Күндер бойынша реттелген элементтер: Жұма, 20 Қыркүйек 2019
Жұма, 20 Қыркүйек 2019 14:25

Рейд жүргізілуде

Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет жә-не тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңашар ауылдық округінде «Тіл тазалығын             сақтайық!» акциясы өтті.

Жаңашар ауылдық округі бойынша халыққа қызмет көрсету мекемелері мен қоғамдық орындарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсім-делуі, олардың сауатты жазылуы қадағаланды. Аталған шара аясында округ бойынша 13 нысанның маңдайша атаулары мен жарнамаларында сәйкессіздіктер анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және ескерту қағаздары берілді.

 

 А.Бугенбаева,

Жаңашар ауылдық округінің

жетекші маманы.

Published in Мақалалар

Отбасы – жарастық орнаған кішкентай Отан. Бұлай дейтініміз, сыйластығы асқан, берекесі тасқан әулеттің шаңырағында шаттық әні шарықтайды. Осындай мерекелі де берекелі ошақтан Отан құралады. Бұл қоғам шындығы. Міне, осынау қасиетті құндылықтарды жас отбасыларға насихаттау, саламатты өмір салтын ұстануға, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұғындыру мақсатында аудандық жас отбасылар байқауы өтті жақында. «Толағай» деп айдар таққан байқауға аудан бойынша 8 жас жанұялар қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің және «Алтын адам» туризм орталығының қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау өзіндік тартысқа толы болды.

Ашылу салтанатында туризм орталығының директоры Мұрат Ақаев, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев сөз сөйледі. Отбасылық береке-бірлікті сақтау, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – бұл Отанының өркендеуіне қосар әр әулеттің зор үлесі екенін айтты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы – әр отбасының таныстыруы, екінші – спорттық сайыс, ал үшінші кезең – білім бәсекесі.

Қызы мен анасы, ұлы мен әкесі өзара байланыс орнатып, сол арқылы бірлік бесігінде тербелген жас отбасылар әр кезеңде әлінше шапты. Әйткенмен, жарыс бар жерде жеңіс бар. Қорытынды сөз сөйлеген «Еңбекшіқазақ» газеті редакторы-ның орынбасары, «Мәңгілік Ел тұ-ғыры» қоғамдық қорының төрағасы Қайнар Жұмағожа:

– «Отан – отбасынан бас-талады» дейді халықта. Расымен, ертеңгі елінің елеулі, халқы-ның қалаулы азаматтары мен азаматшаларының бәрі бір-бір отбасында тәрбие-ленуде. «Әке көрген оқ жонар» демекші, ұлдарымыз әкелерінен, аталарынан үлгі алып үкілеген үміттерін ақтап жатса, қызғалдақтай қыздарымыз «шешесінен көріп, тон пішсе» – бұл тек бір отбасының ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің мерейі емес пе?!  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жастарға, жас отбасыларға ерекше көңіл бөліп, олардың қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр. Саламатты өмір салтын ұстанған ата-ана ұрпағын да дені сау, жаман әдеттен аулақ етіп тәрбиелейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық осындайда айтылса керек. Сондықтан, отбасылық тәрбиеде бәрі сөзбен емес, іспен дәлелденуі ләзім, – деп ой түйді.

Сонымен, кезек марапаттау сәтіне келді. Нәтижесінде, Балтабай округінен келген Сыдықовтар отбасы жүлделі үшінші орын еншілеп, арнайы диплом мен DVD аппаратын алса, екінші орын және оған тігілген музыкалық аппарат шелектік Серікбаевтар отбасының қанжығасына байланды. Есік қаласынан қа-тысқан отбасы жеңімпаз деп танылды. Өздерін «Алтын адам» деп таныстырған отбасына арнайы диплом мен түрлі-түсті теледидар табыс-талды ұйымдастырушылар тарапынан. Енді бірінші орын иегері облыстық жас отбасылар байқауында аудан намысын арқалайтын болады.

 

А.НҰҒМАН.

Published in Спорт

Қыранның көзі қиядағаны көреді, – дейді қазақ. Иә, сонау шақырымнан артық биікте қалықтап жүріп ақ жердегі қыбыр еткен тышққаннан бастап, қоян-түлкі және азулы жыртқыш қасқырды да қалт жібермейді. Mezet.kz желілік басылымының тұрақты оқырманы және видео авторы Жұман Мықыбаев Асы жайлауының төсінде жолдастарымен демалыс сәтінде тас төбеде қалықтап жердегі жемтігін барлап жүрген бүркітті көріп бір түйір ет тағамын жоғары лақтырып қыран құсқа ұсынса, шүйлігіп келіп тағамды жерге түсірмей іліп әкеткен  сәтін бейнероликке түсіріп алған екен. Бұл да өмірдің таңғажайып бір сәті.

Х.Қасымұлы

 

Published in Фотоэтюдтер
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет