Сәрсенбі, 20 Мамыр 2020 14:53

Есік қаласында ПТР зертхана ашылады

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұқпалы індет белгісін анықтайтын арнайы орталық іске қосылмақшы. ПТР зертхана Есік қаласынан, ауданаралық көпсалалы аурухана жанынан ашылады.

Жалпы, ПТР зертханасы, нақтырақ айтқанда полимерлі тізбекті реакция талдауы адам бойында коронавирус инфекциясының белгісі бар-жоғын жылдам әрі нақты анықтайтын әдіс екен. Яғни, зертхана жұмысы молекулярлы биология тәсілімен жүріп, ферменттердің көмегімен жұқпалы індеттің ізін ерте тауып, емдеуге мүмкіндік береді. Ал Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Еңбекшіқазақ ауданын таңдап, ПТР зертханасын ашуға қолдау көрсетіуінің өзіндік себебі бар екен. Әуелі, Есіктегі клиника аймақтағы ең ірі медициналық мекеме қатарында. Бұл аймақтағы адамдарға қызмет көрсетудің ауқымын арттыруға мейлінше мүмкіндік бермек. Және қазірге дейін аудандық аурухана дәрігерлері жұқпалы індет жұқтырған науқастарды қабылдап, ем-дом жасаумен айналысып жатыр әрі бұл қызметі сапалы көрсетуде.

Екіншіден, аудандық клиника тарапынан алдын ала дайындық шаралары толықтай жүргізілді. Бұл зертханада жұмыс істейтін мамандар біліктіліктерін арттырып, осы жұмысқа бейімделген екен. ПТР зертханасы ғимараттың жеке блогында орналасқандықтан келушілердің кіріп, шығу мен биологиялық материалдарды қабылдаудына қолайлы жағдай жасалған. арналған жеке есік арқылы жүргізіледі. Яғни, енді Есіктегі ПТР зертханасына жүгінушілер науқас көрсеткіштері мен белгілері бойынша және дәрігердің жолдамасымен нақты уақыт режимінде жұқпалы ауруға қарсы диагностикадан өте алады.

Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасында коронавируспен күрес кезеңінде үш сатыдағы стационарлық орталық ұйымдастырылған екен. Бұл да ПТР зертханасының жұмысын сапалы жүргізуге тәжірибе мен білік тұрғысынан жәрдемін тигізбек. Мәселен, ауруханадағы карантин стационары 13 наурыздан бастап ашылып, қазірге дейін 140 пациент қабылдаған. Ем алған 100 науқас толықтай оңалып, үйлеріне баруға рұхсат алыпты.

Ал провизорлық стационар Төтенше жағдай жарияланған алғашқы күнінен бастап қызметке кіріскен. Осы аралықта провизорлық бақылауға жалпы 86 пациент алынса, оның сексені толық емдеу кезеңінен өтіп, дерттен айыққан екен. Және ауруханадағы инфекциялық стационар да 29 наурыздан бастап коронавирусқа шалдыққан пациенттерді қабылдай бастады. Бүгінге дейін стационарға 84 пациент жатып, шыққан. Әлі де 36 науқас осында ем қабылдауда.

Айтпақшы, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы заманауи ПТР-зертхананың ашылуына «Birgemiz Jetisy» қоғамдық қоры қаржылай қолдау көрсетіп отыр екен.

 
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ

Оқылды 2655 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет