Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 16:15

Қалта сағаты мұражайға табысталды

20 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданына қарасты, Шелек ауылының әкімі Сәкен Даулетханұлы Абдихалиев пен Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарының құрметті азаматы, Шелек ауылы округінің ардагерлер және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбілбек Айтақыновтың қатысуымен Құсайын Бижановтың қалта сағаты Шелек тарихи-өлкетану мұражайына табыс етілді.

Бұл сағатты 1920-1997 жылдары аралығында өмір сүрген, КОКП мүшесі, Қазақс-тан КП Балқаш, Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы, ҚКП Нарынқол аудандық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, Балқаш өндірістік ауыл шаруашылығы басқармасының партком хатшысы, бүгінгі Шелек ауылының аудан болып тұрған кезінде шаруашылық, қоғамдық және саяси салаларда  сонымен қатар білім беру жүйесінде мол еңбек сіңірген  Құсайын Бижанов ұзақ жылдар бойы қызмет барысында пайдаланған.

Құсайын Бижанов Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қызмет жолын мұғалімдіктен бастаған ол комсомол-жастар жұмыстарына да ерте кезден араласады. Әскер қатарында болған және Сталинград шайқасына катысқан. Балқаш ауданындағы партиялық басқару жұмысына Қ.Бижанов өмір тәжірибесінен өтіп, әбден шыңдалып келеді. Кейіннен еңбегі мен ерлігі бағаланып, Ұлы Отан соғысы майданында «Қызыл Жұлдыз», I, II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені және отыздан астам медальдармен және еңбек майданында мемлекеттік ең жоғары марапат «Ленин», «Октябрь революциясы», екі мәрте «Еңбек Қызыл ту», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған. Тәрбиелеп өсірген ұлдары да жоғары білімді, бүгінде өзі секілді ел мүддесіне бей-жай қарамайтын азаматтар. Үлкен ұлы Нұрахмет Бижанов  − техника ғылымдарының кандидаты болса, ал Ақан Бижанов − екі рет сайлауға түсіп, ҚР Парламентінің сенаторы болды.Бүгінде Философия, Саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдарының докторы.

 

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 5933 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 29, 2024

Көктерек қашан «ауыл» болады?

Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…
Нау 29, 2024

Аудан әкімі тағайындалды

Кеше аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясында аудан әкімі лауазымынаТалғат…
Нау 29, 2024

Межелер пысықталып, жоспарлар…

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы…
Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет