Күндер бойынша реттелген элементтер: Бейсенбі, 21 Мамыр 2020

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы

Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!

 

Еңбекшіқазақ аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың құттықтауы

Құрметті мәдениет және өнер қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне зор үлес қосып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихымызды насихаттау, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру жолында еңбек етіп отырған мәдениет пен өнер саласының алар орны ерекше. Мәдениет кең де қастерлі ұғым, бұл бағыттағы әр қадам игілікті. Сіздердің әрқайсыларыңыз – ақындар, жазушылар, әртістер, суретшілер, мұражай және кітапхана қызметкерлері, мәдениет үйлері мен ауылдық клуб мамандары, көркемөнерпаздар ұжымдары, шығармашылық одақ қайраткерлері өз еңбектеріңіз арқылы елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлайсыздар, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып, еліміздің әлеуметтік-рухани құндылықтарын ауданға паш етесіздер. Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген алғысымыз зор. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Біз XXI ғасырдың
жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз», – деген сөздері мәдениет
қызметкерлерінің бағдаршамы іспетті. Алдағы уақытта туған еліміздің мәдениеті мен өнерін асқақтата берулеріңізге тілектеспін. Әрқашанда өнердің ақ туын берік ұстап, халыққа қызмет жасайтындарыңызға зор сенім білдіремін. Сіздерге шығармашылық жаңа ізденістер, өнер жолында жаңа табыстар тілеймін!
Мәдениет пен өнеріміз өркендей берсін!

Published in Санаты жоқ
Бейсенбі, 21 Мамыр 2020 14:15

Еңбегі жанған елеусіз қалмас

Мәдениет саласының сатылап дамуы – мемлекеттің экономикалық әлеуетіне байланысты. Тіпті, қай сала болмасын қаржының құйылуын қажет етсе, еліміз тәуелсіздік алған жылдар – дәл осы мәдениет саласына қиын соққаны аян. 1995 жылдан бастап ауданымыздың мәдениет бөлімін басқарған, ауданымыздың құрметті азаматы, зейнеткер Майра Нұрдәулетова осы жылдар тарихын кеңінен баян етті. 

Сол кездегі аудан әкімі Смади Абдиев аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Майра Нұрдәулетованы шақыртып алып, мәдениет бөліміне басшы, басшы ғана емес тұралап қалған мәдениет саласына ұйыта білер ұйымдастырушы қажет екендігін жеткізген. Өзі білім саласының маманы, өнерден құралақан болмаса да терең білім жоқ Майра апай алғашында бас тартқан. Алайда, қарсылығына қарамастан аудан әкімдігінде өзінің еті тірі ерекше ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен Майра Нұрдәулетова аз күнде-ақ аудандық мәдениет бөлімінің басшысы болып шыға келген.

Шынымен де, ауылдық мәдениет үйлерінің қаңырап бос қалған кейпі, көркем өнерпаздардың күнкөріс қамымен өзге салаларға кетуі, мәдениеттің мәйегі – өнердің өрісін тарылтып-ақ тастаған. Сондай-ақ, кітапханалардың жабылып қалуы да халық мәдениетінің және тарихының өзегі бедерленген кітаптардың да жоғалып кету қаупін тудырған.

Есік қаласындағы бүгінгі Тұманбай Молдағалиев атындағы мәдениет үйі күрделі жөндеу көрмегеніне көп жылдың жүзі болған. Сондай-ақ, мамандар тапшылығы, аспаптардың жоқтығы – кім-кімді де бұл саланың болашағы барына күдікпен қарауға мәжбүр ететін еді. Алайда алғашқы аудан әкімі Смади Абдиев мәдениет тізгінін білікті маман қолына ұстатқандығын көп ұзамай көпшілік көрді. Алғашқы мақсат оркестр құру еді. Жай әншейін сахна сәнін кіргізіп, әлденені ойнап беріп, халықты алдаусырата салатын оркестрсымақ емес, нағыз ұлтаспаптар оркестрін құру. Сөйтіп, сол оркестр аспапатарының дүмпуімен төнген қиыншылық бұлтын сейілту, халық рухын ояту. Майра Нұрдәулетова мұнда да жол тапты. 1998 жылы Құдайберген Орынбетов аудан әкімі болып тағайындалады. Майра Нұрдәулетова аудан әкіміне кіріп, мектептердегі музыка пәнінен сабақ беріп жүрген ұстаздарды ұйымдастырып, оркестр құру ұсынысын жеткізген. Қолдау тапқан білікті маман ұстаздарды жинап, дайындық жұмыстарын бастап кетеді. Екі ай көлемінде дайындалған кейіннен «Жібек жолы» атауын алған оркестр құрамы аудан тұрғындары алдында концерт берген. Сондайақ, «Улыбка» ән-би ансамблі де абыройлы өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленген. Сол жылы мәдениет бөлімдері арасында облыстық байқау ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің ұжымы бірінші орынды иеленді. Сол жеңістен кейін ауданның мәдениет саласы аспаптар мен арнайы киімдер алып, толыққанды шығармашылық жұмыстармен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алды. Кейіннен Шелек ауданымен Есік ауданы Еңбекшіқазақ ауданы болып біріккеннен кейін екі бірдей мәдениет бөлімінің басшыларына өзара бәсеке ұйымдатыру турасында пәрмен беріледі. Қай мәденит бөлімінің басышысы концерттік бағдарламаны жоғарғы деңгейде ұйымдастырса, сол орнында қалады деген шарт қойылады. Бұл бәсекеде Майра Нұрдәулетованың басшылығындағы Есік өңірінің өнерпаздары оза шауып Майра апайдың басшылық қызметі әрмен қарай жалғасын тапқан.

Сол кезде аудан аумағында үш-ақ мәдениет үйі концерттер мен жиындар ұйымдастыруға жарамды деп саналған. Олар: Шелек, Түрген және Есік қаласындағы мәдениет үйлері. 2008 жылы Есік қаласындағы мәдениет үйі алғашқы күрделі жөндеуден өтті. Сондайақ, қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сонымен қатар тағы да бес бірдей мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп халық иглігіне берілген. Қосымша штаттар ашылған. Мәдениет қызметкерлерінің көбейуі, қаржының бөлінуі кейінгі жылдарда көптеген ауылдық мәдениет үйлерінің жөндеуден өтіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуіне себепші болды. Бір айта кетерлігі, Майра Нұрдәулетованың айтуынша кеңестер одағы ыдыраған тұста, көптеген мәдениет үйлері жекешеленіп кеткен. Оларды мемлекет есебіне қайтару да қажыр мен қайратты қажет еткен екен. Сондай-ақ, сол кездің өзінде құжаттарды қазақ тілінде жүргізген Майра Нұрдәулетова бүгінгі буынға үлгі болары сөзсіз. Ұлт аспаптары домбыра, шаңқобыз тартып үйрету үйірмелерінің ашылуы да ұлт рухын оятуға себепші болған әрекеттер десек, артық айтқандық емес. Сонымен қатар бүгінгі аудандық және ауылдық кітапханалардағы кітап қорларының сол күйі сақталып қалуы да Майра Нұрдәулетованың арқасы. Бүгінде ауданның құрметті азаматы, зейнеткер Майра Нұрдәулетова еліміздің мәдениет саласы жарқыраған мәденит үйлерімен толығып, жыл санап дамып отырғандығын қуана құптауда. Өнер мен тілдің өміршең болуында дәл осындай ардақты ардагерлер үлесі шексіз.

Әділет САРЫБАЙ

Published in Мақалалар
Бейсенбі, 21 Мамыр 2020 09:50

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

Карантин кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына көмек қолын созу әлі күнге толастаған жоқ.​ Жақында Алматы облысының аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары 20 отбасына көмек көрсетті.

Қиын жағдайда қалған жанұяларға қол ұшын берген баспасөз хатшылары жалпы сомасы 213 мың теңге қаржы жинаған. Аталған қаражатқа азық-түлік алып, Еңбекшіқазақ ауданындағы 20 отбасыға таратып, берген.

"Кәсіпкерлер, қайырымды жандар ел бойынша көптеген азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Біз де қолдан келгенше тұрмысы нашар отбасыларына қол ұшын беруге тырыстық" - дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы Динара Тюлемисова.

​Айта кету керек, төтенше жағдай кезінде аудан бойынша 56 млннан астам сомада 6607 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеті таратылған.

 

ПРЕСС СЕКРЕТАРИ АКИМОВ ГОРОДОВ И РАЙОНОВ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ИНИЦИИРОВАЛИ БЛАГОТВОРИТЕЛЬНОСТЬ

Нуждающимся малообеспеченным семьям социальная помощь во время карантина продолжается.

На кануне пресс секретари акимов городов и районов Алматинской области оказали помощь 20 семьям Енбекшиказахского района

Собранная сумма в размере 213 тыс. тенге была потрачена на продуктовые корзины для семей оставшимся в сложном финансовом положении из-за режима карантинных мер.

«В настоящее время многие меценаты области и неравнодушные граждане оказывают благотворительную помощь и мы в том числе решили протянуть руку помощи, тем кто обратился на страницу акимата района через социальную сеть»-подытожила пресс секретарь акима района Тюлемисова Динара.

Инициативу пресс-секретарей поддержало волонтерское движение "Еңбекшіқазақ еріктілері". В рамках «Года волонтера» они помогли с адресной доставкой продуктовых наборов.

Отметим, по Енбекшиказахскому району во время ЧП было оказано 6607 соц. пакетов на общую сумму 56 млн. 134 тыс. 700 тг.

Published in Мақалалар

2020 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 27 жоспардан тыс және 6 жоспарға сәйкес, барлығы 33 аудиторлық іс-шара өткізген.

Жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды өткізуге комитеттің тапсырмалары мен құқық қорғау органдарының хаттары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз болды дейді Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қанат Орманов.

Жүргізілген аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 14 032 927,7 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде;

- қаржылық бұзушылықтар 9 323 962,9 мың.теңге;

- рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 4 708 964,7 мың.теңге.

Ал, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзу бойынша  4 390 687,9 мың теңге залал келтірілген.

Бюджетке кері қайтарылуы қажет  9 323 962,9 мың теңгенің,

 9 185 457,5  мың. теңгесі немесе 98,5 пайызыбюджеткеөндірілді.

Департаментпен 219 лауазымды тұлға 12 996,6 мың сомаға әкімшілік айыппұлға  тартылды, аудиторлық іс-шаралар барысында 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұның барлығы Департамент жүргізген іс-шаралар аясында белгілі болды.

Published in Санаты жоқ
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет