В октябре 2019 г. группа казахстанских художников по приглашению Республики Турция приняла участие в международном симпозиуме тюркской культуры, состоявшемся в г.Стамбуле. Организаторами симпозиума выступили общество культурных связей тюркских народов «Тюрксой» и турецкий университет «Малтепе». В составе казахстанской делегации был и наш земляк, художник и архитектор, председатель союза дизайнеров Алматинской области, член союза художников РК, лауреат республиканских и зарубежных конкурсов и выставок живописи и скульптуры Курмангазы Кадыров. Это уже не первая поездка Курмангазы Кайрулаулы в Турцию, где он демонстрировал свои произведения на выставках искусства тюркских стран. За вклад в развитие тюркской культуры Курмангазы Кайрулаулы удостоен благодарности и почетного диплома. В завершение…
Сейсенбі, 12 Қараша 2019 10:54

Әке кәсібі – балаға нәсіп

Қазақ халқы ежелден өнерге үлкен мән берген. «Он саусағынан бал тамған шебер» деп баға беріп, ерекше құрметпен қараған. Баласын кішкентайынан еңбекке баулып, бойындағы қасиетін дарыту үшін жастайынан шыңдаған. Әке мирасын дамыту ұрпағы үшін асқан жауапкершілікті, өте ұқыптылықты талап етеді. Сондай жанның бірі – Ұста Дәркембай Шоқпарұлының баласы, бүгінде әкесінің кәсібін нәсіп қылып, өнерін жалғаушы, облыс бойынша алғашқы қолөнер мұражайын ашқан Дәулет Дәркембайұлымен кездесу өтті жуырда. Тағылымы мол тәрбие сағатын Қаракемер мәдениет үйінде аталмыш мекеме қызметкерлері ұйымдастырды. Шараға «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, Қаракемер ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Жәмила Серікқызы, Қаракемер мәдениеті үйі директоры Арайлым Мамырбекова, аталған мекеме жанынан…
Сәрсенбі, 06 Қараша 2019 10:22

«Алтын адам» ансамблінің асуы

Өлең өлкесінде, ән әлемінде айшықталып, республикалық «Өнерлі елдің өресі биік» атты ата-апалар арасындағы байқауда әжелеріміз жарады. Төрт номинация бойынша біріншіліктің биігінен көрінді. Нақтыласақ, жуырда ғана Алматы қаласында өткен республикалық өнер байқауында «Алтын адам» әжелер ансамблі «Хормен ән салу» номинациясы бойынша бірінші орынға лайық деп танылды. Абзал аналарымыз халық әндерінен поппури орындап, әділ-қазылар мен көрермен ықыласына бөленді. Сол секілді ансамбль мүшесі Күлән Мадиярова «Ән салу» және «Ақындық өнер» номинацияларының жеңімпазы атанды. Ал ансам-бльдің музыкалық көркемдік жетекшісі Нұржамал Шакибаева «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Роза ИСАТАЕВА, аудандық «Әйелдер одағы» қоғамдық қорының төрайымы.
Дүйсенбі, 07 Қазан 2019 09:43

АРХИВ – ТАРИХ САҚТАУШЫСЫ

Жақында Талдықорған қаласында Алматы облысы мемлекеттік архивінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жетісу архив қызметіне 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Іс-шара барысында облыстағы архив қызметінің дамуына өзіндік үлесін қосқан мамандар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Президенті Архивінің, облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталарын, алғыс хаттарымен марапатталды. Осы орайда үздіктер қатарында Алматы облысының мемлекеттік архивінің Еңбекшіқазақ филиалы директоры Тохмамбетова Роза Райымжанқызы «Ең үздік филиал» номинациясына бойынша бағалы сыйлық пен алхыс хатқа ие болды. Айта кетсек, аталмыш мекемеде директор ханымның архивтегі еңбек өтілі 30 жыл¬ға жуықтайды екен. Аталған іс-шараға Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның орталық, облыстық архив мекемелерінен мамандар…
Газетіміздің дизайнері Майя Ахметжанова Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін оқып, эстафетаны Нұр Отан партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Сұлтанұлына және «Эмир» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Қымбат Кеңесбайқызына жолдайды.
Жұма, 27 Қыркүйек 2019 14:05

Выставка в музее

Имя члена союза художников РК, председателя союза дизайнеров Алматинской области, основателя салона «ART-STAR» Курмангазы КАДЫРОВА хорошо известно и в республике, и за рубежом. Работы мастера представляли современное казахское искусство на выставках в Турции, Арабских эмиратах, на международных выставках в Астане и Алматы. Его картины из природных материалов несомненно являются новым словом в изобразительном искусстве. Это синтез живописи и народного прикладного искусства, где вместо холста кожа, на которой графика и инкрустации из кости и чеканки несут в себе символическое представление о культуре, традициях и истории Великой степи. Не менее необычны и скульптуры-образы, к примеру, «Құда мың жылдық» (Сват на тысячу лет),…
Өзінің өнерімен, мәдениетімен айдай әлемді аузына қарата білген қазақ халқының таланттылығына еш талас жоқ. Кешегі Париждің төрінде ән салған Әміре Қашаубаев, одан бұрын қазақ даласын ән мен жырға бөлеген Ақан сері, Біржан сал... Осындай өнерлі бабалардың жолын қуып, атақпен өлшенбейтін өнер деген қасиетті ұғымды жанына серік еткен Бектұр Мұхаметалиев бүгінде мәдениет саласының ардагері. Жалпы өнер мен мәдениет саласына саналы ғұмырының 45 жылын арнаған Бектұр Имашұлы ауданымызда 30 жыл еңбек етіп, маусым айында құрметті зейнет демалысына шықты. «Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес» – деген екен орыс жазушысы Антон Чехов. Өз мамандығының рахатын…
Дүйсенбі, 12 Тамыз 2019 17:33

«Керім-айдың» алғашқы қадамы

«Бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ ешқайсымыз өнер адамы бола алмаймыз» деген екен Мұстафа Ататүрік. Әлбетте, Жаратқаннан берілетін табиғи талантты өнер иесінің бойынан ешкім де ала алмасы хақ. Тек оларға қолдау көрсетіп, қанаттандырып отыру – өсер елдің белгісі. Осы орайда, «Керім-ай» студиясының бір жылдығы жоғары дәрежеде тойланды.Құрметті қонақтар мен ата-аналар, ауыл тұрғындары қатысқан кеште «Керім-ай» студиясының жетекшісі Айгерім Қуанышқызы сахна төріне шығып, студияда пішумен тігу өнерін үйреніп жатқан және би байқауларына белсене қатысып жүрген шәкірттерге арнайы куәліктері мен сертификаттарды табыс етті. Кейіннен студия жастарының өнерлері көпшілік назарына ұсынылды. Барша көрермендердің ыстық…
Бейсенбі, 18 Шілде 2019 11:59

Димаштың жоспары көп

Жуырда ғана Грузияны бағындырған жас ақын, жерлесіміз, Көлді орта мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Бекболатұлы облыс орталығында болып қайтты. Алматы облыстық аймақтық коммуникация қызметінің баспасөз брифингіне қатысқан бала Димаш журналистердің түрлі сұрақтарына жауап беріп, алдағы мақсат-мұраттарымен бөлісті. Жоспарларының бірі – алдағы уақытта жеке шығармашылық кешін ұйымдастыру екен. Ендеше, болам деген баланың белін буып, тілеуін тілейік. Себебі, бұл да қазақ жастарының жарқын көрінісі. Алмагүл НҰҒМАН.
Қырбалтабай мәдениет үйінде «Жыраулар поэзиясының тәлім-тәрбиелік маңызы» атты дөңгелек үстел өтті. Жыраулар поэзиясының өршіл рухы мен би-шешендердің терең ойға құрылған тегеурінді сөздері 19-шы ғасырдағы айтыс ақындарының шығармашылық мұрасына мазмұндық һәм көркемдік тұрғыда мол игі әсерін тигізгенін дөңгелек үстел барысында Нұрзира Килибосава апайымыз айтты. Айнаш Стамбекова «Өмір туралы» термесін орындап, оралымды ойлар ортаға түсті. Шараға қатысқан жастар өмірлік мол мұра жинады. Әдеби қазынамыз – жыршылық дәстүрін зерттеп-зерделеуге көбірек ден қоюымыз керек. Ұлан Оразбайұлы, Қырбалтабай мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
Page 1 of 5
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет