Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2019 09:45

Періштелер әңгімесі

Екі періштенің әңгімесінен. Үлкені қоластындағы періштеге: – Айт! Бір ауыз сөзбен жеткіз бәрін! – Аман-есен. Жұмысқа барып жүр. Әлденеден үміті бар. – Неден? – Айту қиын. Екі рет оған керемет түс көрсеттім, бірақ байқамайды. Жұмыстан шаршайтынын айтады. – Ал жұмысында не жағдай? – Әдеттегідей. Басшылық. Қарбалас. Қаңқу сөз. – Басшылық қатал ма? – Айтарлықтай ештеңесі жоқ. Өзге басшылар сияқты-ақ. Неге екені, ол өлердей қорқады... – Қорқынышын сейілтіп көрдің бе? – Әрине. Кеңсеге барар жолда-ақ байқап көрдім. Тіпті аспанындағы бұлтты сейілтіп, күннің көзін көруіне бар жағдайды жасап бақтым. – Әтірінің иісі-ақ алыстан елітіп әкетер бейтаныс сұлумен таныстырып көрмедің бе? – Олай…
Сәрсенбі, 18 Желтоқсан 2019 14:33

Тәуелсіздік жырлары

Біз қазақтың баласы Күн күлімдеп көгімде Арайлап атқан таңым бар, Досына ашық құшағы Дұшпанға берік қамалы Бойымда қызу қаным бар, Таптатқызбай намысын Қорғайтын ата Заңым бар! Қалып қойды мәңгі тарих бетінде, Тәуелсіз жыл тайға таңба басқандай. Желтоқсанның Қайрат, Ләззат, Ерболы, Қарсы шықтың елің үшін жасқанбай. Жаны жомарт кең қолтық, Біз қазақтың баласы. Сара жолды сап берген, Нұрсұлтандай данасы. Ақыл ойлы кемелді, Таразыны тең басып, Мойындатқан әлемді, Мақтанышым Елбасым. Айман МҰҚАНОВА, Тескенсу ауылы әйелдер кеңесінің мүшесі Бейбіт күнді қадір тұт! Тарих бетін дәріптер. Ұлт тағдыры – ұлық дүние, Тәуелсіздік – қол жеткізген, Тәу етер ол жалғыз кие! Ұрпағына аманат, Соны түсін,…
Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:39

Жас талант Аяланың шығармашылығынан

Бастауышпен қоштасу Біз мектеп табалдырығын аттағалы да зулап төрт жыл өте шығыпты. Ең алғаш мектепке келгенім, өз сыныбыма қалай кіргенім, қымсына келіп партаға қалай отырғаным, бəрі көрген түстей есімде. Апайымыз бізге өзін таныстырып жатып, əрқайсымызға ойлы көзбен қарағаны да есімнен кетпейді. Балалықтың қызығымен шуласып жүріп төрт жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалыппыз. Енді, міне ересектер қатарына да ілініп қалдық. Мектебімізге, сынып жетекшімізге алғысымыз шексіз. Мұғалімнің зор еңбегінің арқасында əріп танып, өз бетімізше едәуір шығарма жаза алатындай дәрежеге жеттік. Бұдан былай сабағымызды жақсы оқып, мектебімізді үздік бітіруге барынша аянбай кірісетін боламыз. Болашақта білікті маман болып, еліміздің бақытты келешегі үшін өз…
Сәрсенбі, 15 Мамыр 2019 10:20

Түнгі шайқас

Сұрапыл соғыс та бітті. Бірақ көптеген боздақтар майдан даласында қалды. Қайтып келгендер – көбісі жаралы не жарымжан болғандар. Соғыстан бұрын туған балалардың әлі де болса буыны бекіп, қабырғасы қатпаған кез. Соғыстан кейін де ондаған жылдар бойы жұмыстың ауырын әйелдер атқарды. Қақаған аяз, ақтүтек борандарда шиеттей бала-шағаларын асырау қамында шұрық тесік қоралардағы қойды қасқырға бермей, аяулы аналар жанқиярлық еңбек етіп жатты. 1949 жыл. Қаңтардың сақылдаған аязы бет қаратар емес. Қарашеңгел бөлімшесінің екі отар қойы бір жерде қыстап отыр. Қоспа қораның бір жағы бір көзінен айырылып, жамбасына оқ тиіп, бір санын сүйретіп келген аға шопан Құрымбаев Жақашбайдікі. Қақаған аязда жарықшақ қалған жамбасы…
Сәрсенбі, 08 Мамыр 2019 16:32

Қайғымен өтті өмірім...

Ағамның қолжазбаларының іші-нен соғыста қаза болған екі баласын Қалитайын, Уәлиін, ауырып қайтыс болған Әнуәрін жоқтаған Иләй апамыздың атынан жазылған осы өлеңді тауып алдым. Өмірде не қайталанбайды. Өзіміз күнде естіп жүрген Алтынбек Қоразбаевтың әйгілі «Қара кемпір» әнінің кейіпкері тура осы Иләй апамыз ба дерсің. Бір-ақ айырмашылығы Иләй апа аққұба ашық өңді ақжарқын адам еді... Қайран күн қайғыменен барады өтіп, Ағарып шаш та қалды, жас та жетіп. Сексенге келді жасым - әлі жоқсың, Соғысқа екі бірдей бала кетіп. Қалитай асыл жанды кім білмеген? Жас болып өз бетімен бір жүрмеген. Бас қосқан ойын-сауық әзіл сөзде Құрбы жоқ сені ол күнде еш күндеген. Жарың…
Дүйсенбі, 06 Мамыр 2019 15:02

Мен ғашықпын жігітіне қазақтың

Сендей ұл бар бақытты қазақ қандай, Селк етпейтін күтсе де азап қандай. Түр-тұлғаң мен сымбатың жарасып тұр, Батырыма күллі әлем қызыққандай. Жүрегіңде бүр жарып ашылғанмын, Сәл жымисаң шуақ боп шашылғанмын. Еркелетер ер жүрек ерлерім бар, Мен Тәуелсіз, қазақтай асылданмын. Нәзік жаным өзіңмен егіздейін, Қазық қызы бұл қайткенің, – дегізбейін. Арысымды мен іштей ұнатсам да, Жатқа жар сап, сезімді сездірмейін. Мен дербеспін, алдан туып ғажап күн, Алып берген алашыма азат күн. Қорғаны мен мақтаны бар елімнің, Мен ғашықпын жігітіне қазақтың! Еркежан ҚУАНЫШ.
«Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары, Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауына жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» – деп жазған еді ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында. Елбасының терең ойы тұрғысынан қарағанда жоғарыда аталған төрт алыптың айналасындағы айтулы ақын-жазушыларымыз, өнер адамдары ұлттық рухымыздың сақталуына, жаңғыруына өз үлестерін қосқан танымал тұлғалар. Бүгінгі жас өскіндер аға буын өкілдері Мұқағали мақатаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза-Әлі есімдерін танып-білуі күмәнсіз. Ән-жыр, музыкалық шығармалар арқылы да ұлттық кодты келер ұрпақтар жадында жаңғырта аламыз. Осы қатарда, жиырмасыншы ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары қазақтың ақындары қатарына өзінің «Студент дәптерімен» бұза-жара кіріп, ұлттық поэзиямыздың…
Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 12:07

Мен білетін Мұқағали

Өнер әлемі өзінше бір өмір. Ондағы айналаға көзқарас, өзара достық шынайы өмірден өзгеше. Тіпті, бөлек десек те жалған айтпаспыз. Бұған ақиық ақын Мұқағали мен «Тянь-Шаньның диюы» атанған Еркін Ібітанов арасындағы шынайы достық, ағалы-інілі сыйластық дәлел. Жақында Еркін ағамыздың ұлы Ерлан Ібітанов сиясы кеппеген, жарыққа шықпаған «Мен білетін Мұқағали» деген әкесінің жазған дастанын әкелді. Онда Қарасаздың қос құлынының басынан өткен елеулі жәйттер, жыр шумақтардың уысына ұстатпаған өрелі ойлар әңгімеленген. Әттеген-айы, түйіндеуге автордың тағдыры мұрсат бермеді. «Хантәңірі қайдасың?» деген Еркіннің ағасын аңсап жазған өлеңі де қазақ поэзиясының қайталанбас туындысы боп қалғанын да көпшілік біледі. Хантәңірі мұзбалағының туғанына 85 жыл толуына орай оқырманға…
Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2015 13:25

Құт болсын жаңа жыл!

Әкелсін береке, Жаңа жыл халқыма. Ынтымақ, бірлігің, Түспесін талқыға. Алаш ұл еліңді, Қорғай біл жеріңді. Жолдауын данаңның, Қолдайық бәріміз Жасымыз, кәріміз.
Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2015 14:39

Азаттық таңы атты аңсаған

«Қазақ ұлты үшін қастерлі ұғымға ие, мәні мен мазмұны жағынан аса жоғары бағаланған, түп тереңі шалғайда жатқан «Тәуелсіздік» сөзінің астарында сеніміне арқау болған – келешек қазақ ұрпағы үшін қаншама тарихи маңызға ие. Мыңдаған жылдар бойғы ата-бабамыздың өлшеусіз сіңірген еңбегімен қатар, осы жолда қиған өмірлері бірінің ізін бірі жалғап тарам-тарам жол болып астасып жатыр.
Copyright © 2014 Меншік иесі: ТОО "Еңбекшіқазақ" Есік қаласы, Алматы обласы № 4270-Г

 Выходные данные

Жарнама

для детей, достигших 12 лет