Дүйсенбі, 07 Қазан 2019 09:43

АРХИВ – ТАРИХ САҚТАУШЫСЫ

Жақында Талдықорған қаласында Алматы облысы мемлекеттік архивінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жетісу архив қызметіне 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын.

Іс-шара барысында облыстағы архив қызметінің дамуына өзіндік үлесін қосқан мамандар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Президенті Архивінің, облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталарын, алғыс хаттарымен марапатталды.
Осы орайда үздіктер қатарында Алматы облысының мемлекеттік архивінің Еңбекшіқазақ филиалы директоры Тохмамбетова Роза Райымжанқызы «Ең үздік филиал» номинациясына бойынша бағалы сыйлық пен алхыс хатқа ие болды. Айта кетсек, аталмыш мекемеде директор ханымның архивтегі еңбек өтілі 30 жыл¬ға жуықтайды екен.
Аталған іс-шараға Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның орталық, облыстық архив мекемелерінен мамандар қатысты. Алдымен конференция қонақтарының назарына Алматы облысы мемлекеттік архивінің құжаттары негізінде дайындалған Жетісу жерінің тарихына байланысты тарихи-құжаттық көрме ұсынылды.
Соңында қонақтарға Талдықорған қаласының көрікті жерлеріне – Б.Римова атындағы мемлекеттік драма театрына, Талдықорған қаласының Оқушылар сарайы мен Талдықорған қалалық мемлекеттік архивіне саяхаттар ұйымдастырылды.

Динара Тюлемисова

Еңбекшіқазақ аудан әкімінің баспасөз хатшысы

Read 72 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет