Жұма, 06 Қаңтар 2017 14:25

Ерлік кездейсоқ болмайды

1986 жылдың 26 сәуірі түні Чернобыль атом электр станциясының 4-энергоблогында болған апат салдарынан радиоактивті қалдықтардан түзілген бұлт 7,1 млн. адам тұратын 155 мың шаршы шақырым аумақты жайлап, радиациялық ластануға алып келген-ді. Сол жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды дегенмен, сол аумақты жайлаған қасірет кеселінен арыту, қоршаған ортаны тазарту жұмыстары, яғни апаттың залал-зардаптарын жою 2005 жылға дейін жалғасты.

 

Апат зардаптарын жоюға қатысқан 31720 қазақстандықтың қазір көзі тірісі – 6200 адам ғана. Осы қайғылы оқиғаның зардаптарын жоюға жіберілген жерлестеріміз ең қатерлі жұмыстарды атқарған. Мылтықсыз майданда көзге көрінбейтін «жаумен» шайқасқандардың ішінде жаңашаруалық Есхат Қайырбаев та бар еді. Ол Отан алдындағы борышын өтеп жүргенде Чернобыль АЭС апаты болған жерге жіберілген үш батальонның біріншісінің құрамында болып, тура «тажал апанының» өзінде күзету міндетін атқарған. Житомитр қаласына жақын жолдағы патрульдық бақылау постында болған. Тапсырма – залалданған аймақты тазарту, тәртіпті қадағалау. Бір жарым жыл сол аймақта «ертегілер» елінде қатермен күресті. Сиқырланған жердің суын ішуге, жеміс-жидегін жеуге болмайды. Өзен, көлдегі балығының өзі «алып» алмасы кеседей қызара пісіп, «мені же» дегендей өзіне еріксіз арбайды. Суын ішіп, жемісін жесең, әп-сәтте құбыжыққа айналдым дей бер. Ауасымен де дем ала алмайсың. Тыныс алуға арналған арнайы аппарат киіп жүруің керек.

– Менімен бірге Толқын ауылының Айдарбек деген жігіті қызмет етті. Сол жерде жүргенде-ақ талма ауруына шалдықты, кейін естідім қайтыс болыпты. Ал Асысаға ауылының Мұхтар Бейсенов деген азаматы да жүйке ауруына шалдығып, өз-өзіне қол жұмсап, өмірден озды, азаматтық борышын өтеп келгеніне бір жыл толмай жатып. Сонымен бірге, Тескенсу ауылының екі азаматы – Олег Докаев пен Талғат Боғаров та қайтыс болды... Шелек өңірінен АЭС апатының зардабын жоюға барған азаматтар көп. Қаражотадан Қайрат Ибадиев, Ащысайдан Дәулет Сариков, Сәбит Мұқанов, лаварлық Қайрат Төтебаев, Достықтан Вильям Ошамов, Қазақстаннан Әуез Сүлейменов, Тескенсудан Нұрлан Абдубатыров, қазіргі Бижанов ауылынан Нұрсұлтан Зардиновтар да атом апатымен алысқан азаматтар. Мен де сол жақта денсаулығым сыр беріп, Алтай аймағындағы Бийск қаласындағы госпитальда жатып емделдім. Ағзаға енген радияция салдарынан бас, іш құрылыс, жүйке аурулары мазалап, әскери қызметім аяқталмай жатып, ауылға қайттым. Содан жергілікті ауруханаға қаралып,ақыры 2004 жылы екінші топтағы мүгедек болып, Құдайға шүкір, өмір сүріп келемін, – деп әңгімесін аяқтады Есхат.

Ерлік кездейсоқ болмайды. Алапат сол апаттың орын алғанына да міне – 30 жыл. Ресми мәліметтерге қарағанда, Чернобыль апатынан бүгінде қатерлі ісік ауруына шалдығып, қаза болғандардың саны шамамен 9 мыңға жетеді. Мұндай өлім-жітім еліміздегі чернобыльдық ардагерлерді де айналып өткен жоқ. Бүгінде медициналық көмекке зәру болған олардың басым көпшілігі айықпас дертке шалдыққан. Оның үстіне 5 жылда бір-ақ рет емделуге квота алуға мүмкіндігі бар ардагерлер соңғы 10 жылда күрт азайып кеткен. Қауіпті аймақта болып, адам өміріне төнген қасіретпен тікелей алысқан ержүрек азаматтарға лайықты қызмет көрсету – мемлекеттік міндет. 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 2607 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Соғыстан жеңіске дейін Ерлік кездейсоқ болмайды »

Соңғы жаңалықтар

Нау 18, 2024

Құрылтай

Кешегі Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомат Тоқаев күн…
Нау 14, 2024

Түйінді түйіткілдер оң шешімін…

Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн…
Нау 07, 2024

Аудан әкімінің міндетін атқарушы …

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні…
Ақп 22, 2024

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан…
Ақп 22, 2024

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Есік қаласында ауқымды…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.…
Ақп 21, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…

Күнтiзбе

« Наурыз 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет