Сейсенбі, 30 Маусым 2020 15:47

Аудан һәм газет тарихынан

Әлі сиясы, баспахана мен компьютер принтерінің  бояуы кеппеген баяндар, репортаждар мен  басқару  жүйелерінің  шешім-қаулылары мұрағат-архив  сөрелерінен орын  ала қоймаған 2019 өтіп, 2020-ның жарты  жылын еңсеріп тарих қойнауына енді-енді  ене  бастаған  кезі. Бұл  кезең  - елімізді,  әлемді  дүрліктіріп тығырыққа, небір қиындықтарға тіреген жер шарына  жайылып кеткен  коронавирус  атты  індеттің шарықтау  кезіне  жетіп тұрған  кезең. Тек  жеңілдігін  берсін  деп  тілеп қана  қоймай, өзіміздің сақтануымызбен індетке бой алдырмауға тырысуымыз қоғамымыздың да  қауіпсіздігіне қосқан  үлесімізі  деп  білейік,  ағайын!

Биылғы жылға қарағанда мамыражайлау ғұмыр кешкен 2019 жылы аудан әкімі Еңбекшіқазақ ауданының 90 жылдық мерейтойын өткізуді ұйымдастыру  ниетімен  комиссия  түзіп, дайындықтар жұмысы  басталғандай болып еді. Бізге беймәлім, әртүрлі  себептермен  соның  ішінде  қаржылық та  бар болар, басталған  іс жалғаспай, биылғы  жылғы  қиындықтарға тірелген  еді. Әрине, қаз-қатар қазақи үйлер тігіп, ат шаптырып, ұлан-асыр  той  жасауға  жүздеген  миллион қаржы керек  шығар. Оның  үстіне әлемді, елімізді жайлаған аты  жаман тәжілі тажалдың алдын  алу үшін той-томалақ, басқа  да көп  адам  жиналатын іс-шараларға ел басшылығы заңды  шектеу қойып  отыр. Десек те, кең  ауқымды іс-шаралардың ішінде тоқсан жыл тарихы бар Есік-Шелек өңірлерін біріктіріп отырған еліміздің  ең  ірі аумақтарының  бірі  – Еңбекшіқазақ  ауданының  тарихы туралы осы  жолдар авторының ұйымдастыруымен  біраз  материалдар, деректер жинақталып  та  қалған еді. «Өткен күнде белгі жоқ» деп қазақ  атам тек құмдай сусып, судай ағып өтіп жатқан уақыт-күндер, жылдар жайлы айтқаны  рас.

Ал өткен күндердің белгілері – архивтердегі жазылып, сақтауға тапсырылған жылнамалар, мұрағаттар, құжаттар. Сол белгілердің негізгі бір бөлігіне тарихи, деректі, көркем  әдебиет туындылары жатады. Олай  болса, 1928 және 1929 жылдарда іргесі  қаланған  бүгінгі үш жүз мыңнан аса тұрғын  мекендеген  Алатаудың аса  бір  құнарлы сулы, нулы, егінді, жемісті алабындағы ауданымыз туралы деректі де суретті туынды жарық көрер деген ниетпен, үмітпен  ардақты азаматтарымыз, Еңбек  ерлері, Батыр бабаларымыз хақындағы, өнер, әдебиет, мәдениет, бай табиғаты мен шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік салаларды да сараптай отырып өткеніміз бен бүгініміз, болашағымыз туралы да қалам тартып, ой  салар мақала-очерктер жарияланады.

Ауданымыздың Есік-Шелек аумақтары  сонау өткен ғасырдың жиырмасынышы жылдарының соңында әкімшілік-территориялық бірлік  болып заңдастырылған болса,  арасына  бірер жыл  ғана салып, аудан айнасы – газеттері  де  шыға бастағаны белгілі. Өкінішке қарай,  Еңбекшіқазақ ауданының 1930 жылғы 10 шілдеде алғашқы  саны, аудандық газеттің отызыншы жылдарғы нөмірлері сақталмаған. Тек он жылдан кейін латын қарпінен кириллицаға көшу кезеңіндегі газет сандарын Республикалық кітап палатасынан тауып, көптеген  архивтік  материалдардың көшірмесін алған едім. Газеттің  алғашқы  санын шығарып,  оқырманға ұсыну  мәртебесіне сол  кездегі республикалық  басылым бүгінгі «Егемен Қазақстанның» «атасы», «Еңбекшіқазақ»  газетінің үдесіне тиген екен. Республика газеті жаңадан құрылған аумақтық-әкімшілік бірлікке өз атын беріп қана қоймай, баспахана және аудандық газет  редакциясын  құрып басқаруға білікті журналист Аманғали  Сегізбаевті жіберген екен. Бұл жайында  газеттің басқа  да басшылары, қызметкерлері хақында газетіміздің  келесі санында – «Үлгілі Колхоз»  деген атпен шыға бастаған  10 шілде  күні «Газет тарихы – аудан  тарихы» деген жалпы  тақырыппен шығатын толыққанды материалдарда қамтылады демекпіз.

P.S. Көптен  бері қозғалып келе  жатқан  аудандар атауы туралы мәселе еліміздегі індетке  байланысты  карантинге, яғни  ойын-сауық, сауда-саттық, жүріс-тұрыс, жиындар-жиналыстарға шектеу  қойылып тұрса да тағы  да көтерілген  сыңайлы.  Бұл  тақырыпты қозғамай-ақ қоюға болмайтын болды. Өйткені осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген Ұйғыр  ауданына Қарадала атауын қайтару  мәселесі қозғалғанда, неге Еңбекшіқазақ  ауданында «Қазақ»  атауы тұру  керек  деген  қарсы  пікір бүгін  де  туындап  тұр. Жоғарыда  айтып  өткенімдей, ғасыр толған  мерейлі  датасын атап  өткен «Егемен  Қазақстан» алғашқы  жылдары «Еңбекші қазақ» деген  атпен шығарылған  болатын. Біздің  аудан  құрылғанда қамқорлығына алған бүгінгі  еліміздің  бас газеті сол  кездегі атауын аумағымызға  сыйға тартқан. Бірде  ұлғайып, бірде  кішірейіп  келе  жатқан Еңбекшіқазақ  ауданы тоқсан жылдан  бері  атын  абыроймен  алып  келеді. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдары аудан  тұрғындары «Еңбекшісі  бар, қазағы  жоқ» аудан  деп  өздерін әзілдейтін. Кейін қазақтар саны   ауданда  көбейіп, бірақ өтпелі кезеңде  жұмыссыздық  белең  алғанда: «Қазағы көп, еңбекшісі жоқ аудан» деп те кейіс білдірді,  жұмыссыз  қалған  тұрғындар. Бүгінгі  күндері  жұмыс жоқ, еңбекші жоқ  деуге ауыз бармайды. Іргедегі екі миллиондық  Алматы мегаполисін айтпағанда, көрші мемлекеттер де,  алыстағы  елдер де бізде  өндірілетін  азық-түлік  түрлеріне қызығушылық  танытып отыр, яғни сұраныс  бар. Ал туризм  дегеніңіз  тұнып  тұрған  табыс көзі,  тек әлемдік  деңгейдегі стандарттарға жеткізсек. Тек  мынау  қол-аяқты байлап аттатпай  тұрған індетті жеңсек. Әрине, жеңеміз  деген мақсат күн тәртібінен түспей, соған ұмтылу - парыз,  міндет!

 

Хайролла Ахметжанов,

бас  редкатор,

Қазақстанның құрметті журналисі

Оқылды 1177 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет