Жұма, 24 Мамыр 2019 15:43

Таланты наших читателей

Под таким девизом в районной библиотеке встреча с читателями. Была организована выставка прикладного искусства, подготовленная сотрудниками и посетителями библиотеки. Это и вышивки, рисунки, поделки, плакаты, выполеннные руками читателей. Особый интерес вызвали вышивки, выполненные ветераном библиотеки В.Сиволобовой. С большим восторгом и восхищением были восприняты профессиональные картины самобытной молодой художницы Акмарал Алимжановой, выполненные маслом и акварелью и посвященные родной стране. Также юные дарования Нурадин Молдир, Азалия Турашова читали свои стихи, в частности о Бауыржане Момышулы, Мухамбетбай Арай станцевала казахский танец, Жансая играла на домбре, Влавдислав Гакштетер показал свои рисунки. Старейший и почетный читатель С. Оринич исполнил несколько песен, аккомпанируя себе на баяне.…
Жұма, 24 Мамыр 2019 15:42

Ата өнері – балаға мұра

Қолөнер – сырлы өнер. Онда сан ұрпақтың тыныс-тіршілігі мен қолының табы бар. Байқап қарайтын болсақ, әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік-қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрдің нақтылы көрінісі дерсің. Атадан мұра болған сол өнердің көрнекті өкілі Дәулет Шоқпаровпен кездесу болды жақында аудандық кітапхананың оқу залында. «Ата өнері – балаға мұра» тақырыбымен өткен шараға мектеп оқушылары қатысып, кішігірім көрмемен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарды қойды. Сонымен қатар, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғалым-хатшысы Досым Зікірия, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудан әкімі аппаратының рухани жаңғыру жұмысы бойынша мамандары келелі кез-десудің куәсі болды.…
Кезінде Мұстафа Ататүрік айтқан екен: «Біз бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ ешқайсымыз өнер адамы бола алмаймыз» деп. Әлбетте, Жаратқаннан берілген риясыз құдірет тек өнер иесіне тән. Сондықтан талант тарландарын алақанға сап аялау – ел еркелеріне жасалған зор қошемет болмақ. Осы орайда жуырда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Амандық Баталов өнер саласы майталмандарының еңбектерін еледі. Ел алдында құрмет-қошеметке бөледі. Арасында біздің де мақтаныштарымыз бар. Ашылғанына он жылға жуықтаған Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайы бүгінде қазақ руханиятының қолтаңбасына айналып келеді. Бабалар өнерін балаға мұра еткен, бар ғұмырын қолөнерге арнаған…
Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету, олардың өмір жолымен жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын ұғындыру және ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында маңызы зор кездесу кеші өтті. Ардагер ұстаздар ең алдымен мектепте орналасқан Кеңес одағының батыры Ж.Қайыповқа арналған мұражайды араласа, келесі кезекте өз пәндері бойынша жеткіншектерге ашық сабақтар өткізді, одан әрі кеш оқушылардың көңілді концерттік бағдарламасымен жалғасты. Ансамбль жетекшісі Азат Бақасов бастаған өнерлі оқушылар халық күйімен кеш шымылдығын түрді. Мектеп директоры Шарапат Орынбаева: «Бүгінгі күніме мен осы ұстаздарымның…
Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:52

Қолөнер — еңбектің қайнар көзі

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қандай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп жалпы ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеген еді. Арқалаған аманатқа қиянат жасамау мақсатында Есік мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының ұжымы аянбай жан-жақты қызмет етуде. Соның айқын көрінісі – «Қолөнер – еңбектің қайнар көзі» атты аудандық іс-тәжірибелік семинар. «Қазақстан қайта даярлау біліктілікті арттыру» курсынан келген Махмут Жәлелов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қайрат Әукен кезегімен сөз алып, жиынның нәтижелі өтуін тіледі. Іс-тәжірибелік семинарға аудандағы мектептерден технология пәнінің мұғалімдері келіп, оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Шәкірттердің шеберлігін, білімі мен еңбегін осы күні ұйымдастырылған…
Бейсенбі, 05 Шілде 2018 15:04

«Әдемі-айдың» әдемі жеңісі

Елдіктің ерен жеңісі, Тәуелсіздіктің жемісі болған Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында «Street dance battle» жастар арасында би байқауы өтті жақында. Аудан орталығындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында жалауы желбіреген шараға 9 команда қатысты. Арасында Талғар ауданынан да үміткерлер бар. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Есік қаласы әкімі аппараты, аудандық жастар ресурстық орталығы және «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткен шара шымылдығын қор төрағасы Жаңаберген Мұхамедов құттықтау сөзімен түрді: – Астана – ұлтымызды ұлы істерге ұйыстырар саяси сахнамыз. Шындығында, Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Көрмені қойып, әлемнің назарын өзімізге бұрғыздық. Бүгінге бас…
Сәрсенбі, 16 Мамыр 2018 15:43

Театр – өмір айнасы

Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылы өзіндік тарихы бар киелі мекен. Бүгінде Қаракемер ауылында Мәдениет үйінің ішінен ашылған «Қаракемер балалар театры» жұмыс істеуде. Ашылғанына азғана уақыт болса да көрнекті ойындарымен, мағыналы көріністерімен көрерменнің көзайымына айналып отыр. Театрымыздың негізін қалаушы ақыл-кеңесімен де, балаларға шынайы ниетімен де, актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретіп, балаларды өнер әлеміне қызықтыра жетелеген белгілі режиссер әрі актер Асқар Наймантаев ағамыз. Бүгінде театрымыз арнайы мамандармен толықтырылған. Театр директоры өнер академиясының түлегі Жарқын Барақбаев болса, режиссері осы өнер ордасынан шыққан жас сценарист Әлішер Кубенкулов. Сондай-ақ, театрымыздың суретшісі Сымбат академиясының дизайнерлік бөлімін тәмамдаған Әйгерім Сүндетбаева. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, театрымыз 2017 жылдың желтоқсан…
Отты жырдың қызыл жолбарысы Жамбыл мен сұлу сөздің сардары Тұманбай ақынға көне Сақтың астанасынан ескерткіш қойылды. Анығын айтсақ, атқамінерлеріміз қос ақынын тұғырына қондырды, сөйтіп алаш жұртының ақ батасын арқалап, руханиятқа басқан қадамды оң қылды. Тірісінде-ақ, «Бір ескерткіш тұрғыздым мен өзіме» деп кестелі сөз, орамды ойымен ұлт жүрегіне тұғыр орнатқан жерлесіміз Тұмағаңның есімі де аудандық мәдениет үйіне берілді. Сонымен не керек, бұл күні әуезді ән көгімізден нұр болып төгілді, жас ақындардың еркін үні өлең болып өрілді. Жастар саябағының кіре-берісінде Жамбыл, аудандық мәдениет үйінің алаңында Тұмаш ақын «тұғырға қонды» дегенді естіген алаш зиялыларын Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин бастап келсе, Алматы…
Жексенбі, 22 Қазан 2017 13:08

Ұлттық мәдениет – рухани болмыс

Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау, балалар шығармашылығын дамыту мақсатында «Қазақ халқының көнерген аспаптары мен би өнері» атты байқау өтті жақында. Бәйдібек би мәдениет үйінде шымылдығы түрілген шараны «Елім-ай» қоғамдық қоры және аудандық мәдениет үйі ұйымдастырды. Аудандық ішкі саясат бөлімі қолдау білдірді. Иә, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ-қа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Ал рухани тамырымыз ол біздің ана тіліміз, мәуелі мәдениетіміз, ұлттық салт-дәстүріміз. Осыны темірқазық етіп, тарихи соқпақта сүрленіп қалған құндылықтарымызды қозғауға күш салған қордың бұл үшінші шарасы. Бастапқыда облыстық деңгейде айтыс ұйымдастырса, ауданымызда жыршылық өнерді…
Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 22:10

Көрме өтті

Деструктивті діни ағымдар белең алған уақытта, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адасушыларды дұрыс жолға тарту – ең негізгі міндет. Осы орайда, жақында облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты сурет көрмесі өтті. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары діни тақырыпта салыған сурет туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, «OPENAIR» форматында «Мұны білгеніңіз жөн» тақырыбында аудан орталығының халық көп шоғырланатын орындарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Түсіндіру барысында қарапайым тұрғындар дін мамандарына сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сардарбек НҰРАДИН.
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет