Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмі желіде жарияланды.
«2009 жылы түсірілген Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмінде көрнекті ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар Алаш автономиясының құрылуы мен Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндайды.
Тарихнамалық материалдар сол дәуірдің бейнесі мен кейбір аңызға айналған тұлғалардың тағдырын көпке беймәлім қырынан ашады», делінген «Қазақфильмнің» Instagram-дағы парақшасында.