского района Новосибирской области.  В 1943 году был призван в армию. Обучался в школе младших командиров (по охране особо важных объектов промышленности), в составе 22-го полка и 32-й дивизии воевал на Западной Украине, в Белоруссии, в 1944-1949 годах участвовал в борьбе с бандеровцами. Младший сержант. В 1944 году был контужен. В 1949 году демобилизован. С 1949 года по 1957 год работал заведующим МТФ, учетчиком полеводческой бригады колхоза «Ярославский», с  1957 до 1985 года, то есть до выхода на пенсию, работал водителем-механиком совхоза «Иссык» Енбекшиказахского района. Был членом КПСС.

Награжден орденом Отечественной войны, медалями «За Отвагу», «Маршал Жуков», «Ветеран труда» и  юбилейными медалями «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл». Проживает в селе Болек Болекского сельского округа.

 ***

 

Жылқыбай Тәжіқұлов

Тәжіқұлов Жылқыбай 1923 жылғы 10 қарашада Өзбекстанның Бұхара облысының Тамды ауданында дүниеге келген. Жастай жетім қалғандықтан 1933 жылдан Беруни ауданындағы «Естемес» балалар үйінде тәрбиеленген.

Беруни ауданында мал дәрігері мамандығы бойынша жұмыс істеп жүргенінде 1941 жылы әскерге шақырылады. Сол мезгілде Саратов облысының Пугачев қаласында кіші командир курсын бітіріп, соғысқа аттанады. Ерлігімен көзге түскен Ж.Тәжіқұлов 100-ші жеке атқыштар бригадасында батальон командирі болып, қол бастаған. Калинин қаласы мен Украина жерін азат етуге қатысқан атамыз, Қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметовамен бір полкте болып, жаумен шайқасқан. 1944 жылы оқ ұшқындары тигендіктен екі көзі көрмей, оң қолы тартылып жаралануына байланысты еліне оралып, ауыл шаруашылығында мал дәрігері болып 1967 жылға дейін қызмет атқарады. 1967-1989 жылдары аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін май заводында қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген. «Красная звезда», 1 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен,  «За отвагу», «За боевые заслуги» және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған  мерекелік медальдармен марапатталған. 7 баласы, немересі, шөбере сүйіп отырған қариямыз 2011 жылдың қараша айында отбасымен, тарихи отаны Қазақстанға көшіп келіп, Есік қаласында тұрып жатыр.

 ***

 

 

Мұзапар Шәріпов

Мұзапар атамыз Ұлы Отан соғысына дейін Ташкенсаз ауылындағы «Қызыл-Шарық» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылғы сәуір айында әскер қатарына шақырылып Украина аумағында 365-ші жеке атқыштар дивизиясында, 1943-1944 жылдар аралығында 191-ші атқыштар дивизиясында автоматшы, пулеметші, нысанашы болып шайқастарға қатысқан. 1945 жылдың маусым айында Манчжурияға аттанады.

Армия қатарынан 1949 жылы елге оралып, 1952 жылға дейін аудандық жол құрылысында, 1954 жылға дейін аудандық құрылыс мекемесінде құрылысшы болады. 1954 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Социализм» совхозында ауыл шаруашылығының түрлі салаларында еңбек етеді. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Маршал Жуков» медалімен және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған мерейтойлардың мерекелік медальдарымен марапатталған. Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз ауылдық округінің Ташкенсаз ауылында тұратын қартымыздың 8 баласы, немересі, шөбересі бар.

 ***

Кузьма Коноваленко

Коноваленко Кузьма Кондратьевич родился 14 сентября 1927 года в Кемеровской области.

До войны работал плотником стройцеха на Сахалине. В 1945 году был призван в ряды Советской Армии. В составе Дальневосточного фронта принимал участие в боевых действиях против японских милитаристов на Курильских островах. Был в составе морской пехоты. После демобилизации в 1951 году работал строителем на Сахалине, здесь же окончил курсы шоферов. По призыву на целину переехал в село Первомайское Павловского района Алтайского края, где работал шофером совхоза «1-мая».В 1964 году, прибыв в Алматинскую область, работал шофером в совхозе «Талгарский" Енбекшиказахского района, с 1965 года водитель 4-й Алматинской автобазы, до выхода на пенсию – в 1969-1977 годах шофер Алексеевской ППС. Награжден орденом Отечественной войны второй степени, медалями «За победу над Японией», «Маршал Жуков» и юбилейными медалями «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «40 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл». Проживает в селе Байтерек Байтерекского сельского округа.

 ***

  

Максим Утлов

Утлов Максим Тимофеевич родился 15 августа 1918 года в селе Медведка Тюменского района Алтайского края.

Призван в ряды Советской Армии в 1941 году. В 1942 году окончил школу радиотелеграфистов и был направлен на Северо-Западный фронт. В 1943 году направляется радиотелеграфистом в Иран в связи с Тегеранской встречей глав государств СССР, США и Англии. Демобилизован в 1946 году. С 1947 года работал электриком, управляющим, директором магазина, заведующим общепита колхоза «Дегерес» Жамбылского района Алматинской области, с 1966 года до выхода на пенсию – экспедитор, заведующий складом совхоза «Талгарский» Енбекшиказахского района. Награжден орденом Отечественной войны второй степени, медалью ««За победу над Германией» и юбилейными медалями. Проживает в селе Байтерек.

ТҮЙІН ОРНЫНА: Ұлы Жеңіс бізге не берді? Дербестік... Тәуелсіздік! Міне, біздің бұл өмірдегі басты құндылығымыз. Алайда, дархан даламызда қаншама қан төгілді, жетім бала мен жесір ана жасынан кейінгі ұрпақтың жүрегі езілді. 4 жылға созылған сұрапыл соғыста 1 млн 200 мың қазақстандық жауынгердің 600 мыңы отты ортадан еліне оралмады. Кеңес одағының 27 миллионға жуық адамы ұрыс алаңында жан тәсілім етті.  Иә, бәрі өтті, кетті. Ендігі майдангерлеріміздің саны да жыл санап кеміп келеді. Әлбетте,  бұл табиғи жаратылыс заңы. Десек, те елдік мұрат жолында жастығын да, күш-жігерін де жұмсаған Батырларымыздың ерліктері ел есінде, ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бүгін ауданымызда көзі тірі 6 ардагер қалды.  кейінгі ұрпақ парызы – осынау майдангерлеріміздің жүріп өткен жолын тарих парағында таңбалау. Қуантарлығы сол, ел басына күн туып, ұлт саулығы сынға түскен бүгінгі сәтте ауданның ерікті жастары ардагерлерімізді де ұмытпай, үйлеріне барып, қолынан келген көмекті жасап жатқанының талай мәрте куәсі болдық. Міне, ұрпақтар сабақтастығы дегеніміз осы болса керек. Лайым, елім деген ерлеріміз, ерім деген еліміз аман болсын!

 

 

Published in Мақалалар
Сейсенбі, 05 Мамыр 2020 10:44

Білімнің салтанат құруы

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау екендігін ескеріп, тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуымыз үшін тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың төмендегідей бірнеше бағыттарын ұсынды. Олар – бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.

Тұңғыш Президентіміз аталған жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы-шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».

Бағыттардың барлығы да өзекті. Дегенмен білім саласының маманы ретінде төртінші бағыт «Білімнің салтанат құруы» атты жаңғыруына тоқталсам.

Кез келген күштің дәрежесі бірлікте, ендеше рухани жаңғырудың тағы бір қыры, елді бірлік пен татулыққа шақыру болып табылады.

Қазақ үшін прагматизм керек. Жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Десе де, еліміздің өзгелерден дараланып тұруының бірден-бір жолы – ұлттық болмысымызды сақтау.

Тұңғыш Президентіміз білім және ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Білімді болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» атты мақаласында: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деп жазады Тұңғыш Президентіміз.

Қазақстан әлемде жоғары білімді, халық үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек.

 «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Білімнің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы. Білімді болу – біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.

Жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамызды жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындық және ұтымды ұмтылысты қажет етеді. Өйткені бұлар – біздің ұлтымыздың болашағы мен рухани әлеуетіне тікелей қатысты. Біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өркениетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналамыз. Бұл – біздің тарихи таңдауымыз.

Мен қорыта келе Тұңғыш Президентіміздің сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін білімнің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажет екендігін түсінемін.Тұңғыш Президентіміз рухани жаңғыруға қатысты ұстанымдары, әсіресе білім саласы ұлттың дамуына әсер ететін ең маңызды фактор деп санаймын. Жас-тарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім алу әрдайым бірінші кезекте тұруы міндет деп есептеймін.

 

Бәтес АМАНОВА,

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы

Published in Мақалалар

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Əскери қызметтің белгілен ген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді запасқа шығару жəне Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жыл дың наурыз – маусымында жəне қыркүйек – желтоқсанында мерзімді əскери қызметке кезекті шақыру тура лы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпан дағы №266 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., №7-8, 35-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызмет тегі əскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз – маусымында жəне қыркүйек – желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азамат тарын 2020 жылдың наурыз – тамызында жəне қыркүйек – желтоқсанында мерзімді əскери қызметке кезекті шақыру туралы»; 2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Əскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құ қығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында жəне қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күш теріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді əскери қызметке шақырылсын. 3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті əскери басқару органдары арқылы 2020 жылдың наурыз – тамызында жəне қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді əскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын жəне қамтамасыз етсін». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 сəуір №312.

Published in Санаты жоқ

 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін ұзарту мәселелеріне арналған онлайн-баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға спикер ретінде ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің басшысы, полковник Сәкен Жүсіпов қатысты.

Спикер өз сөзінде Мемлекет басшысы белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойылғанын хабарлады.

ҚР ҚК БМ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің басшысы азаматтарды әскери қызметке шақыру төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін қайта басталатынын және 31 тамызға дейін созылатынын түсіндірді. Өз кезегінде, 2019 жылдың көктемінде шақырылған әскери қызметшілерді босату төтенше жағдай режимі алынып тасталған жағдайда 2020 жылдың 30 маусымына дейін жүргізіледі. Бұл ретте шақыру және босату қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылатын және жүргізілетін болады, қандай да бір өзгерістер енгізу болжанбайды.

Анықтама: ҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 26-бабының 5-тармағына сәйкес Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында 2019 жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жұмыстан шығару тоқтатылды. Сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысы тоқтатылды және жас толықтырушыларды әскерлерге жіберу тоқтатылды.

Спикер әр түрлі міндеттерді орындау үшін (патрульдеу, дезинфекциялау, блок бекеттерін күзету) төтенше жағдай режимі жағдайында 29 қалада Қарулы Күштердің 9,5 мың әскери қызметшісі қатыстырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтен босатылуға жататын әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар практикалық іс-шаралар өткізуде.

Спикердің айтуынша, әскери қызметшілердің осы категориясында заттай, азық-түліктік, медициналық және қаржылық қамтамасыз ету қамтылған барлық үлес түрлері сақталады.

"Белгіленген мерзімді өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді босатуды тоқтату және азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру мерзімін ауыстыру туралы шешім біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет қабылданып, біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті С. Жүсіпов.

Шақыру науқанын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар жедел әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды ПТР-тестілеуді өткізу, сондай-ақ шақырылушыларды хабарлау және жинау, құрама пункттерде медициналық куәландыру және әскерлерге жөнелту барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Published in Санаты жоқ

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемел­ұлы, Сіздің Президент ретіндегі алғаш­қы сұхбатыңыз былтыр «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған еді. Ең алды­мен, қазіргідей күрделі кезеңде ой-тол­ғамдарыңызды тағы да біздің га­­зе­тіміз арқылы оқырманға жеткі­зуге келісім бергеніңіз үшін алғыс білді­реміз.

– «Егемен» – елдің үні, ұлттың мінбері. Қазақ тарихының жүз жылдық жылнамасы. Сондықтан бас басылым арқылы ел-жұртпен тілдесудің маңызы зор.

– Ендеше, сұхбатты бастайық. Өткен аптада коронавирус індетіне қатысты мәлімдеме жариялап, жұрт­шылықты толғандырған көптеген мәселені ашық айттыңыз. Осыған дейін де телевизия арқылы үндеу және мәлімдеме жасаған болатынсыз. Жалпы, еліміздің қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз? Бұдан кейінгі бағыт-бағдарымыз қандай болмақ?

– Пандемия бүкіл әлемнің қалыпты тіршілігіне айтарлықтай әсер етті. Індеттің салдарынан дүние жүзінде экономикалық белсенділік күрт төмендегенін көріп отырсыздар. Шикізат бағасының құлдырауы экономикалық жағдайды қиындататыны анық. Халықаралық валюта қорының пайымдауынша, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім едәуір төмендейді. Әрине, мұндай дағдарыстан кейін экономиканы қалпына келтіру оңайға түспейді. Шұғыл әрекет етпесе, әлемдік рецессия күрделене бермек. Сондықтан шамасы жететін елдер өз азаматтарына қолдау көрсету үшін нақты жұмыстар жүргізуде.

Біз Қазақстанда төтенше жағдайды дер кезінде жарияладық. Осындай шаралардың арқасында вирустың жаппай таралуына жол бермей, қоғамдағы тұрақтылықты сақтап отырмыз. Дағдарысқа қарсы шаралар үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенін білесіздер. Ең алдымен, жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге мөлшерінде төлем жасауды ұйғардық. Жалпы, 4,2 миллион адам бұл көмекті алды. Оны екінші айда да жалғастырамыз. Бұдан бөлек, 1 миллиондай мұқтаж жан  азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілетін болды.

Осындай күрделі кезеңде халыққа көмек көрсетілмесе, мемлекеттілігімізге сын емес пе?! Әрине, ақша таратып берумен ахуал түзелмейді. Дағдарыс жағдайында кешенді әрі жүйелі шаралар ұйымдастырған абзал. Ең алдымен, жастарды жұмысқа орналастыру керек. Сондықтан 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Әр өңірде инфрақұрылымдық және инженерлік жобалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары бар. Міне, жұмыссыз қалғандарды солар­дың құрылысына, жөндеу жұмыстарына жұ­мылдырудамыз.

Уақытша қиындыққа тап болған 1,6 миллион кәсіпкердің несиесін қайтару мерзімі кейінге шегерілді. Мұндай шара іскер азаматтарды қолдау үшін қажет. Сондай-ақ «Қарапайым заттар эко­но­микасы» бағдарламасының қаржысы 1 триллион теңгеге дейін көбей­тілді. Бұл қаражат жаңа жобаларды қай­та қаржыландыруға, жеңілдік шарт­тары­мен несие беруге жұмсалады. Кәсіп­кер­лер үшін салықтар мен басқа да міндет­ті төлемдер мерзімі ұзартылды. Зардап шеккен шағын және орта бизнес өкіл­дері еңбекақы төлеу қорының міндетті төлемінен алты айға босатылды.

Ерекше атап өтер жайт, карантин ке­зін­де азаматтарымыз оқшаулануға тез бейім­делді. Көптеген кәсіпорын мен меке­ме қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірді. Қоғамның жаңа үрдіс­терге дайын екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Жалпы, Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдары айқын. Елбасы бұл мәселе жөнінде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында нақты атап көрсетті. Кез келген дағдарыс тың бастамаларды туын­датады. Әрине, осы кезеңнен сабақ алып, осал тұстарымызды жетілдіруіміз керек. Егер індет өршіп кетпесе, 11 ма­мырда төтенше жағдай режімі аяқ­та­лады.

– Мәлімдемеңізде айтылғандай, қазіргі ахуал бүкіл әлемге оңай тиіп отырған жоқ. Қысылтаяң кезеңде доллар бағамы өсіп, төл теңгеміз құнсыздана түсті. Пандемиядан кейін теңгенің бағамы тұрақтанып, қалпына келуі мүмкін бе?

– Басқа елдердің валюталарымен қатар біздің теңгеміздің де құны кеміп кеткені рас. Осыған орай, Үкімет пен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қабылдады. Мен квазимемлекеттік секторға экспорттан түсетін табыстың бір бөлігін ішкі нарықта сатуды тапсырдым. Сондай-ақ олар шетел валютасындағы депозиттерін еліміздің қаржы жүйесіне қайтаруда. Бұл қа­ражат нақты жобаларға жұмсалады. Осы және басқа да шаралар доллар тап­шы­­лығын болдырмау үшін жасалып отыр.

Әрине, нарықтық экономика жағ­дайында мұндай мәселені реттеу оңайға соқпайды. Оның үстіне, еліміздегі шетел валютасының басым бөлігі шикізатты сатудан түсетіні жасырын емес. Ерте ме, кеш пе, теңге бағамы тұрақтанады. Бірақ бұған сыртқы факторлар әсер етпей қоймайды. Теңгенің долларға қатысты бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынымның азды-көптігіне қарай түзелетіні белгілі. Сондықтан құзырлы органдар валюта нарығына қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесетін болады. Алдағы уақытта Ұлттық банк теңгенің еркін бағамы қағидатын ұстанып, Үкіметпен бірлескен жұмысын жалғастыра береді.

– Сіз бұған дейін мұндай кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жауап­­­кер­шілік таныту қажеттігін айт­т­ы­ңыз. Бұл құрылымдар, көбіне, дағ­да­­рыс кезеңінде қолдау бола ма деп мем­­лекетке жүгінетіні жасырын емес. Жал­­пы, осы дұрыс па? Төтенше жағ­дай­ға байланысты сол банктер ха­лық­­қа қандай көмек көрсете алады?

– Банк жүйесі – қаржы нарығының аса маңызды бөлігі. Банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мемлекет те, бизнес өкіл­дері де, қарапайым салымшылар да мүд­делі. Сондықтан банктерге тегіннен-тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлт­тық экономиканы көтермелеудің бір жолы.

Қазір банктердің үздіксіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Депозиттерге кепілдік беретін қор да тұрақты жұмыс істеуде. Бұл ахуалды Ұлттық банк ба­қылап отыр. Сондықтан салымшы­лардың қара­жа­тына ешқандай қатер төніп тұрған жоқ.

Төтенше жағдай кезінде екінші деңгейдегі банктер әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалдың тұрақтануына өз үлесін қосты деп айта аламыз. Ең алдымен, банктер кәсіпкерлерге және азаматтарға берген несиені қайтару мерзімін кейінге ауыстырды. Нақты айтқанда, несие төлемдері 3 айға шегерілді. Табысынан айырылғандарға мұндай көмек қажет. Бірақ жұртшылық арасында несиені мүлдем қайтармаймыз деген түсінік қалыптаспауы керек. Бұл – жаңсақ пікір.     

Сондай-ақ Үкіметтің қатысуымен шағын және орта бизнес өкілдеріне жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленді. Егер банктер кәсіпкерлерге, азаматтарға несие беруді тоқтатса, экономиканың көптеген саласы тұралап қалады. Біз бұған жол бермейміз.  

Менің тапсырмам бойынша Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін қосымша шаралар қарастыруда.

– Жағдай одан әрі күрделене берсе, бюджетіміз бұл ауыртпалықты көтере ала ма? Алдағы уақытта ел бюджетіне тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін бе?

– Дағдарыс жағдайында, көбіне, бюджеттің кірісі мен шығысын реттеу қажеттілігі туындайды. Үкімет дағдарыс кезеңінде бюджетті нақтылаудың ерекше тәртібін бекітті. Коронавируспен күре­су үшін қомақты қаржы бөлінгенін біле­сіздер. Ел азаматтарына қолдау көрсету, экономикалық белсенділікті арттыру шаралары қосымша қаржыны талап етеді.      

Ескерте кететін бір жайт, бюджет қар­жысына қымбат көлік пен жиһаз алын­байды. Ауқымды жиындар өткізуге арналған қаражат қысқартылды. Кейбір инвес­тициялық жобалар кейінге қалды­рылды. Үнемделген қаражат экономи­каның тұрақты дамуын және төтенше жағдай режімін қамтамасыз етуге жұм­салуда. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылып жатыр.

– Экономикамыздың бір тірегі – ауыл шаруашылығы. Қазіргідей сын сағатта бұл салаға айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Әсіресе егіс науқанына кіріскен шаруаларға нақты жеңілдік беріледі. Ал енді ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін түзеуге арналған жоспарлар бар ма?

– Дұрыс айтасыз, еліміз үшін ауыл шаруашылығының маңызы зор. Дәл қазіргі басты міндет – егіс науқанын ойдағыдай өткізу. Қазақ «Көктемнің бір күні – жылға азық» дейді. Кез келген қауіп-қатерге қарамастан бұл жұмысты уақтылы жүргізу керек.

Мәлімдемеде айтылғандай, биыл көктемгі егіс науқанына және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыш сатып алуға жұмсалады. Сонымен қатар шағын және орта шаруа қожалықтары жанармайды арзан бағамен алады. Осыған орай 390 мың тонна дизель отыны жеңілдікпен сатылуда. Мұның бәрі мол өнім алуға септігін тигізеді деп сенемін.

 Қазір халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету – негізгі мәселенің бірі. Мен мұны Үкіметке де, әкімдерге де тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Жалпы, елімізде азық-түлік жеткілікті. Алдағы кезеңде бағаны қымбаттатпай, елді дүрліктірмей, жұмысты дұрыс жүргізген жөн.

Ең маңызды мәселе – ауылдағы жас­тарға жағдай жасап, оларды жұмыспен қамтамасыз ету. Әйтпесе бақылаусыз миграция мен урбанизацияға ұшырап, соның салдарынан күрделі әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуімізге тура келуі мүмкін. Міне, біз осындай қиыншылықтарды көре бастадық. Әсіресе бұл ірі қалаларда байқалуда. Осы мәселелер мемлекеттік органдардың ұдайы назарында болуы керек.

– Карантинге байланысты оқу үдерісі өзгерді. Оқу жылының әдет­тегі­ден өзгеше аяқталатыны жұртты алаң­датып отыр. Осы мәселенің шешімі қандай болмақ?

– Биылғы 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтан оқытыла бас­тады. Індеттің таралуына жол бермеу үшін осындай қадамға бардық. Екінші жағынан, бұл – заман талабы.

Интернет жылдамдығы әртүрлі болғандықтан, қашықтан оқытудың бірнеше жолы ұсынылды. Атап айтқанда, телесабақ, интернет-платформадағы сабақ ұйымдастырылды. Интернет байланысы жоқ 57 елді мекенде тұратын оқушылар пошта қызметі арқылы оқу үдерісін жалғастырып отыр. Жергілікті атқарушы органдар мұғалімдер мен оқушыларды компьютермен, мобильді интернетпен қамтамасыз етуде. Үкімет қорынан байланыстың мүмкіндіктерін арттыру үшін қаражат қарастырылды. Осының нәтижесінде қашықтан оқыту қазір қалыпқа түсті.

Жалпы, соңғы жылдарда қашықтан оқыту тәсілі жаһандық үрдіс ретінде қалыптасты. Әлемнің көптеген жоғары оқу орындары бұл әдісті кеңінен қолданып келеді. Мұның артықшылығы да, кемшін тұстары да бар. Әсіресе қазіргідей карантин жағдайында бұған балама жоқ. Сондықтан алдағы уақытта оны жетілдіре түскен жөн.         

Биылғы оқу жылы ойдағыдай аяқта­лады деп ойлаймын. Оқу үлгерімін баға­лауға қатысты еш қиындық туын­дамауы тиіс. Әрине оқушылардың өз мұға­лімдерімен және құрбыларымен жүздесіп, әдеттегідей сабақ оқығанына не жетсін. Бұл – уақытша қиындық. Бұған түсіністікпен қарап, шәкірттеріне қашық­тан білім беріп жатқан ұстаздар қауымына ризашылық білдіремін.

– Пандемияға қарсы күрестің алғы шебінде жүрген дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетіп келесіз. Осы мәлім­демеңізде де оларға шынайы жана­шырлық таныттыңыз. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін не істеу керек?

– Барша жұртқа қауіп төндірген індетті ауыздықтау үшін, ең алдымен, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Оларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңызы зор. Билік тарапынан барынша жағдай жасалуда.

Өкінішке қарай індетпен күрес барысында медицина жүйесінің осал жақтары да анықталды. Сақтық шараларына қарамастан, көптеген медицина қызметкері вирус жұқтырып алды. Дәрігерлеріміз онсыз да жетпей жатқанда, осындай қиындыққа тап болдық. Бұл жағ­дай тікелей бақылауымда. Нақты тапсыр­малар берілді. Індетпен күресуге атса­лыс­қан дәрігерлерге тиісті үстемеақы төле­нуде.

Қазіргі уақытта медицина қызметкер­лерінің мәртебесін арттыру өзекті мәселеге айналды. Дәрігерлерге берілетін әлеуметтік кепілдік аясын кеңейтіп, ынталандыру жүйесін жетілдіру қажет. Пандемия денсаулық сақшыларына қолдау көрсетудің аса маңызды екенін аңғартты. Біз тәуелсіздік алғалы бері бұл салаға мән беріп келеміз. Дегенмен әлі де атқаратын жұмыстар аз емес.

Коронавирус індеті медицина ғылымын дамытудың да өзекті екенін көрсетіп берді. Қазір бүкіл әлем осы салаға ерекше назар аударып, жұқпалы аурулармен күресті күшейтуде. Бұл – заңды құбылыс. Алдағы уақытта елімізде медициналық-биологиялық зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені айбынды әскермен бірге мықты медицина да – мемлекеттің негізгі қалқаны. Бұдан былай оның өзектілігі арта түсетіні сөзсіз.

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында мо­дульдік жұқпалы аурулар ауруха­насы ашылды. Оның небәрі екі апта ішінде салынғанын білесіздер. Ауруха­на халықаралық талаптарға сай жабдық­талған. Оны арнайы барып аралап көр­дім. Сонымен қатар ғалымдарымыз диагнос­тикалық тест жүйесін әзірлеп шықты. Міне, осындай нақты жұмыстар саланы жетілдіре түсетіні сөзсіз. Денсаулық сақ­тау министрлігі алдағы уақытта да меди­ци­налық қызмет сапасын арттыру үшін ау­қымды әрі жүйелі жұмыс жүргізуі керек.

– Әл-Фараби мен Абай мерейтойлары аясында көптеген іс-шара жоспарланғаны белгілі. Енді осы жобаларды орындау тәртібіне өзгеріс енгізіле ме?

– Ұлыларды ұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абай мұрасын зерделеу ар­қылы қазақ даласындағы өркениеттің та­мыры терең екенін көрсетеміз. Сон­дық­­тан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын.

Абай өзінің «толық адам» тұжы­ры­мын мирас етсе, Әл-Фараби «бақытқа жету жолындағы қайырымды қоғам» қағидасын өсиет етіп қалдырды. Ұлы ой­шылдардың әділдік пен ізгілік жөніндегі ұстанымы баршаға белгілі. Менің «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам осы қағидалармен үндеседі.

Мерейтойлар аясында мемлекеттік және өңірлік жоспарлар жасалды. Бүгінге дейін кейбір жобаларды жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі ахуалға байланысты түрлі мерейтойлық шаралар онлайн форматында өткізілуде. Бұл жобалар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурс­тарда да кеңінен насихатталады.

– Сіз сыртқы саясаттың қыр-сырын жетік білесіз. Көп жыл дипломатиялық қызметте болдыңыз. Қазіргі заманда ұлттық мүддеге берік болу үшін сыртқы саясатымызды қалай жүргізуіміз керек? Жалпы, пандемиядан кейін халықаралық қатынастар қалай өрістейді?

– Бүгінде бүкіл әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл, әсіресе осы пандемиядан кейін анық байқалады деп ойлаймын. Осындай сын сағатта әр мемлекет, ең алдымен, өз азаматтарының қауіпсіздігін ойлайды. Бұл – заңды нәрсе. Бірақ мұндай күрделі кезең халық­аралық ынтымақтастыққа сызат түсір­меуі керек. Соңғы апталарда мен бірқа­тар елдердің және халықаралық ұйым­дардың басшыларымен телефон ар­қылы сөйлестім. Түркітілдес мемлекет­тердің ынтымақтастық кеңесінің бейнесаммитіне және Жоғары еуразия­лық экономикалық кеңес мүшелерінің онлайн форматындағы жұмыс кездесуіне қатыстым.

Қазір пандемиямен күрес жүргі­зу бағытындағы халықаралық ынтымақ­тас­тықты күшейту қажет. Осыған орай біз серіктес елдермен бірге күш жұмыл­дырып отырмыз. Бұл – індетке қарсы тұрудың негізгі жолы. Жалпы, сыртқы саясатымыздың сабақтастығы сақтала­тын болады. Өзіміздің дәстүрлі және жаңа серіктестерімізбен өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыта береміз.

Сонымен қатар кез келген мемле­кет үшін басқа елдерден инвестиция тартудың маңызы зор. Сондықтан біз де сыртқы саясатта экономикалық дипломатияға баса мән береміз. Бұл – Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған стратегиясындағы басым бағыттың бірі. Алдағы кезеңде де солай болып қала береді. Сыртқы саясат сөз жүзінде емес, іс жүзінде сындарлы болуға тиіс. Дипломатия саласы да індеттің салдарынан сабақ алғаны жөн.

– Президент қызметіне кіріс­кені­ңізге бір жылдан асты. Осы уақыт аралығында бірқатар мақсат-мін­детті алға қойдыңыз. Жалпы, өз бастамаларыңыздың орындалу барысына көңіліңіз тола ма?

– Қазақта «Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөз бар. Осы орайда мемлекеттілікті нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін маңызды бастамалар қолға алынды.

Ең алдымен, қоғамның береке-бірлігі бекем болуы керек. Бұған билік пен халық арасында тұрақты диалог орнату арқылы қол жеткізуге болады. Осыған орай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық сананы жаңғыртуға арналған ауқымды шаралар ұйымдастыру, өзекті мәсе­лелерді талқылап, тиімді ұсыныстар әзір­леу. Бүгінге дейін кеңестің екі отырысы өткізілді. Саяси, экономикалық және әлеу­меттік жаңғыру бағыттары бойынша көп­теген ұсыныс жасалды. Қоғамды алаң­датқан түрлі мәселелер қызу талқыға түсті.

Заман талабына сай саяси реформалар жүргізілуде. Қазір менің бастамаммен Парламентте бірқатар маңызды заң­на­малық өзгерістер талқылануда. «Бей­біт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы қарас­тырылып жатыр. Бұл еліміздің демократиялық дамуын айқындайтын өте маңызды құжат болатынына күмән жоқ.

Мәжіліс пен мәслихат депутат­тарының сайлауына түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота бөлетін болады. Осыған орай заңға тиісті толықтырулар енгізу қарастырылуда. Сондай-ақ саяси партия­ларды тіркеуді жеңілдету, парламенттік оппозиция институтын қалыптастыру үшін заңнамаға маңызды түзетулер жасалмақ.

Осы өзгерістер саяси үдерістерді одан әрі либерализациялау жолындағы нақты қадам болады деп сенемін.  Жан-жақты саяси реформалар жалғасады. Бұл – біздің стратегиялық таңдауымыз.

Сондай-ақ азаматтардың өтініш-тілектерін жедел қарастыру үшін «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рымдамасын ұсындым. Бұл – өте маңызды әрі қажет бастама. Шенеунік­тер­дің міндеті – ең алдымен, халыққа қыз­мет ету. Олар ел-жұрттың мұң-мұқта­жына құлақ аспағанда кімге құлақ асады?! Осы қағидатты барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңірген жөн. Қазірдің өзінде бұл бағытта оң өзгеріс бар.

 Отандық бизнесті дамытуға арналған бірқатар бастама жүзеге асты. Менің тапсырмам бойынша шағын және микро бизнес өкілдері үш жылға табыс салығынан босатылды. Олардың қызметі алдағы үш жыл бойы тексерілмейді. Сол үшін мораторий жарияланғанын білесіздер. Қазіргі төтенше жағдай кезінде де кәсіпкерлерге үлкен қолдау көрсетілуде. Оны жоғарыда атап өттім.  

Елді алаңдататын өзекті мәселенің бірі баспана екені белгілі. Осы бағытта да ауқымды жұмыстар атқарылды. Үкімет алдына Елбасы ұсынған «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясын кеңейтіп, тұрғын үй құрылысын жандандыру міндеті қойылды. Соған сәйкес, биылдан бастап жыл сайын көп балалы және мүгедек балалары бар 10 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.       

Аз қамтылған және көп балалы отба­сыларға арналған әлеуметтік көмектің жаңа түрлері енгізілді. Мысалы, көп балалы отбасыларға табысына қарамай жәрдемақы беріле бастады. Жарты миллионнан астам азаматтың 300 мың теңгеге дейінгі кепілсіз несиесі өтелді. Бұл бастамалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. 

Былтыр «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Соған орай алдағы төрт жылда ұстаздардың еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл жұмыс жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бюджет саласындағы басқа да қызметкерлердің жалақысы көбейтілуде.

Мен талантты да талапты жастарға сенім артамын. Сол себепті «Президенттік жастар кадрлық резервін» құрып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан 300 жасты іріктеп алдық. Олардың біразы қызметке орналасты. Тиісті мемлекеттік органдарға жастар саясатына арналған жаңа кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырдым.

Осы жылды «Волонтер жылы» деп жарияладым. Бүгінде бұл бастаманың дер кезінде көтерілгенін көріп отырмыз. Қазіргідей төтенше жағдайда волонтерлер аянбай еңбек етіп жүр. Күрделі кезеңде белсенділік танытқан жігерлі жастарды үлгі тұтуымыз керек.

Жалпы, бір жыл ішінде нақты жұмыстар атқарылды. Сондықтан елдің еңсесін көтеретін мұндай шешімдер алдағы уақытта да қабылдана береді.

– Келесі жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы орайда жаңа мүмкіндікпен бірге жаңа қауіп-қатердің де туындайтыны жасырын емес. Алдағы уақытта соған төтеп бе­ріп, елімізді өркендету үшін не нәрсеге баса мән бергеніміз жөн?

– Біз Елбасының салиқалы саяса­тының, халқымыздың ырыс-ынты­ма­ғының арқасында тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Осы жылдар ішінде тиімді басқару жүйесі қалыптасты. Егемен елі­міздің іргесін бекемдеу үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Өтпелі кезеңдегі бар­лық қиындықты еңсеріп, орнықты даму жолына түстік. Ендігі мақсат – осындай табыстарды еселеп, жаңа белестерді бағындыра беру.     

Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекет қана өз азамат­тарының еркіндігін қамтамасыз ете алады» деген екен. Халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанды мық­ты мемлекетке айналдыруымыз керек. Бұл ретте «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануымыз қажет.

Әлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Бірақ соның бәрі бірдей ұлттық мүддеге сай келе бермейді. Негізгі қауіп-қатерлер алда. Сондықтан қырағылық сақтай отырып, қиындықтарды еңсеруге әрдайым дайын болуымыз керек.

Жаңа сын-сынаққа төтеп беру үшін, ең алдымен, ұлттық құндылықтарды қор­ғай білген жөн. Ана тілімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық сана-сезімді, қоғам­дағы татулық пен келісімді, береке-бір­лікті сақтай алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәселесі өте маңызды. Тіл – ұлттың тұғы­ры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге таныта алады. Халықтың тілі – халықтың төлқұжаты. Мұны әрдайым есте ұстау керек. Біле білсек, ұлттық қа­уіпсіздік тілімізді қадірлеуден басталады.

Бүгінде цифрлы технологиялар қар­қынды дамып, қоғамдық өмірдің түрлі саласына дендеп еніп келеді. Біз осы үрдіске баса мән беріп отырмыз. Бұл – қазіргі заманның басты талабы. Мұны коронавирус індетіне байланысты туындаған күрделі кезең анық аңғартты. Менің тапсырмам бойынша Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында анықталған кемшіліктерді ескеріп, қайта қарайды. Цифрландыру үдерісі елімізді өркендетуге тың серпін беретіні сөзсіз. Оның мән-маңызы арта бермек.    

Елімізді өркендету үшін ұлттық экономиканы әртараптандыру үдерісін жалғастыра береміз. Осы жолда шағын және орта бизнеске барынша жағдай жасаған абзал. Сонымен қатар адами капиталды одан әрі дамытамыз. Бұл бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін қажет. Осыған орай білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларын да түбегейлі жаңғырту міндеті алдымызда тұр.

Тағы бір зор мақсат – елді еңбекке баулу. Шындықты айтсақ, шетелдерде халқымыз нағыз еңбекқор жұрт ретінде әлі таныла қойған жоқ. Бұл біздің беделімізге де едәуір нұқсан келтіреді. Қажырлы еңбектің арқасында ғана көп мәселені шешіп, мемлекетімізді дамытамыз, әл-ауқатымызды арттырамыз.

Сондықтан еңбекке баулу жастарға тәрбие берудің негізгі бағыты болу керек деп санаймын. Бұл ұлттың болашағына тікелей ықпал етеді. 

– Қасым-Жомарт Кемелұлы, қалыптасқан жағдайға байланысты елді алаңдатқан өзекті сауалдарға жа­уап бердіңіз. Енді соңғы сұрақ. Сонымен қазіргі күрделі кезеңнен қандай ой түйдіңіз?

– Төтенше жағдай күнделікті өмірі­мізге елеулі өзгеріс енгізді. Жоспар­ланған жұмыстарды, түрлі іс-шараларды кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Осындай кезде, ең алдымен, не нәрсенің аса бағалы екенін түсіндік. Бұл – адамның өмірі, адами қарым-қатынастар, азаматтардың денсаулығы, қоғамның береке-бірлігі. Бір-бірімізге қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін де аңғардық. Қалған дүниенің бәрін біртіндеп ретке келтіруге болады.

Пандемия кезінде бүкіл қоғамымыз сынға түсті. Көптеген азаматтар қиын сәтте елге қызмет етудің озық үлгісін та­ныт­ты. Бұл – парасатты патриотизмнің көрі­­нісі. Кез келген күрделі кезең адам­ның жігерін жанып, рухын қайрайды. Әлем­­ге жайылған індет тұсындағы ахуал хал­­қы­­мызды одан әрі ұйыстыра түсетіні анық.

Осы ретте, ұлы Абайдың «Тоқтау­лылық, қалыпты шыдамдылық – бұл қайраттан шығады, білсең керек» деген өлең жолы ойға оралады. Шын мәнінде, табандылық  пен төзімділік танытсақ, қиындыққа төтеп береміз. Еліміз бұл қиын­дықтан ширап әрі шыңдалып шы­ғады деп толық сеніммен айта аламын.

Барлық қиындықты бірге жеңеміз!

 

Әңгімелескен

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

«Egemen Qazaqstan»

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет