Дүйсенбі, 12 Тамыз 2019 17:33

«Керім-айдың» алғашқы қадамы

«Керім-айдың»  алғашқы қадамы mezet.kz

«Бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті  республика президенті де бола аламыз. Бірақ ешқайсымыз өнер адамы бола алмаймыз» деген екен Мұстафа Ататүрік. Әлбетте, Жаратқаннан берілетін табиғи талантты өнер иесінің бойынан ешкім де ала алмасы хақ. Тек оларға қолдау көрсетіп, қанаттандырып отыру – өсер елдің белгісі. Осы орайда,  «Керім-ай» студиясының бір жылдығы жоғары дәрежеде тойланды.Құрметті қонақтар мен ата-аналар, ауыл тұрғындары қатысқан кеште «Керім-ай» студиясының жетекшісі Айгерім Қуанышқызы сахна төріне шығып, студияда пішумен тігу өнерін үйреніп жатқан және би байқауларына белсене қатысып жүрген шәкірттерге арнайы куәліктері мен сертификаттарды табыс етті.

Кейіннен студия жастарының өнерлері көпшілік назарына ұсынылды. Барша көрермендердің ыстық ықыласына бөленген өнерпаздар сахна төрінде барын салды.

Айта кетейік, кешті ұйымдас-тырушы «Керім-ай» студиясының жетекшісі Айгерім Қуанышқызы Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы, «Сымбат» сән академиясының түлегі. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде 10 жыл бойы «Ақбота» би ансамбілінде би өнеріне қатысқан. Дизайн саласына 11 сынып оқып жүргенде «Сырмақтың да сыры бар» атты конкурсқа қатысу арқылы келген. Аталған конкурстың қалалық және облыстық байқауларынан І орынды иеленіп, республикадан Гран-Приге ие болады. Кейіннен Айгерімнің қолынан шыққан сырмақ Сара Назарбаеваның «Бөбек» қайырымдылық қорынан өз орнын тапқан.

Қазіргі кезде «Керім-ай» студиясында жас жеткіншектер сурет салуды, пішу мен тігуді, сонымен қоса хореографияны үйренеді. Студия бишілеріне арналған костьюмдер дерлік жас шеберлердің қолынан шыққан туындылар болып табылады, яғни басқа жақтан тапсырыс беріп немесе сатып алынбаған.

 

Балауса ШАРҒЫНОВА,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

бас маманы.

Read 124 times
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет