Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 17:06

Еңбек ардагері өткен жол

Мәңгі мызғымастай болып көрінген Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, бұрынғы одақтас республикалар тәуелсіздік алып, дербестікке бет қойған кезеңде біздің еліміз де ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асқақ арманы болған, осы жолда қаны мен жанын аямай күрескен халқымыз тоталитарлық орталық құрсауынан құтылып елімізді, мемлекеттігімізді құру жолына түскен еді. Қалыптасып қалған шаруашылық салаларды бір орталыққа бағынып, өндірісті жүргізуге ыңғайланған жүйені жойып, нарықтық яғни бәсекелестікке, экономика либералдық, яғни еркін сұранысқа бағытталуы тиіс болатын. Шешім дұрыс, өйткені әлемдегі дамыған елдер осы жүйеде, нарықтық жүйеде дамып келе жатыр емес пе?!

Бірақ осы жолдың қыр-сырын бірден меңгеріп, жоспарлы экономикадан бәсекелестік, сұраныстық нарық жүйесіне көшу саясатын терең игеріп, бұрынғы құрылымдарды түгел қиратпай, солардың негізінде жаңа сатыға көтеріліп кеткен өндіріс орындары некен-саяқ болғаны аян. Осы санаулы шаруашылықтың қатарында ауданымыздағы кеңес Заманында Октябрьский аталған кеңшар (совхоз) болатын. Өтпелі  кезеңде, жекешелендіру науқаны жүріп жатқан кездерде белгілі ырғақпен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан негізгі қор заңды-заңсыз жолдармен қолды болып, азып-тозып кеткен де мысалдар көп. Сүт өндіріп, оны өңдеп елге қажет өнімдерін тұтынушыға ұсынуға бағытталған сол Октябрьский кеңшарын басқарып, тауарлы сүт фермасын сақтап қалуға күш салған Төлеген Ешенғалиұлы Бабықбаев бұл күндері сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Қиындығы да, жемісті жылдары да молынан болған Төлеген ағаның өмір жолынан, еңбек жолынан сыр тартып, сұрастыра отырып, орта мектепті үздік бітірген жас жігітті Аягөз ет комбинаты бірден экономист қызметіне қабылдағанын анықтадым. Есеп-қисапқа жүйрік, ынталы жас маманды комбинат басшылығы арнайы жолдамамен жоғары білім алуға Алматыға аттандырады. Қазақ мемлекеттік университетінің Экономика факультетінде оқып, 1965 жылы Халық шаруашылығы институтынан (Нархоз) экономист мамандығын алып шығады. Оқуға жолдама берген Аягөз ет комбинатында екі жыл инженер-нормировщик қызметін атқарып, тәжірибе жинақтаған Т.Бабықбаев Атбасар ет комбинатының бас экономисті, басшысы қызметтерін абыроймен атқарып, бүгінгі күні тұрақты мекені болып отырған Октябрь кеңшарының алғашында бас экономисі болып, 1989-2003 жылдар аралығында осы шаруашылықты зейнетке шыққанға дейін басқарып келді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де тәжірибелі өндіріс ұйымдастырушысына "тыныш" өмір бермей бас директор қатарынан үш жыл бойы кеңесші етіп ұстады.

Міне ет, сүт өндіру, өңдеу ісіне саналы өмірін арнаған еңбек ардагері Төлеген аға Бабықбаевтың бұрылыс-бұлтарысы жоқ бүгінгі күндері елімізде ерекше назар аударылып отырған азық-түлік саласындағы атқарған қызметтері хақындағы анықтамаға ұқсас мақаланың өзегі осы. Ал бұл қысқа мағлұматтардың сыртында қаншама төгілген тер, ақиқат жолындағы талас-тартыс жатқанын ауылшаруашылық саласында, білім беру жүйесінде еңбек етуден бастаған осы жолдар авторы мақала кейіпкерімен әңгімеде сұхбаттаушы рөлінде ғана емес, өтпелі-кетпелі кезеңдерді басынан өткерген адам ретінде бөлісудің сәті келген бір кездесу болды.

Ата кәсібіміз мал басын көбейту, осы сала өнімдерін өңдеп тұтынушыға ұсыну жөніндегі сұрақ бір сәтке де күн тәртібінен түскен емес.

Бүгінгі таңда еліміздің экологиялық жағынан таза, ГМО-сыз ауылшаруашылық, әсіресе мал шаруашылық өнімдеріне сұраныс артып тұрғанын сөз етіп, бұл салаларға әлі де болса көп назар аударылу керек, – дейді ардагер ақсақал.

Көп жылғы еңбегінің жемісін жеп, бала өсіріп, немере сүйіп отырған Төлеген аға мен Тұрсынғайша апай бұл күндері ұрпақтарының, бірге еңбек еткен әріптестерінің, ұжымдас-тырының құттықтауларын қабылдап, мәре-сәре қуанышты, бақытты шақтарды басынан өткеріп отыр.

Х.ҚАСЫМҰЛЫ

Оқылды 211 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 18, 2021

Тұйық бала: тіл табысу жолдары

Балаңыз өзге балалармен бірге асыр салып ойнаудың орнына оқшауланып, шетте тұра ма? Тез…
Қаң 15, 2021

Алматы облысының 2021-2025 жылдарға…

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII…
Қаң 15, 2021

Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр болды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Асқар Мамин…
Қаң 15, 2021

Бүйрек жұмысын нашарлататын не?

Бүйрек ауруларымен ауыратындардың саны жыл санап өсіп келеді. Әрі бүйрек аурулары –…
Қаң 15, 2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы…
Қаң 15, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев VII…

Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларды сайлаудың аяқталуымен құттықтап, жаңа құрамдағы…
Қаң 15, 2021

Еліміздің өркендеуіне қажетті…

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен…
Қаң 15, 2021

Алматы облысында « Жетісу әдеби…

Тұяғынан от ұшқан тұлпар уақыт жетегіне алған тағы бір жыл мәреге жетті. Қойнауына…
Қаң 13, 2021

Партияның 2021 жылға жоспары…

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат ПБК…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2021 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет